Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ереженің 2-тармағының "в" тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 41 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 004/2011) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен бірге жүретін өнімдердің тізбесін бекіту туралы" 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 91 шешімінде:
а) атауы және 1-тармақ "құжатты" деген сөзден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен толықтырылсын;
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген Кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 004/2011) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен бірге жүретін өнімдердің тізбесінде:
атауы "құжатты" деген сөзден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен толықтырылсын:
1-тармақта:
14-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) аквариум және бау-бақ су айдындары үшін: | |
жарықтандыру жабдықтары (шамдар) |
9405 40 100 2 |
16-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: | |
"16) жарық жабдықтары және жарық көздері: | |
электр (жалпы мақсаттағы қыздыру, шағын люминесценттік, жарықдиодты) шамдары |
8539 21 920 0 |
жалпы мақсаттағы шырағдандар |
9405 10 210 9 |
топыраққа тереңдетіле орнатылатын шырағдандар |
9405 40 100 2 |
прожекторлар |
9405 40 100 2 |
тұрмыстық, оның ішінде шыршаға арналған жарық гирляндалар |
9405 30 000 1 |
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі" техникалық регламентінің (КО ТР 020/2011) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен бірге жүретін өнімдердің тізбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 2 шешімінде:
а) атауы және 1-тармақ "құжатты" деген сөзден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен толықтырылсын;
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген Кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі" техникалық регламентінің (КО ТР 020/2011) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен бірге жүретін өнімдердің тізбесінде:
атауы "құжатты" деген сөзден кейін "(сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді)" деген сөздермен толықтырылсын:
1-тармақта:
15-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) жарық жабдықтары: | |
шағын люминесценттік, жарықдиодты электр шамдары | 8539 31 |
жалпы мақсаттағы шырағдандар |
9405 10 210 9 |
аквариумдарға арналған шырағдандар |
9405 40 100 2 |
топыраққа тереңдетіле орнатылатын шырағдандар |
9405 40 100 2 |
прожекторлар |
9405 40 100 2 |
тұрмыстық, оның ішінде шыршаға арналған жарық гирляндалар |
9405 30 000 1 |