Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес және 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесіне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
XVII бөлімде:
а) атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"XVII. Тауарларды таңбалау жүйесін сәйкестендіру құралдарымен ақпараттық қамтамасыз ету";
б) 73-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"73. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндірілген немесе оған әкелінген, соның ішінде мұндай тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы трансшекаралық айналымы кезінде сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарлар туралы мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету | 2019 жылғы ІІІ тоқсан"; |
в) мынадай мазмұндағы 741-позициямен толықтырылсын:
"741. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды таңбалау үшін пайдаланылатын сәйкестендіру құралдарын қалыптастыру, жүргізу және бірыңғай тізілімін пайдалану | 2019 жылғы IV тоқсан". |