Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы (бұдан әрі – Комиссия) Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) (бұдан әрі – Хаттама, Шарт) 10-тармағының 3-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібінің 44 және 45-тармақтарына (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) сәйкес
2016 жылғы 23 – 6 шілде аралығы кезеңінде және 11 шілдеде "Верхний Ларс" бақылау-өткізу пунктінің (бұдан әрі - БӨП) уақытша жабылуы салдарынан Ереван – Мәскеу, Ереван – Краснодар, Ереван – Сочи, Ереван – Дондағы Ростов (екі бағытта да) бағыттары бойынша авиабилеттер құнының ұлғаюынан көрінген Шарттың 76-бабы 1-тармағының бұзылу белгілері бойынша "Аэрофлот – российские авиалинии" жария акционерлік қоғамына (ССН 7712040126, Ресей Федерациясы, 119002, Мәскеу қ., Арбат көш., 10) (бұдан әрі – "Аэрофлот" ЖАҚ), "Россия" авиакомпаниясы" акционерлік қоғамына (ССН 7810814522, Ресей Федерациясы, 196240, Санкт-Петербург қ., Пилотов көш., 18/4 үй) (бұдан әрі – "Россия" АҚ), "Донавиа" акционерлік қоғамына (ССН 6166041242, Ресей Федерациясы, 344009, Дондағы Ростов қ., Шолохов даңғ., 270б үй.) (бұдан әрі – "Донавиа" АҚ), "Сибирь" авиакомпаниясы" жария акционерлік қоғамына (ССН 5448100656, Ресей Федерациясы, 633104, Новосибирск облысы, Обь-4 қаласы) (бұдан әрі – "Сибирь" ЖАҚ) және "Уральские авиалинии" ашық акционерлік қоғамына (ССН 6608003013, Ресей Федерациясы, 620025, Екатеринбург қ., Утренний бұр. 1г) (бұдан әрі – "Уральские авиалинии" ААҚ) (бұдан әрі - іс, авиакомпаниялар) қатысты 2016 жылғы 16 наурызда қозғалған трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қарады.
Істерді қарау тәртібінің 23-тармағына сәйкес 2018 жылғы 1 маусымда Істі қарау жөніндегі комиссияның төрағасы – Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің (бұдан әрі – департамент) директоры А. Г. Сушкевич:
істі қарау жөніндегі комиссия мүшелері:
Департамент директорының орынбасары Г.Б. Арамянның;
Департамент директорының орынбасары Б.А. Исаевтың;
Департамент директорының орынбасары А.А. Қалиевтың;
Департаменттің бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау бөлімінің кеңесшісі Б. Т. Иманбектің;
Департаменттің бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау бөлімінің кеңесшісі Е. П. Кривцунның;
жауапкерлердің (олардың өкілдерінің):
2017 жылғы 30 тамыздағы № Д-389/17 сенімхат бойынша "Аэрофлот" ЖАҚ өкілі А.В. Уварованың;
2018 жылғы 16 сәуірдегі № Д-232/18 сенімхат бойынша "Россия" АҚ өкілі Е.П. Ковалеваның қатысуымен істі қараудың аяқталғаны туралы жариялады.
Хаттаманың 58-тармағына сәйкес Комиссияға 2016 жылғы 23 – 6 маусым аралығы кезеңінде және 11 шілдеде БӨП-тің уақытша жабылуы салдарынан Ереван – Мәскеу, Ереван – Краснодар, Ереван – Сочи, Ереван – Дондағы Ростов (екі бағытта да) бағыттары бойынша "Аэрофлот" ЖАҚ, "Сибирь" ЖАҚ, "Уральские авиалинии" ААҚ, "ЮТэйр" авиакомпаниясы" жария акционерлік қоғамы, "ВИМ-АВИА" авиакомпаниясы" жауапкершілігі шектеулі қоғамы, "Северный Ветер" жауапкершілігі шектеулі қоғамы ресейлік авиакомпаниялары жүзеге асыратын тұрақты рейстердің авиабилеттер құнының ұлғаюынан көрінген Шарттың 76-бабы 1-тармағының бұзылуы белгілерінің болу мүмкіндігін көрсететін Армения Республикасының Экономикалық бәсекелестікті қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының (2016 жылғы 15 шілдедегі шығыс № 9231) өтініші (бұдан әрі – өтініш) келіп түсті.
Өтінішті қарау нәтижелері, сондай-ақ 2016 жылғы 23 маусым - 6 шілде аралығы кезеңінде және 11 шілдеде БӨП уақытша жабылуы салдарынан тұрақты рейстер авиабилеттері құнының ұлғаюынан көрінген Шарттың 76-бабы 1-тармағының бұзылуының ықтимал белгілерінің болуына байланысты авиакомпаниялардан Комиссияның сұрау салуы бойынша алынған ақпарат бойынша Комиссия Хаттамаға, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 97 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібіне (бұдан әрі – Өтініштерді қарау тәртібі), Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 98 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне (бұдан әрі – Тергеп-тексеру жүргізу тәртібі) және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 112 шешімінің 1-тармағына сәйкес және солардың негізінде 2016 жылғы 19 қыркүйекте трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу туралы ұйғарым шығарды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру және (немесе) жүргізу құзыретіне кіретін уәкілетті органдары (Армения Республикасының Экономикалық бәсекелестікті қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы, Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Монополияға қарсы реттеу мемлекеттік агенттігі, Федералдық монополияға қарсы қызмет) Комиссияға Өтініштерді қарау тәртібінің 13-тармағына сәйкес трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу кезінде Комиссиямен өзара іс-қимылға жауапты қызметкерлердің кандидатуралары туралы ұсыныстар берді.
Тергеп-тексеру жүргізу тәртібінің 6-тармағына сәйкес трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылу белгілерінің болуы туралы немесе болмауы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жеткіліксіздігіне, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы 2016 жылғы 13 желтоқсандағы ұйғарымға байланысты Комиссия трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру (бұдан әрі – тергеп-тексеру) жүргізу мерзімдерін 60 жұмыс күніне ұзартты.
Хаттамаға, Тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 7 шешімімен бекітілген Бәсекелестіктің мән-жайын бағалау әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес және солардың негізінде тергеп-тексеру барысында Департамент жеке және заңды тұлғалардан, мүше мемлекеттердің органдарынан тексеру жүргізу үшін қажетті, Өтініште баяндалған фактілер бойынша қолда бар құжаттар, мәліметтер туралы, оның ішінде 2015 жылдан бастап 2017 жылды қоса алғандағы кезең үшін, оның ішінде жеке 2016 жылғы 23 маусым - 6 шілде аралығы кезеңінде және 11 шілдеде БӨП уақытша жабылу кезеңі үшін бір мүше мемлекеттен екінші мүше мемлекетке ұшатын бағыттарда әуе көлігімен халықаралық жолаушылар тасымалы көрсетілетін қызметтердің құнын қалыптастыру тәртібі туралы ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді, түсіндірмелерді, оның ішінде құпияларын жазбаша нысанда сұратты.
Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша және тергеп-тексеру шеңберінде дайындалған жолаушыларды әуе көлігімен халықаралық әуе тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтердің трансшекаралық тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау нәтижелері туралы талдамалық есептің негізінде Комиссия 2015 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап 2016 жылдың шілдесі аралығы кезеңінде жөнелту пункттері мен межелі пункттер арасында әуе (авиациялық) көлігімен жолаушыларды халықаралық тасымалдау көрсетілетін қызметтері мынадай белгіленген тұрақты бағыттар бойынша жүзеге асырылды деп анықтады:
Ереван – Мәскеу (екі бағытта да), мұнда үстем жағдайға ие шаруашылық субъектілері – нарықтағы жиынтық үлесі кемінде 50 пайызды құрайтын "Аэрофлот" ЖАҚ және "Сибирь" ЖАҚ анықталды;
Ереван – Сочи (екі бағытта да), мұнда үстем жағдайға ие шаруашылық субъектілері – нарықтағы жиынтық үлесі кемінде 50 пайызды құрайтын "Россия" авиакомпаниясы" АҚ және "Донавиа" АҚ анықталды;
Ереван – Краснодар (екі бағытта да), мұнда үстем жағдайға ие шаруашылық субъектілері – нарықтағы жиынтық үлесі кемінде 50 пайызды құрайтын "Уральские авиалинии" ААҚ және "Донавиа" АҚ анықталды;
Ереван – Дондағы Ростов (екі бағытта да), мұнда үстем жағдайға ие шаруашылық субъектілері – нарықтағы жиынтық үлесі кемінде 50 пайызды құрайтын "Уральские авиалинии" ААҚ және "Донавиа" АҚ анықталды.
Әдістеменің 11 - 22-тармақтарына сәйкес Ереван – Мәскеу, Ереван – Краснодар, Ереван – Сочи, Ереван – Дондағы Ростов (екі бағытта да) бағыттары бойынша тауар нарықтарының өнімдік шекараларын белгілеу кезінде өзара алмастырылатын тауарлар анықталған жоқ.
Тауар нарықтарының географиялық шекаралары Армения Республикасы мен Ресей Федерациясының жөнелту пункттері мен межелі пункттері арасында Ереван – Мәскеу, Ереван – Краснодар, Ереван – Сочи, Ереван – Дондағы Ростов (екі бағытта да) бағыттарымен анықталған. Нарықтар екі мүше мемлекеттің аумағын қамтитындықтан трансшекаралық болып табылады.
Тергеп-тексеру барысында авиатасымалдаушылар ұсынған ақпарат негізінде аталған бағыттар бойынша авиатасымалдаушылар авиабилеттерінің орташа құнының серпініне талдау жүргізілді, ол БӨП уақытша жабылуы кезеңінде (2016 жылғы 23 маусым - 6 шілде аралығы және 11 шілде) кейбір бағыттар бойынша авиабилеттердің орташа құнының ұлғайғанын көрсетті. Ереван – Краснодар және Ереван – Дондағы Ростов бағыттары бойынша (екі бағытта да) БӨП жабылғанға дейінгі кезеңде және ол ашылғаннан кейінгі (2016 ж. 12 шілдеден бастап) авиабилеттердің орташа құны авиабилетті ұшудан 2 күн бұрын сатып алған кезде 6-10 мың рубль шегінде болған, ал БӨП жабылған кезеңде (2016 ж. 23 маусым - 11 шілде аралығы) авиабилеттердің орташа құны 25 мың рубльге жеткен.
Әуе компанияларының іс-қимылдарында ("Аэрофлот" ЖАҚ, "Россия" АҚ) "Донавиа" АҚ, "Сибирь" ЖАҚ, "Уральские авиалинии" ААҚ) БӨП жабылу кезеңінде (2016 жылғы 23 маусым - 6 шілде аралығында және 11 шілдеде) авиабилеттер құнының ұлғаюынан көрінген Шарттың 76-бабының 1-тармағын бұзу белгілерінің болуына байланысты жүргізілген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Хаттамаға, Тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне және Істерді қарау тәртібіне сәйкес және солардың негізінде Комиссия 2017 жылғы 16 наурыздағы бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы істі қозғау және қарау туралы ұйғарыммен іс қозғады және істі қарау бойынша комиссия құрды.
Авиабилеттерге баға қалыптастыру тәртібін зерттеу мақсатында Армения Республикасының Экономикалық бәсекелестікті қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссиясына және Федералдық монополияға қарсы қызметке жекелеген процестік әрекеттер жүргізу туралы, атап айтқанда, авиабилеттерді брондау жүйелерін, оның ішінде авиакомпаниялар берген (белгілеген) жұмыс қағидаларын (параметрлерін) зерттеу нысанасына сараптама жүргізу туралы дәлелді ұсыныстар жіберілді. Осыған байланысты Істерді қарау тәртібіне сәйкес және соның негізінде 2017 жылғы 22 наурыздағы ұйғарыммен істі қарау тоқтатылды.
Армения Республикасының Экономикалық бәсекелестікті қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы броньдау жүйелері туралы тиісті ақпараты жоқ болғандықтан сараптама жүргізу мүмкіндігінің жоқ екендігі туралы 2017 жылғы 4 тамызда хабарлады.
Федералдық монополияға қарсы қызмет ұсынған ақпаратқа сәйкес авиакомпаниялар 2016 жылғы 23 маусым - 6 шілде аралығы кезеңінде және 11 шілдеде қолданатын тарифтер БӨП жабылғанға дейін де, ол ашылғаннан кейін де басқа күндері де қолданылған. Тарифтердің кіші сыныптарын қолдану үшін кірістілікті басқарудың бағдарламалық өнімдері пайдаланылады. Кірістілікті басқарудың компьютерлік жүйелері авиакомпанияның тарифін есептеуді немесе өзгертуді жүргізбейді, деректерді жинау, талдау, сұраныс пен ұсынысты болжау функцияларын орындайды. Авиакомпаниялар жеке алынған бағыттағы өзіндік құнына байланысты тарифтерді есептеуді жүргізбейді. Авиатасымалдау бағасының құрылымы сұраныс, ағымдағы жүктеме көрсеткіштері, тарихи деректер, бәсекелестер тарифтерінің деңгейі, тасымалдау сыйымдылығы және өзге де факторлар сияқты нарықтық жағдайлармен ғана айқындалады.
2018 жылғы 29 қаңтардағы ұйғарыммен істі қарау оны тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлардың жойылуына байланысты қайта басталды.
Істі қарау тәртібіне сәйкес оны қарауға қатысатын адамдар тыңдалды (2018 жылғы 14 ақпан, 6 наурыз, 17 сәуір, 15 мамыр, 25 мамыр және 1 маусым), келіп түскен өтінішхаттар қаралып, талқыланды және олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды, ол істі қарау жөніндегі комиссия отырысының хаттамаларында көрсетілді, дәлелдемелер зерттелді, іске қатысушы басқа адамдар ұсынған дәлелдемелерге қатысты істі қарауға қатысушы адамдардың пікірлері мен түсініктемелері тыңдалды.
"Аэрофлот" ЖАҚ ақпаратына және авиакомпания өкілінің істі қарау барысында берген түсініктемесіне сәйкес "Аэрофлот" ЖАҚ Мәскеу – Ереван бағыты бойынша (екі бағытта да) тасымалдауды жүзеге асырады. Сочи – Ереван бағыты бойынша (екі бағытта да) жолаушыларды тасымалдауды "Россия" АҚ орындап жатыр. Бұл ретте "Аэрофлот" ЖАҚ пен "Россия" АҚ 2014 жылғы 26 наурыздағы код-шеринг келісімін жасасты, оған сәйкес "Аэрофлот" ЖАҚ кодымен тұрақты рейстерді бірлесіп орындау туралы уағдаласты. Бұдан басқа, Мәскеу – Ереван бағыты бойынша (екі бағытта да) жарияланған тарифтердің деңгейі 2016 жылғы маусым – шілде кезеңінде өскен жоқ (Комиссияға 2018 жылғы 6 наурыздағы № 902-471 хат).
Істерді қарау тәртібіне сәйкес іс бойынша дәлелдемелерді зерттеуден, істі қарауға қатысушы адамдардың пікірін баяндаудан, зерттелетін мән-жайлар туралы мәліметтері бар адамдардан сұрау жүргізілгеннен кейін:
іс бойынша Ростов облысы Төрелік сотының 2017 жылғы 10 тамыздағы № А53-564/2017 шешіміне сәйкес "Донавиа" АҚ банкрот деп танылды және 2016 жылғы 27 наурыздан бастап авиатасымалдарды жүзеге асыруды тоқтатты, яғни ықтимал бұзушылық кезеңінде Армения Республикасы мен Ресей Федерациясының межелі пункттері арасында халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асырмаған;
Ереван – Мәскеу, Ереван – Краснодар, Ереван – Дондағы Ростов (екі бағытта да) бағыттары бойынша тауар нарықтарында 2015 жылғы екінші жарты жылдық - 2016 жылғы шілде аралығы кезеңінде "Уральские авиалинии" ААҚ үлесі әрбір тауар нарығында жалпы көлемнің 15 пайызынан кем болған, бұл оған нарықтағы тауар айналымының жалпы шарттарына шешуші ықпал етуге немесе нарықтың басқа қатысушыларын шеттетуге немесе осы тауар нарығына кіруді қиындатуға мүмкіндік бермеген, яғни "Уральские авиалинии" ААҚ басым үстем жағдайға ие болмаған;
авиакомпаниялар тарифтердің ішкі сыныптарын тиімді қолдану үшін кірістілікті басқарудың бағдарламалық өнімдерін пайдаланады. Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 155 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды тұрақты әуе тасымалдарына арналған тарифтерді қалыптастыру және қолдану, азаматтық авиация саласында алымдар алу қағидаларына сәйкес авиакомпаниялар бірнеше кіші сыныптарды анықтауға болатын тарифтер топтарын дербес белгілейді. Жолаушылар тарифіне Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің 2007 жылғы 28 маусымдағы бұйрығымен бекітілген "Жолаушыларды, багажды, жүктерді әуемен тасымалдаудың жалпы қағидалары және жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге, жүк алушыларға қызмет көрсетуге қойылатын талаптар" Федералдық авиациялық қағидаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Ресей Федерациясының халықаралық шарттарына, ұшып шығу, межелі және транзит елінің заңнамасына және тасымалдаушының қағидаларына сәйкес 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға жеңілдік бере отырып, жолаушыны, багажды тегін алып жүру нормасы шегінде оның багажын тасымалдауды