Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Телефон қоңырауларын жасауға (қабылдауға), телефон нөмірлеріне хабарламалар жіберуге (алуға) (SIM картасының мекенжай кітабында бағдарламаланған), нақты уақыт режимінде баланың орналасқан жерін анықтауға және ата-анасының мобильді құрылғысына GPRS арнасы бойынша геодеректерді беруге, уақыт пен күнді көрсету, оятқыш, таймер және секундомер функцияларын басқаруға арналған, білекке тағылатын, GSM және Wi-Fi радиосигналдарының қабылдағыш-таратқыш модульдерімен, сенсорлық дисплеймен, жад модулі бар орталық процессормен, SIM картасына арналған слотпен, динамикпен, микрофонмен, GPS жайғастырылатын жаһандық жерсеріктік жүйесінің қабылдағышымен және аккумуляторлық батареямен жабдықталған балаларға арналған телефон сағаттары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1, 3(б) және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8517 12 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |