Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнім түрлерінің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.
2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.
3. Мынадай:
анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;
санитариялық шараларды қолдану саласында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестерді іске асыру кезінде анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 154 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнім түрлерінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
I. Анықтамалықтан ізеуірттелген мәліметтер
Өнім түрінің коды | Сипаттамасы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
010 | Тағам өнімдері (адам тағамға қолданатын, табиғи немесе қайта өңделген түрдегі өнімдер), оның ішінде гендік-инженерлік-түрлендірілген (трансгенді) организмдерді пайдалана отырып алынған тағам өнімдері | 02 – 05, 07 – 25, 27 – 29, 32 – 35-тен |
020 | Балаларға арналған өнімдер (тауарлар): ойындар мен ойыншықтар, төсек жаймасы, киім, аяқ киім, оқу құралдары, жиһаз, қоларбалар, сөмкелер (ранецтер, рюкзактар, портфельдер және т.б.), күнделіктер мен соған ұқсас бұйымдар, дәптерлер, қағаз бен картоннан жасалған басқа да кеңсе өнімі (тауарлары), кеңсе керек-жарақтары немесе балалар ассортиментінің өнімдерін (тауарларын) дайындау үшін жасанды полимерлік немесе синтетикалық мектеп материалдары | 32, 34, 39, 40, 42 – 44, 46, 48 – 56, 60 – 65, 87, 94, 95-тен |
030 | Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау саласында және сарқынды суларды тазарту кезінде, жүзу бассейндерінде қолданылатын материалдар, жабдық, заттар, құрылғылар | 25, 38 – 40, 48, 84, 85-тен |
040 | Парфюмерия-косметика заттары, ауыз қуысы гигиенасының заттары | 33-тен |
050 | Өндірістік мақсаттағы химия және мұнай-химия өнімі, тұрмыстық химия өнімдері (тауарлары), лак-бояу материалдары | 32 – 34, 38-ден |
060 | Құрылыста, көлікте қолдануға, сондай-ақ жиһаз бен басқа да үй керек-жарағының басқа да заттарын жасауға арналған полимер, синтетика және өзге де материалдар; жиһаз; құрамында химиялық талшықтар мен қосалқы тоқыма заттары бар тоқыма тігін және трикотаж материалдар; киім мен аяқ киімді жасау үшін жасанды және синтетика терілер мен тоқыма материалдар | 32, 39, 40, 42 –46, 48, 50 – 60, 69, 94-тен |
070 | Көлік құралдары мен тұрмыстық техникаға (ауыз суға және тағам өнімдеріне жанасатындарын қоспағанда) қосалқы бөлшектерден басқа, өндірістік, медициналық және тұрмыстық мақсаттағы машина жасау және аспап жасау өнімдері | 38, 84, 85, 90, 94-тен |
080 | Баспа өнімдері: жалпы білім беретін орта және жоғары оқу орындары үшін оқу басылымдары мен құралдары, балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап және журнал басылымдары | 48, 49-дан |
090 | Өндіріс процесінде өңдеуге ұшырайтын (боялатын, сіңірілетін және т.б.), табиғи шикізаттан жасалған бұйым | 25, 43, 44, 46, 50 – 53-тен |
100 | Адамның терісіне жанасатын бұйымдарға (бұйымға) арналған материалдар, киім, аяқ киім | 30, 39, 40, 42, 43, 48, 50 – 65, 67, 68, 82, 96-дан |
110 | Иондаушы, оның ішінде генерациялаушы сәулелену көзі болып табылатын өнім, бұйым, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар бұйымдар мен өнімдер (тауарлар) | 25, 26, 28, 68, 69, 72, 74 – 76, 78 – 81, 84, 87-ден |
120 | Құрамындағы радиоактивті заттар гигиеналық нормативтермен регламенттелетін құрылыс шикізаты мен материалдары, оның ішінде қайтадан қайта өңдеуге және халық шаруашылығында пайдалануға арналған өндіріс қалдықтары, қара және түсті металдардың сынықтары (металлолом) | 25, 26, 28, 68, 69, 72, 74 – 76, 78 – 81, 84, 87-ден |
130 | Темекі бұйымдары мен темекі шикізаты | 24-тен |
140 | Жеке қорғаныш құралдары | 39, 40, 64, 65, 90-нан |
150 | Пестицидтер мен агрохимикаттар | 31, 38-ден |
160 | Тағам өнімдеріне жанасатын материалдар, бұйымдар мен жабдық | 39, 40, 44 – 48, 56, 63, 69, 70, 73, 74, 76, 82, 85, 96-дан |
170 | Ауаны дайындауға, ауаны тазартуға және сүзуге арналған жабдық, материалдар | 38 – 40, 48, 52 – 56, 59, 60, 84, 85-тен |
180 | Тайғаққа қарсы реагенттер | 38-ден |
990 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінде өзіне қатысты уақытша санитариялық шаралар енгізілген өзге де өнімдер (тауарлар) | 02 – 96-дан |
II. Анықтамалықтың паспорты
№ р/с | Элементтің белгіленімі | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Коды | 025 |
2 | Типі | 1 – анықтамалық |
3 | Атауы | санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнім түрлерінің анықтамалығы |
4 | Аббревиатурасы | СЭҚӨТА |
5 | Белгіленімі | ЕА 025-2019 (ред. 1) |
6 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 154 Шешімі |
7 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданысқа енгізу (қолдануды бастау) күні | 2019 жылғы 19 қазан |
8 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері | – |
9 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды аяқтау күні | – |
10 | Оператор (операторлар) | Еуразиялық экономикалық комиссия |
11 | Мақсаты | санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнім түрлері туралы мәліметтерді жүйелеу мен кодтауға арналған |
12 | Аңдатпа (қолдану саласы) | Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде ортақ процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін электрондық құжаттарды (мәліметтерді) қалыптастыру кезінде пайдаланылады |
13 | Түйінді сөздер | өнім, өнімнің түрі, тауар тобы, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) |
14 | Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала | санитариялық шаралар |
15 | Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану | 2 – анықтамалықты әзірлеу кезінде халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштар және (немесе) стандарттар пайдаланылмады |
16 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) бар-жоғы | 2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламалары жоқ |
17 | Жүйелеу (сыныптау) әдісі | 1 – реттік жүйелеу әдісі |
18 | Жүргізу әдістемесі |
1 – орталықтандырылған жүргізу рәсімі. |
19 | Құрылым | анықтамалықтың құрылымы (алаңдардың құрамы, олардың мәндерінің салалары мен қалыптастыру қағидалары) туралы ақпарат осы анықтамалықтың ІІІ бөлімінде көрсетілген |
20 | Деректердің құпиялылық дәрежесі | анықтамалықтан алынған мәліметтер ашық қолжетімді ақпаратқа жатады |
21 | Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі | белгіленбеген |
22 | Өзгерістер | – |
23 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) тәптіштелген мәліметтерге сілтеме | Анықтамалықтан тәптіштелген мәліметтер осы анықтамалықтың І бөлімінде келтірілген |
24 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтер ұсыну тәсілі | Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау |
III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы
1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің салаларын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.
2. Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай жолақтар (бағандар) қалыптастырылады:
"деректеменің атауы" – деректеменің рет нөмірі және қалыптасқан немесе ресми сөзбен белгіленімі;
"деректеме мәнінің саласы" – деректеменің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерініңсөзбен сипаттау;
"көп." – деректеменің көптігі (деректеменің ықтимал қайталануларының міндеттілігі (опциялығы) мен саны).
3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгіленімдер пайдаланылады:
1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;
n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n > 1);
1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталана алады;
n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (n > 1);
n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен асырмай қайталануға тиіс (n > 1, m > n);
0..1 – деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;
0..* – деректеме опциялы, шектеусіз қайталана алады;
0..m – деректеме опциялы, m реттен асырмай қайталана алады (m > 1).
Кесте
Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы
Деректеменің атауы | Деректеме мәнінің саласы | Деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары | Кп. |
1. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнім түрі туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.1. Өнім түрінің коды | шаблонға сәйкес символдар жолы: [0–9]{3} | кодтық белгіленім кодтаудың тізбекті әдісі пайдаланыла отырып қалыптастырылады | 1 |
1.2. Сипаттамасы |
символдар жолы. | атау орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады | 1..* |
1.3. ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес тауарлардың кодтары туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.3.1. Кодтар диапазонының басына сәйкес келетін ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес тауардың коды |
шаблонға сәйкес символдар жолы: | кодтық белгіленім ЕАЭО СЭҚ ТН-нен 2, 4, 6, 8, 9 немесе 10 таңба деңгейіндегі кодты қамтиды | 1 |
1.3.2. Кодтар диапазонының аяғына сәйкес келетін ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес тауардың коды |
шаблонға сәйкес символдар жолы: | кодтық белгіленім ЕАЭО СЭҚ ТН-нен 2, 4, 6, 8, 9 немесе 10 таңба деңгейіндегі кодты қамтиды | 0..1 |
1.3.3. ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес кодтардың диапазонын қолданудың белгісі | ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес кодтардың дипазоны көрсетілетінін айқындайтын белгі | егер ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес кодтардың диапазоны көрсетілсе –1 мәнімен толтырылады, қалған жағдайларда 0 мәнімен толтырылады | 1 |
1.3.4. ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес кодтың толық қолданылмау белгісі | ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес топқа (тауар позициясына, субпозициясына, кіші субпозициясына) (топтардың, тауар позицияларының, субпозицияларының, кіші субпозицияларының дипазонына) жататын тауарлардың бәрі бірдей өнімге сәйкес келе бермейтінін айқындайтын белгі | егер ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес топқа (тауар позициясына, субпозициясына, кіші субпозициясына) (топтардың, тауар позицияларының, субпозицияларының, кіші субпозицияларының дипазонына) жататын тауарлардың бәрі бірдей өнім түріне сәйкес келмесе – 1 мәнімен толтырылады, қалған жағдайларда 0 мәнімен толтырылады | 1 |
1.4. Ескерту |
символдар жолы. | орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады және өнімнің түріне қолданылатын шектеулердің сипаттамасын, анықтамалықтың позициясын қолдану саласының сипаттамасын қамтиды немесе анықтамалықтың позициясына өзге ескертулердің сипаттамасын қамтиды | 0..* |
а) "ескерту түрінің коды" атрибуты | шаблонға сәйкес символдар жолы: d{1} | егер ескерту өнімнің түріне қолданылатын шектеулердің сипаттамасын қамтыса – 1 мәнімен толтырылады, егер ескерту анықтамалықтың позициясын қолдану саласының сипаттамасын қамтыса – 2 мәнімен толтырылады, өзге жағдайларда 0 мәнімен толтырылады | 1 |
1.5. Анықтамалықтың жазбасы туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
1.5.1. Қолданысының басталу күні | МЕМСТ ИСО 8601–2001-ге сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы басталатын күнге сәйкес келеді | 1 |
1.5.2. Қолданысының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
1.5.2.1. Актінің түрі |
нормаланған символдар жолы. | халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгіленім | 1 |
1.5.2.2. Актінің нөмірі |
символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
1.5.2.3. Актінің күні | МЕМСТ ИСО 8601–2001-ге сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді | 1 |
1.5.3. Қолданысы аяқталатын күн | МЕМСТ ИСО 8601–2001-ге сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысы аяқталатын күнге сәйкес келеді | 0..1 |
1.5.4. Қолданысының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..1 |
1.5.4.1. Актінің түрі |
нормаланған символдар жолы. | халықаралық құқықтың нормативтік құқықтық актілері түрлерінің сыныптауышына сәйкес кодтық белгіленім | 1 |
1.5.4.2. Актінің нөмірі |
символдар жолы. | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
1.5.4.3. Актінің күні | МЕМСТ ИСО 8601–2001-ге сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісі қабылданған күнге сәйкес келеді | 1 |