Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Оларға қатысты Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған оларға қатысты кеден декларациясын беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен қоса жүретін өнімдер тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 3 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Оларға қатысты кеден декларациясын беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен қоса жүретін өнімдер ТІЗБЕСІ
Өнімнің атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Сәйкестікті бағалау туралы құжат | Ескерту | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
Уақытша орнатылатын (жылжымалы) аттракциондар мен стационарлы аттракциондар (іргетаста немесе іргетассыз құрылған): | 9508 90 000 0 | |||
RB-1 әлеуетті биомеханикалық тәуекел дәрежесі бар | сәйкестік сертификаты | |||
RB-2 және RB-3 әлеуетті биомеханикалық тәуекел дәрежесі бар | сәйкестік туралы декларация | |||
Ескерту: | 1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет. | |||
2. Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптары балалардың ойын алаңдарына арналған жабдыққа және RB-4 әлеуетті биомеханикалық тәуекел дәрежесі бар аттракциондарға, сондай-ақ аталған техникалық регламент күшіне енгенге дейін әзірленген және пайдалануға берілген аттракциондарға қолданылмайды. |