Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 71 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Тауарларды өткізу ерекшеліктерінің сыныптауышы (2-қосымша) 138 кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"139 | Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 161-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес осындай кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталуы болжанатын кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарлар". |
2. Тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктерінің сыныптауышында (6-қосымша):
а) ПТД коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"ПКТ | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, соның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды алдын ала кедендік декларациялау (компонентке қатысты тауарларға арналған декларация) (Ресей Федерациясы үшін) |
ППК | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, соның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды алдын ала кедендік декларациялау (соңғы компонентке қатысты тауарларға арналған декларация) (Ресей Федерациясы үшін)"; |
б) ЗПК коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"ЗКТ | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, соның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері (компоненттерді шартты түрде шығаруға өтініш) (Ресей Федерациясы үшін) |
ЗПЗ | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, соның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялау ерекшеліктері (тауарларға арналған қорытынды декларация) (Ресей Федерациясы үшін)". |
3. Кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі жеңілдіктердің сыныптауышында (7-қосымша):
а) 4.1-кіші бөлімінің 4.1.1-тармағында:
ВБ коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің валюталарына, шетел валюталарына (нумизматтық мақсатта пайдаланылатынды қоспағанда), сондай-ақ айналымға шығарылған бағалы қағаздарға қатысты кедендік операциялар үшін кедендік алымдар төлеуден босату | ВБ"; |
НС коды бар позиция алып тасталсын;
ЗМ коды бар позицияда "егер мұндай тауарларға қатысты кедендік алымдар, салықтар төлеуден толық шартты түрде босату ұсынылатын болса" деген сөздер "егер мұндай тауарлар кедендік алымдар, салықтар төлемей уақытша әкелу (рұқсат ету) кедендік рәсіміне орналастырылған болса" деген сөздермен ауыстырылсын;
СМ коды бар позиция "әкелу (рұқсат ету)" деген сөздердің алдында "кедендік баждарды, салықтарды төлеместен" деген сөздермен толықтырылсын;
КЦ коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"Оларды экспозициялау мақсатында мемлекеттік, мемлекеттік емес және муниципалды музейлер, мемлекеттік және мемлекеттік емес архивтер, кітапханалар, өзге де мәдени құндылықтардың мемлекеттік және муниципалды қоймалары уақытша әкелу (рұқсат ету) кедендік рәсіміне немесе уақытша әкету кедендік рәсіміне орналастырған және көрсетілген рәсімдердің қолданылуы аяқталған кезде тауарларды тиісінше тауарлардың реэкспорты және реимпорты кедендік рәсіміне орналастырумен мәдени құндылықтарға қатысты, сондай-ақ ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған мәдени құндылықтарға қатысты кедендік операциялар үшін кедендік алымдарды төлеуден босату | КЦ"; |
КЦ коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Ресей Федерациясына заңсыз әкелген немесе Ресей Федерациясынан заңсыз әкетілген жағдайда қайтарылатын мәдени құндылықтарға қатысты кедендік операция үшін кедендік алымдар төлеуден босату | КВ"; |
РУ коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"Авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде жойылған, қайтарымсыз жоғалған тауарларға қатысты кедендік операциялар үшін кедендік алымдар төлеуден босату | РУ"; |
ЗК коды бар позицияда "немесе реимпорт" деген сөздер алып тасталсын;
НО коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"Кедендік баждарды, салықтарды төлеместен уақытша әкелу (рұқсат ету) кедендік рәсіміне сәйкес Ресей Федерациясына әкелінетін немесе уақытша әкету кедендік рәсіміне сәйкес Ресей Федерациясынан әкетілетін оларға немесе оларды пайдалана отырып сынақтар, тексерулер, эксперименттер және (немесе) қасиеттер мен сипаттамаларын таныстыруды өткізуге арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар үшін кедендік алымдарды төлеуден босату | НО"; |
б) 4.4-кіші бөлімінің 4.4.1-тармағында:
ХТ коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"Ресей Федерациясына әкелінетін медициналық бұйымдарға қатысты ҚҚС төлеуден босату | ХТ"; |
ХС коды бар позицияда "маңызды және өмірлік қажетті медициналық техника" деген сөздер "ҚҚС төлеуден босатылатын медициналық бұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
ХО және ХК коды бар позициялар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ресей Федерерациясына әкелінетін түзеткіш көзілдіріктерге (көруді түзетуге арналған), көруді түзетуге арналған линзаларға, түзеткіш көзілдіріктерге арналған жиектемелерге (көруді түзету үшін) қатысты ҚҚС төлеуден босату | ХО |
Ресей Федерациясына әкелінетін түзетуші көзілдіріктерді (көруді түзету үшін), көруді түзетуге арналған линзаларды, түзеткіш көзілдірілктерге арналған жиектемелерді (көруді түзету үшін) өндіруге арналған шикізат пен жинақтауыш бұйымдарға қатысты ҚҚС төлеуден босату | ХК"; |
ЛС коды бар позицияда ", дәрілік субстанцияларды қоса алғанда" деген сөздер "(фармацевтикалық субстанцияларды қоса алғанда), соның ішінде дәрілік препараттарға клиникалық зерттеулер жүргізуге арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
ЛМ коды бар позицияда "медициналық мақсаттағы бұйымдар" деген сөздер "медициналық бұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Ресей Федерациясының мәдени құндылықтарды әкету және әкелу туралы заңнамасына сәйкес солардың қатарына жатқызылған жағдайда, Ресей Федерациясы Салық кодексінің 150-бабы 4-тармақшасында көрсетілмеген Ресей Федерациясына әкелінетін мәдени құндылықтарға қатысты ҚҚС төлеуден босату | КЛ". |
4. Құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышында (8-қосымша):
а) 7-бөлім 07035 кодтағы позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"07036 | Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету кезінде шарттардың сақталуын растайтын құжат ұсынылмайды |
07037 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттердің қызметтің басым түрлеріне (экономика секторларына) сәйкес инвестициялық жобалардың тізілімі бойынша инвестициялық жобаның тіркеу нөмірі (Беларус Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін)"; |
б) 8-бөлім 08014 кодты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"08015 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымының) не тәуелсіз сарапшылық ұйымының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операцияларды жүргізу нәтижесінде қалыптасқан қайта өңдеу өнімдерін шығару нормалары туралы қорытындысы |
08016 | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операцияларды жүргізу нәтижесінде қалыптасқан қайта өңдеу өнімдерін шығарудың стандартты нормаларын белгілейтін құжат"; |
в) 11-бөлімде:
11003 коды бар позиция "немесе тауарларды тауарларға арналған декларация тапсырылғанға дейін шығару туралы өтініш" деген сөздермен толықтырылсын;
11003 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"11005 | Көлік экспедициясы шарты". |
5. Алынуы кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге төлемдер түрлерінің сыныптауышында (9-қосымша):
а) 2.7-кіші бөлімде:
9090 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"Кедендік өкіл және кедендік тасымалдаушы ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңда тұлғаның міндеттерін орындауды қамтамасыз ету | 9810 |
Кедендік өкіл ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерін орындауды қамтамасыз ету және уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету | 9820"; |
9970 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"Кедендік тасымалдаушы ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерін орындауды қамтамасыз ету және уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету | 9980 |
Кедендік өкіл және кедендік тасымалдаушы ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерін орындауды қамтамасыз ету және уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету | 9990"; |
9140 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Алкогольдік өнімді таңбалау үшін этиль спиртін, алкогольдік және құрамында спирті бар өнімді өндіру және айналымы көлемін есепке алудың бірыңғай мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін сәйкестендіргішті қамтитын екітаңбалы штрихты коды бар акциздік таңба беру үшін мемлекеттік баж | 9170"; |
б) 6.1-кіші бөлім 1080 кодты позицияның алдында мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Кеден органы алдын ала шешім қабылдауы үшін кедендік алымдар | 1050". |
6. Әлем елдерінің сыныптауышында (22-қосымша) SZ кодындағы "СВАЗИЛЕНД" деген сөз "ЭСВАТИНИ" деген сөзбен ауыстырылсын.
7. Валюталар сыныптауышында (23-қосымша):
а) 937 кодыы бар позиция "5" сілтеме белгісімен толықтырылсын;
б) 937 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"928 | VES | Боливар Соберано"; |
в) 950 коды бар позицияда "5" деген сілтеме белгісі "6" деген сілтеме белгісімен ауыстырылсын;
г) 952 коды бар позицияда "6" деген сілтеме белгісі "7" деген сілтеме белгісімен ауыстырылсын;
д) сілтемелерде:
4-сілтемеден кейін мынадай мазмұндағы сілтемемен толықтырылсын:
"5 2018 жылғы 20 тамыздан бастап қолданылмайды";
"5" және "6" деген сілтемелердің белгілері тиісінше "6" және "7" деген сілтемелердің белгілерімен ауыстырылсын.