қамтамасыз етуге және орындауға, брондауға, есеп айырысуды ресімдеуге, тасымалдау құжаттарын ресімдеуге (брондауды жою, қайтару үшін тиесілі сомалардың есеп-қисабын жүзеге асыру, соманы қайтаруды ресімдеу жөніндегі операциялар және жолаушыны әуемен тасымалдау шартының талаптарын өзгерту жөніндегі операциялар үшін төлемді қоспағанда), жолаушыға қызмет көрсетуге, әуежайларда, әуе кемесінің бортында багажды тегін алып жүру нормасы шегінде оның багажын өңдеуге байланысты, рейстер кешіктірілген, рейстер тоқтатылған, тасымалдау бағыты өзгертілген кездегі өзге де шығыстар енгізіледі. Армения Республикасынан Ресей Федерациясына (және кері бағытта) халықаралық авиациялық жолаушылар тасымалдау билеттерінің құнын қалыптастыру кезінде авиакомпаниялар үшінші елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) зияткерлік меншік объектілері болып табылатын бағдарламалық өнімдерді пайдаланады. Мұндай бағдарламалық өнімдерге - үшінші елдердің зияткерлік меншік объектілеріне:
Sabre AirVision Market Intelligence – кірістілікті басқару;
airRM revenue management systems – кірістілікті басқару;
PROS RMS – кірістілікті басқару;
Fare Manager – өз тарифтері мен бәсекелестер тарифтерінің деректер банкі;
Infare – сатуға қолжетімді тарифтер нысанасына бәсекелестердің мониторингі жатады.
Кірістілікті басқару бағдарламаларынан басқа сату және брондау, орындар ресурстарын бөлу, билеттерді электрондық тіркеу, багажды тіркеу және т. б. үшін бағдарламалар пайдаланылады. Бағдарламалар өзара байланыста жұмыс істейді және деректерді өзара автоматты түрде береді.
Кірістілікті басқару бағдарламаларында креслолар ресурсын таңдап алынған рейстерге тарифтік сыныптар бойынша бөлу, бағытқа байланысты олардың құны және т. б. көзделген. Тарифтер топтарында кіші сыныптарды ашуды кірістілікті басқару бағдарламалары автоматты түрде жүзеге асырады, ал нақты деректер тарихи деректерден ауытқыған жағдайда деректерді қолмен жазу режимінде түзету мүмкін болады.
Аталған бағыттар бойынша авиабилеттер құнының өсуіне алып келген (алып келуі мүмкін) 2016 жылғы 23 маусым - 6 шілде аралығы кезеңінде және 11 шілдеде авиакомпаниялардың тарифтік кіші сыныптарды қолдануын қолмен түзету дәлелдері анықталмады, бұзу фактісін авиатасымалдаушылар мойындамады. БӨП уақытша жабылған кезеңде (2016 жылғы 23 маусым - 6 шілде аралығы және 11 шілде) кейбір бағыттар бойынша авиабилеттердің орташа құнының тергеп-тексеру шеңберінде белгіленген ұлғаю серпіні бағдарламалық өнімдерде пайдаланылатын деректерді қолдану алгоритмімен айқындалады.
Осы айтылғандарды ескере отырып, Комиссия "Аэрофлот" ЖАҚ, "Россия" АҚ, "Донавиа" АҚ, "Сибирь" ЖАҚ және "Уральские авиалинии" ААҚ әрекеттерінде 2016 жылғы 23 маусым - 6 шілде аралығы кезеңінде және 11 шілдеде БӨП-тің уақытша жабылуы салдарынан Ереван – Мәскеу, Ереван – Краснодар, Ереван – Сочи, Ереван – Дондағы Ростов (екі бағытта да) бағыттары бойынша авиабилет құнының ұлғаюынан көрінген Шарттың 76-бабының 1-тармағын бұзушылықтың болмағаны туралы тұжырымға келді.
Хаттаманың 10-тармағының 3-тармақшасын, Істерді қарау тәртібінің 44-тармағын және 46-тармағының 1-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Комиссия Алқасы шешті:
1. "Аэрофлот" ЖАҚ, "Россия" АҚ, "Донавиа" АҚ, "Сибирь" ЖАҚ және "Уральские авиалинии" ААҚ әрекеттерінде трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтың болмауына байланысты олардың Шарттың 76-бабының 1-тармағын бұзуы туралы істі қарау тоқтатылсын.
2. Осы Шешімге белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына шағым жасауға болады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |