Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабы 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім, өзгерістердің (осы Шешімге қосымша) 2-тармағының "а" тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Өзгерістердің (осы Шешімге қосымша) 2-тармағы "а" тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2018 жылғы 17 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 8 қазандағы № 174 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Тауарларды өткізу ерекшеліктерінің сыныптауышы (2-қосымша) 090 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"091 | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) және тек WorldSkills ("Ворлдскиллс") кәсіби шеберлік бойынша ресми халықаралық жарыс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде пайдалануға арналған тауарлар |
092 | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) және тек Жаңа уақыттың Халықаралық Ганзей күндері шеңберінде ресми халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде пайдалануға арналған тауарлар". |
2. Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер сыныптауышында (7-қосымша):
а) 1.1-кіші бөлімде:
БГ коды бар позицияда "авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар" деген сөздер "дүлей зілзалалар, авариялар немесе апаттар" деген сөздермен ауыстырылсын";
КМ коды бар позицияда "материалдар" деген сөздер "сондай-ақ, материалдар" деген сөздермен ауыстырылсын";
УК коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"УФ кодымен айқындалған босатуды қоспағанда, шетелдік құрылтайшының жарғылық (қоймалық) капиталға (қорға) салымы ретінде осы капиталды (қорды) қалыптастыру үшін құрылтай құжаттарында белгіленген мерзімдер шегінде әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату | УК"; |
УФ коды бар позицияда "ұйымдардың" деген сөз алып тасталсын;
ПМ коды бар позиция "заңды тұлғалар және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
ЧХ коды бар позиция алып тасталсын;
СР коды бар позицияда:
"ВС коды бар позицияда көрсетілген" деген сөздер алып тасталсын;
"жеңілдіктерді қолдана отырып" деген сөздердің алдына "ВС коды бар позицияда көрсетілген" деген сөздермен толықтырылсын;
ВТ коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"2018 жылғы 17 мамырдағы бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімге сәйкес қолданылатын Иран Ислам Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты тарифтік преференция | ИР"; |
КС коды бар позицияда "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына" деген сөздер алып тасталсын;
б) 2.1-кіші бөлімде:
БГ және БТ кодтары бар позицияларда "жататын, әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға" деген сөздер "ретінде Беларусь Республикасына әкелінетін тауарларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
КВ коды бар позицияда "олар кедендік баждардан, салық салудан толығымен босатылған жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын;
НС коды бар позиция алып тасталсын;
РП коды бар позицияны ", сондай-ақ халықаралық тасымалдау көлік құралдарын, әкелінетін (әкетілетін) жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
ПП коды бар позиция алып тасталсын;
МД коды бар позицияда "өткізілетін" деген сөз "арналған" деген сөзбен ауыстырылсын;
СБ коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"Авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың зардаптарын жою мақсатында Беларусь Республикасына әкелінетін және (немесе) Беларусь Республикасынан әкетілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасағаны үшін кедендік алымдарды төлеуден босату | СБ"; |
в) 2.3-кіші бөлімнің 2.3.1-тармағында:
А коды бар позиция алып тасталсын;
Г коды бар позицияда "жататын" деген сөздер "ретінде Беларусь Республикасына әкелінетін тауарларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
Т коды бар позицияда "есебінен сатып алынған және (немесе) алынатын (алынған)" деген сөздер "Беларусь Республикасына әкелінетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
У коды бар позиция алып тасталсын;
г) 2.4-кіші бөлімнің 2.4.1-тармағында:
БГ коды бар позицияда "жататын" деген сөздер "ретінде Беларусь Республикасына әкелінетін тауарларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
БТ коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықаралық техникалық көмек ретінде Беларусь Республикасына әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату | БТ"; |
СС коды бар позиция алып тасталсын;
НЭ коды бар позиция ", олардың жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерін" деген сөздермен толықтырылсын;
ПТ коды бар позицияда "(әкелінген)" деген сөз алып тасталсын;
ПТ коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Ғылыми мақсаттар мен мемлекеттік сорт сынау үшін әкелінетін тұқымдарға қатысты ҚҚС төлеуден босату | СЦ"; |
ПД коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Азық-түлік тауарларынан және балаларға арналған тауарлардан ерекшеленетін тауарларға қатысты 10% мөлшеріндегі ҚҚС мөлшерлемесін қолдану | ТМ"; |
ЧН коды бар позиция алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"Еркін экономикалық аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып дайындалған (алынған) тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен еркін экономикалық аймақтың резиденттері орналастыратындарға қатысты ҚҚС төлеуден босату | ТЗ |
Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие және кеден қоймалары иелерінің тізіліміне және (немесе) уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалар Беларусь Республикасына әкелетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату | НУ"; |
д) 4.1-кіші бөлімде:
4.1.1-тармақта:
ОИ коды бар позиция "тізбесін Ресей Федерациясының Үкіметі айқындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
ЗП коды бар позицияда "272-бабы 9-тармағының бірінші абзацына" деген сөздер "38-тарауына" деген сөздермен ауыстырылсын;
НО коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын және кедендік әкету баждары салынбайтын тауарларға қатысты кедендік операциялар үшін кедендік алымдарды төлеуден босату | ЭС"; |
4.1.2-тармақта:
ММ коды бар позицияда "мемлекетаралық телекомпанияның" деген сөздер "Мемлекетаралық телерадиокомпанияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
МН коды бар позицияда "ҚХР" деген сөз "Қытай Халық Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) 4.2-кіші бөлімнің 4.2.1-тармағында:
МЗ коды бар позиция алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"Ресей Федерациясынан әкетілетін және жер қойнауы учаскесінде көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде алынған (өндірілген) тауарларға қатысты әкету кедендік бажын төлеуден босату | НД |
Ресей Федерациясының континенттік қайраңында және (немесе) Ресей Федерациясының айрықша экономикалық аймағында не Каспий теңізі түбінің Ресей бөлігінде (Ресей секторында) жер қойнауын геологиялық зерттеу, көмірсутек шикізатын барлау және өндіру үшін пайдаланылатын кемелердің, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарды жүргізу кезінде пайдаланылатын қамтамасыз ету кемелерінің және іздестіру-құтқару кемелерінің қызметін қамтамасыз ету үшін Ресей Федерациясынан әкетілетін отынға қатысты кедендік әкету бажын төлеуден босату | ТЛ |
Ресей Федерациясының ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығы, сондай-ақ ғарыш аппараттарын ұшыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер туралы келісімдер шеңберінде Ресей Федерациясынан әкетілетін акцизделетін тауарларды қоспағанда, тауарларға қатысты кедендік әкету бажын төлеуден босату | КС"; |
ж) 4.3-кіші бөлімнің 4.3.2-тармағында Ю коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Ресей Федерациясына әкелінетін және Ресей Федерациясының аумағында орналасқан шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өзге де ресми өкілдіктерінің ресми пайдалануына, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің және олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелерінің жеке пайдалануына арналған акцизделетін тауарларға қатысты акциз төлеуден босату | Д"; |
з) 5.2-кіші бөлімнің 5.2.1-тармағында:
ДД коды бар позицияны алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Армения Республикасымен бірге еркін сауда аймағын құрайтын мемлекеттерден шығарылатын және әкелінетін тауарларға қатысты кедендік баж төлеуден босату түріндегі тарифтік преференция | ЭА"; |
и) 5.4-кіші бөлімде ВН коды бар позиция алып тасталсын;
к) 5.5-кіші бөлімде:
кіші бөлімнің атауында және ЭС коды бар позицияда "алымды" деген сөз "салықты" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Экологиялық салықты төлеу бойынша жеңілдіктер сұратылмайды | ОО"; |
л) 6.4-кіші бөлімнің 6.4.1-тармағында:
СБ коды бар позиция ", қарулы қақтығыстар" деген сөздермен толықтырылсын;
МИ коды бар позицияда "мүгедектерге" деген сөз "денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"Әлеуметтік маңызы бар объект туралы шарт бойынша импортталатын тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату | ЗО |
Электр энергиясына қатысты ҚҚС төлеуден босату | ЭЭ |
Қырғыз Республикасының қорғаныс қабілетін, ұлттық қауіпсіздігі мен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында Қырғыз Республикасының аумағына қызметі Қырғыз Республикасының мемлекеттік бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар импорттайтын қару-жараққа, әскери техникаға, әскери мүлікке, арнайы техникаға, арнайы құралдарға қатысты ҚҚС төлеуден босату | ВИ". |
3. Құжаттар мен мәліметтер түрлері сыныптауышының 11-бөлімінде (8-қосымша):
11003 коды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"11003 | Декларант басшысының (тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш беруші тұлға) немесе кеден өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжат"; |
11003 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"11004 | Декларанттың (тауарларға декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш беруші тұлға) немесе кеден өкілінің атынан әрекеттер жасауға сенімхат". |
4. Алынуы кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлері сыныптауышының 2.6-кіші бөлімі (9-қосымша) мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"Ресей Федерациясының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, есірткі және психотроптық заттардың айналымы туралы заңнамасын бұзғаны үшін ақшалай өндіріп алу (айыппұлдар) | 7027 |
Ресей Федерациясының халықаралық автомобиль тасымалдарының жүзеге асырылуын мемлекеттік бақылау туралы заңнамасын бұзғаны үшін ақшалай өндіріп алу (айыппұлдар) | 7028 |
Федералдық меншіктегі орман учаскелерінде Ресей Федерациясының орман заңнамасын бұзғаны үшін ақшалай өндіріп алу (айыппұлдар) | 7029 |
Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген денсаулыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін ақшалай өндіріп алу (айыппұлдар) | 7031". |
5. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде пайдаланылатын қосымша сипаттамалар мен параметрлер сыныптауышында (21-қосымша) 117 және 118 кодтары бар позициялар алып тасталсын.
6. Әлем елдерінің сыныптауышында (22-қосымша) МК коды бар позицияда "РЕСПУБЛИКА" деген сөз "СОЛТҮСТІК" деген сөзбен ауыстырылсын.