Оларға қатысты кеден декларациясын беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен қоса жүретін өнімдер тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 3 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Оларға қатысты Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған оларға қатысты кеден декларациясын беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен қоса жүретін өнімдер тізбесі бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2019 жылғы 15 қаңтардағы
№ 3 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Оларға қатысты кеден декларациясын беру Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен қоса жүретін өнімдер ТІЗБЕСІ

Өнімнің атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Сәйкестікті бағалау туралы құжат

Ескерту

1

2

3

4

Уақытша орнатылатын (жылжымалы) аттракциондар мен стационарлы аттракциондар (іргетаста немесе іргетассыз құрылған):

9508 90 000 0



RB-1 әлеуетті биомеханикалық тәуекел дәрежесі бар


сәйкестік сертификаты


RB-2 және RB-3 әлеуетті биомеханикалық тәуекел дәрежесі бар


сәйкестік туралы декларация


Ескерту:

1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да пайдалану қажет.

2. Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптары балалардың ойын алаңдарына арналған жабдыққа және RB-4 әлеуетті биомеханикалық тәуекел дәрежесі бар аттракциондарға, сондай-ақ аталған техникалық регламент күшіне енгенге дейін әзірленген және пайдалануға берілген аттракциондарға қолданылмайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады