2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабының 2-тармағының бірінші абзацын және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 6-тармағын басшылыққа ала отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаннан кейін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.С.Саркисян Еуразиялық экономикалық одақ атынан Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары туралы ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |