2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің 2.4-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позициялар алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар қосылсын;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерту мынадай мазмұндағы 62С ескертумен толықтырылсын:
"62С) Кедендік құнның 0 (нөл) %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 160 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2022 жылға дейін қолданылады.".
2. 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес өздеріне қатысты кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын жекелеген тауарлардың және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі шешімімен бекітілген мұндай баждар ставкаларының тізбесінде ЕАЭО СӘҚ ТН 8411 81 000 9 деген коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"8411 81 000 2 | – – – – тікұшақтардың өндірісіне арналған, қуаты 3 кВт-дан астам, бірақ 20 кВт-дан көп емес5) | 5,3 | 4,0 | 2,7 | 1,3 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
8411 81 000 3 | – – – – тікұшақтардың өндірісіне арналған, қуаты 400 кВт-дан астам, бірақ 1300 кВт-дан көп емес5) | 5,3 | 4,0 | 2,7 | 1,3 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 |
8411 81 000 8 | – – – – өзгелер | 5,3 | 4,0 | 2,7 | 1,3 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0". |
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне тікұшақтардың өндірісіне арналған қозғалтқыштар мен газ турбиналардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшінен енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 160 Шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосым.өлш. бірл. |
8411 22 800 9 | – – – – өзгелер | дана |
8411 81 000 9 | – – – өзгелер | дана |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 160 Шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына қосылатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосым. өлш. бірл. |
– – – – өзгелер: * | ||
8411 22 800 2 | – – – – – тікұшақтардың өндірісіне арналған, қуаты 8000 кВт-дан астам, бірақ 8800 кВт-дан көп емес5) | дана |
8411 22 800 8 | – – – – – өзгелер | дана |
– – – өзгелер: ** | ||
8411 81 000 2 | – – – – тікұшақтардың өндірісіне арналған, қуаты 3 кВт-дан астам, бірақ 20 кВт-дан көп емес5) | дана |
8411 81 000 3 | – – – – тікұшақтардың өндірісіне арналған, қуаты 400 кВт-дан астам, бірақ 1300 кВт-дан көп емес5) | дана |
8411 81 000 8 | – – – – өзгелер | дана |
____________________________
*ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 8411 22 800 1 кіші қосалқы позициясынан кейінгі кодсыз кіші қосалқы позиция.
ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 8411 81 000 1 кіші қосалқы позициясынан кейінгі кодсыз кіші қосалқы позиция.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 160 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайыздармен не еуромен, не АҚШ долларымен) |
8411 22 800 2 | – – – – – тікұшақтардың өндірісіне арналған, қуаты 8000 кВт-дан астам, бірақ 8800 кВт-дан көп емес5) | 1062С) |
8411 22 800 8 | – – – – – өзгелер | 10 |
8411 81 000 2 | – – – – тікұшақтардың өндірісіне арналған, қуаты 3 кВт-дан астам, бірақ 20 кВт-дан көп емес5) | 7,562С) |
8411 81 000 3 | – – – – тікұшақтардың өндірісіне арналған, қуаты 400 кВт-дан астам, бірақ 1300 кВт-дан көп емес5) | 7,562С) |
8411 81 000 8 | – – – – өзгелер | 7,5 |