2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабының 2-тармкағының 7-тармақшасына ж"не 20-тармағының 1-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақ бюджетіне үлестік жарналарының (шкаласының) мөлшерлері туралы" №79 шешімінің 1-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бірінші абзацтағы "2016 жылға арналған" деген сөздер "2020 жылға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші – алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Армения Республикасы – 1,220 пайыз;
Беларусь Республикасы – 4,560 пайыз;
Қазақстан Республикасы – 7,055 пайыз;
Қырғыз Республикасы – 1,900 пайыз;
Ресей Федерациясы – 85,265 пайыз.".
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |