Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Айрықша еңбегі үшін не қандай да бір оқиға туралы естелік ретінде наградтауға арналған және оларды наградталатын тұлғаның киіміне қадау үшін не медальді мойынға тағу үшін қажетті тоқыма таспаны бекітуге арналған құрастырмалы элементтері бар бағалы емес металдардан жасалған медальдар сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7117 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |