Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Алюминий тотығының 1200C астам температурада қыздыру (мысалы, Байер әдісі бойынша немесе әктаспен және содамен қақтау) процесінде басқа кристалды нысандардан -нысанға кристалды ауысуы нәтижесінде әртүрлі тәсілмен алынған алюминий тотығының (корундтың) -түрленуін білдіретін жасанды корунд сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2818 10 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |