Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Аралас немесе қоспасыз өнімнен тұратын, белсенді компоненттер ретінде кез келген затты (антибиотиктерден немесе олардан жасалған өнімдерден, гормондардан, алкалоидтардан немесе олардан жасалған өнімдерден басқа) қамтитын және қосалқы компонеттер ретінде витаминдерді немесе Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2936 тауар позициясындағы басқа да өнімдерді қамтитын, дозаланған дәрілік нысандар түрінде немесе бөлшек сауда үшін нысандарға немесе қаптамаларға өлшеніп буып-түйілген, әртүрлі этиология ауруларын емдеу үшін немесе алдын-алу мақсаттары үшін қолданылатын препараттар сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3004 50 000 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |