Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Өзінен-өзі ашылатын стерилдік құрылғыны білдіретін, нитинол торынан (титан мен никель қорытпасы) жасалған, іші синтетикалық полимерге толтырылған, жиылған түрде түтікше пішіндегі, ашылған кезде жасалған материалдың "жады" әсерінің есебінен екі диск (қолшатыр) пішініне айналатын және жүрек қалқашаларының ақауларын (тесіктерін) хирургиялық емес (рентгеноэндоваскулярлық) жабуға арналған кардиологиялық окклюдер сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9021 90 900 9 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
К. Минасян |