Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобаларды іске асыру механизмдері 7-тармағының "б" тармақшасының және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі" жобасын іске асыру туралы" № 89 шешімі 4-тармағының үшінші абзацының негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі" жобасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған техникалық тапсырма бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 195 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
"Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі" жобасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған техникалық тапсырма
1. Жалпы ережелер
1.1. Жұмыстардың атауы
"Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыру.
1.2. Жұмыстардың мақсаты мен нысанасы
Жұмыстарды орындаудың мақсаттары мыналар болып табылады:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) азаматтары үшін жұмысқа орналасу және жұмыс іздеу мүмкіндіктерін кеңейту;
жұмыс берушілер үшін бос жұмыс орындарына және бос тұрған лауазымдарға персоналды іздестіру ортасын ұлғайту;
Одаққа мүше мемлекеттердің еңбек нарықтарының өзара іс-қимыл жасасуының қазіргі заманғы және тиімді цифрлық тәсілдерін енгізу;
цифрлық экономиканы дамыту кезінде еңбек ресурстарының Одақ шеңберінде еркін қозғалуы процестерін жеделдетуге жәрдемдесу.
Жобаны іске асыру барысында шешуге жататын негізгі міндеттер:
пайдаланушылар (жұмыс берушілер мен бос жұмыс орындарын іздеушілер) үшін Одақ шеңберінде жұмыс іздеу және персоналды таңдап алу үшін қолайлы және түсінікті құралдарды қалыптастыру;
Одаққа мүше мемлекеттердің жұмысқа орналастыру және еңбекпен қамту саласындағы ақпараттық жүйелер мен ресурстарында қамтылған, бос орындар мен түйіндемелер туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін үлгілік және қолайлы құралдар жасау;
ақпараттық орта жалпыға бірдей үлгіде болған кезде жобаны іске асыру барысында Одаққа мүше мемлекеттердің құқықтық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету.
1.3. Жұмыстарға тапсырыс беруші және жұмыстарды орындаушы
Жұмыстарға тапсырыс беруші – Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия).
Жұмыстарды орындаушы – екі кезеңдік конкурс нәтижелері бойынша айқындалады.
1.4. Жұмыстардың негізі
"Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі жобасын іске асыру туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 89 шешімі (бұдан әрі – Шешім), "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоғары деңгейлі жоспары (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) және "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі" жобасының паспорты (бұдан әрі – паспорт) жобаны іске асыру үшін негіз болып табылады. Жоба Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарына, Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберіндегі бастамаларды пысықтау тәртібіне және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің тиісінше 2017 жылғы 25 қазандағы № 4 және 2019 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімдерімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі шеңберіндегі жобаларды іске асыру механизмдеріне сәйкес іске асырылады.
"Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі" жобасы Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде жұмысқа орналасу және еңбекпен қамту саласында цифрлық экожүйені қалыптастыру жөніндегі бағыттардың бір бөлігі болып табылады.
1.5. Жұмыстарды орындау мерзімі
Жұмыстарды бастау мерзімі – шарт жасасылған кезден бастап;
Жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2020 жылғы 15 желтоқсан.
1.6. Терминдер мен анықтамалар
Осы техникалық тапсырма мақсаттары үшін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Одақ органдарының "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі" жобасын іске асыру мәселелері жөніндегі шешімдерінде айқындалған мәндердегі ұғымдар пайдаланылады.
Осы техникалық тапсырмада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Консорциум – консорциум туралы келісім негізінде "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі" жобасын әзірлеу және іске асыру мақсатында қызметін жүзеге асыратын, Одаққа мүше мемлекеттер ұйымдарының заңды тұлға құрмайтын бірлестігі.
Консорциумның үйлестірушісі – Еуразиялық экономикалық комиссия шарт бойынша "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі" жобасын әзірлеу және іске асыру жөнінде өкілеттіктер беретін ұлттық компоненттер операторларының бірі, консорциумның өкілі.
Ұлттық тапсырыс беруші-үйлестіруші – мүше мемлекеттің аумағында жобаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға мүше мемлекет уәкілеттік берген, сондай-ақ "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі" жобасы шеңберіндегі іс-шараларды ұлттық деңгейде іске асыруға және (немесе) орындауға жауапты мемлекеттік билік органы немесе ұйым.
Ұлттық компонент – "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі" жобасын іске асыруға тартылған, мүше мемлекеттің жұмысқа орналасу және еңбекпен қамту саласындағы ұлттық ақпараттық жүйесі.
Ұлттық компонент операторы – ұлттық тапсырыс беруші-үйлестіруші мүше мемлекеттің аумағында "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесі" жобасын әзірлеу және іске асыру бойынша өз өкілеттіктерінің бір бөлігін беретін заңды тұлға, консорциум мүшесі.
Жүйені пайдаланушылар – мүше мемлекеттердің жұмыс іздеуші азаматтары (бұдан әрі – іздеушілер) және қызметкерлерді қажет ететін, мүше мемлекеттердің аумағында шаруашылық қызметін жүргізетін жұмыс берушілер (бұдан әрі – жұмыс берушілер).
"Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы – Одаққа мүше мемлекеттердің жұмысқа орналасу және еңбекпен қамту саласындағы ақпараттық жүйелер мен ресурстарында қамтылған бос жұмыс орындары мен іздеушілер туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық қамтылым.
API (ағылш. application programming interface) – қосымшаның бағдарламалық интерфейсі, қолданбалы бағдарлама жасау интерфейсі) – бір компьютерлік бағдарлама басқа бағдарламамен өзара әрекеттесе алатын тәсілдер сипаттамасы (кластар, рәсімдер, функциялар, құрылымдар жиынтығы немесе констант).
REST (ағылш. Representational state transfer) – тармақталған гипермедиа-жүйені жобалау кезінде ескерілетін шектеулердің келісілген жиынтығы.
Web-интерфейс – HTTP/HTTPS және web-браузер хаттамасы арқылы сервиспен немесе құрылғымен өзара әрекеттесуге арналған пайдаланушы интерфейсін ұсынатын web-парақша немесе web-парақшалар жиынтығы.
1.7. Жобаны іске асыру шеңберіндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар
Осы техникалық тапсырмада көзделген жұмыстарды орындау кезінде Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің, соның ішінде жұмыстарды орындауға арналған шартты жасасқаннан кейін күшіне енгендердің ережелерін ескеру қажет.
Іс-шаралар жоспарын орындау үшін Орындаушы өзінің жобалық офисін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, бұл үшін қажетті ресурстарды бөлуді көздеуге тиіс.
Жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстарды орындау үшін Орындаушы консорциум құруды және іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес консорциум туралы келісім жасасуды қамтамасыз етуге тиіс. Консорциум құру Одаққа мүше барлық мемлекеттердің ұлттық компоненттер операторларын тарта отырып іске асырылуға тиіс.
2. "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздестіру жүйесін құруға қойылатын жалпы талаптар
Жоба бойынша жұмыстарды орындау барысында біріздендірілген функционалдық және техникалық талаптар қалыптастырылуға тиіс, олардың негізінде "Шекарасыз жұмыс " біріздендірілген іздестіру жүйесінің (бұдан әрі – біріздендірілген іздестіру жүйесі) үлгілік бағдарламалық қамтылымы, мүше мемлекеттердің жұмысқа орналасу және еңбекпен қамту саласындағы ұлттық ақпараттық жүйелер мен ресурстарында (ұлттық компоненттерде) қамтылған бос жұмыс орындары мен іздестірушілер туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін әмбебап API механизмдері мен әдістері әзірленетін болады.
Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша біріздендірілген іздестіру жүйесін пайдаланушыларға аумағында жұмыс іздестіруді немесе персоналды таңдап алуды жүзеге асыру талап етілетін бір немесе бірнеше мүше мемлекетті таңдау, тиісті мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелеріне арналған әмбебап іздестіру сұрау салуын жасау, осы жүйелерде қамтылған ақпаратқа қолжетімділік алу мүмкіндігі, сондай-ақ интерактивті өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі берілуге тиіс.
Мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерінде (ұлттық компоненттерде), атап айтқанда бос орындар мен түйіндемелер базаларында қамтылған ақпаратты нақты беру немесе деректермен Одақтың бір мемлекеттің ақпараттық жүйелері мен ресурстарынан басқа мемлекеттің жүйелеріне немесе ресурстарына мемлекетаралық алмасу жүргізілмейді.
Жобаны іске асыру барысында заңдық маңызы бар электрондық құжат айналымын қамтамасыз ететін функционалды әзірлеу жүзеге асырылмайды.
Біріздендірілген іздестіру жүйесінің интерфейсіне қолжетімділік орыс тілінде қамтамасыз етілуге тиіс.
Біріздендірілген іздестіру жүйесін құру кезінде негізгі техникалық құрал ретінде әмбебап API құралы пайдаланылуға тиіс.
Біріздендірілген іздестіру жүйесін құру кезінде REST негізінде тармақталған жүйелерге арналған бағдарламалық қамтылым архитектурасы пайдаланылуға тиіс. Архитектура тармақталған, әлсіз байланыстағы ауыстырылатын, стандартталған хаттамалар бойынша өзара іс-қимыл жасауға арналған стандартталған интерфейстермен жарақтандырылған компоненттерді пайдалануға негізделуге тиіс.
Мүше мемлекеттердің әртүрлі ұлттық ақпараттық жүйелерінің (ұлттық компоненттері) пайдаланушылары арасындағы интерактивті өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін пайдаланушылардың қосымша тіркеусіз авторлық тіркелуін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін API механизмдері мен әдістері іске асырылуға тиіс.
Бұл ретте дербес деректер бөтен ақпараттық жүйелерде сақталмауға тиіс, пайдаланушының деректеріне қолжетімділік пайдалануы бастапқыда тіркеуден өткен мемлекеттің ұлттық ақпараттық жүйесінде реттелуге тиіс.
Біріздендірілген іздестіру жүйесімен жұмыс істеген кезде пайдаланушылар өздерінің ұлттық ақпараттық жүйесінде авторлық тіркелуге, содан кейін браузер (біріздендірілген іздестіру интерфейсі) арқылы мүше мемлекеттің кез келген ұлттық ақпараттық жүйесіне жүгінуге, фильтр элементтерін бос орындарға немесе түйіндемелерге баптай отырып, сұрау салуды қалыптастыруға тиіс. Бұл ретте браузерде әмбебап API базасында сұрау салу қалыптастырылуы керек, ол мүше мемлекеттердің барлық ұлттық ақпараттық жүйелеріне жіберіледі. Нәтижесінде пайдаланушы біріздендірілген іздестіру интерфейсінде іздестіру сұрау салуы жіберілген бір немесе бірнеше ұлттық ақпараттық жүйеден бос орындарды немесе түйіндемелерді көруге тиіс.
Жауаптармен жұмыс істеген кезде пайдаланушының (іздестірушінің) өзінің ұлттық ақпараттық жүйесінде (іздестірушінің жүйесі) авторлық тіркелу мүмкіндігі болуға тиіс. Одаққа мүше басқа мемлекеттің (жұмыс берушінің жүйесі) жұмыс берушісінің бос орнына жауап берілген кезде іздестірушінің жүйесі API арқылы іздестіруші жүйесінде іздестірушіні сәйкестендіргішті қамтитын жауап туралы ақпаратты жіберуге тиіс. Бұл ретте іздестіруші жұмыс берушінің жүйесінде авторлық тіркеуден өтуге тиіс емес.
Жұмыс беруші жауаптарға жүгінген кезде, іздестірушінің жүйесінен жауап берілген жағдайда, іздестірушінің байланыс деректері туралы ақпаратты алу үшін іздестірушінің жүйесіне сәйкестендіргішті қамтитын сұрау салуды қалыптастыру мүмкіндігі болуға тиіс. Іздестірушінің жүйесі сәйкестендіргішті қамтитын сұрау салу деректерінің негізінде сілтеме ұсынуға тиіс, ол бойынша өткенде жұмыс берушіде іздестірушінің түйіндемесін көру мүмкіндігі болады. Деректер жұмыс берушінің браузеріне ғана берілуге және жұмыс беруші жүйесінің дерекқорында сақталмауға тиіс.
Біріздендірілген іздестіру жүйесі іздестіру фильтрлерінің, сыныптағыштар және пайдаланушының web-интерфейсінің жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да ақпарат тізбесінің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
Бос орындар мен түйіндемелер туралы ақпарат web-браузерде ғана біріздендірілген іздестіру жүйесін пайдаланушы болып табылатын және іздестіру сұрау салуын орындаған өзара іс-қимылға қатысушының автоматтандырылған жұмыс орнында (дербес компьютерде немесе мобильді құрылғыда) қолжетімді болуға тиіс.
Біріздендірілген іздестіру жүйесін құру үшін техникалық архитектураны ескере отырып және REST негізінде, үлгілік іздестіру интерфейсіне қосылған, мүше мемлекеттің әрбір ұлттық ақпараттық жүйесі (ұлттық компонент) жағында жалпы қалыпқа келтірілген әдістер іске асырылуға тиіс.
Бұл ретте біріздендірілген іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін деректердің жеке қоймасы талап етілмеуге тиіс, ақпарат пайдаланушыға мүше мемлекеттердің іздестіру сұрау салуын алған ұлттық ақпараттық жүйелерінен (ұлттық компоненттерден) тікелей түсуге тиіс. Бос орындар мен түйіндемелерден деректерді біріздендірілген іздестіру жүйесінде қандай да болмасын сақтауға жол берілмейді.
Мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерін үлгілік іздестіру интерфейсіне қосуды қамтамасыз ету мақсатында олардың әрқайсысында бос орындар немесе түйіндемелер жиынтығын сипаттайтын, машина оқитын стандартталған объектілер түріндегі іздестіру нәтижелерінің қалыптасуын қамтамасыз ететін API іске асырылуы керек.
Машина оқитын объектілер деректер типі бойынша бірдей, жалпы ұлттық ақпараттық жүйелердегі (ұлттық компоненттердегі) өрістер негізінде жасалуға және семантикалық метадеректердің стандартталған объектілерінің көмегімен сипатталуға тиіс. Әрбір ұлттық ақпараттық жүйеде іздестіру жауаптарын қалыптастыру логикасы өзі үшін көзделген рәсімдер мен регламенттер негізге алына отырып іске асырылуы керек.
Мүше мемлекеттердің бос орындар мен түйіндемелер дерекқорында қолжетімді деректерді визуализациялау үшін API-мен жұмыс істейтін ұлттық ақпараттық жүйелерді (ұлттық компоненттерді) үлгілік іздестіру интерфейсіне қосу іске асырылуға тиіс.
Мүше мемлекеттердің біріздендірілген іздестіру жүйесі мен ұлттық ақпараттық жүйелерінің (ұлттық компоненттерінің) лингвистикалық құралдары пайдаланушыларды ақпаратты орыс тілінде қалыптастыру және қарау мүмкіндігімен қамтамасыз етуге тиіс.
3. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар
Ақпаратты рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғау Еуразиялық экономикалық комиссия мен мүше мемлекеттердің нормативтік-техникалық және әдістемелік құжаттамасын ескере отырып іске асырылуы керек.
Біріздендірілген іздестіру жүйесінің деректеріне пайдаланушылардың қол жеткізуі олар мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерінде (ұлттық компоненттерде) авторлық тіркелгеннен және сәйкестендірілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Біріздендірілген іздестіру жүйесін пайдалану арқылы қол жеткізу жүзеге асырылатын ұлттық ақпараттық жүйелердің (ұлттық компоненттердің) ақпаратын қорғауды Одақтың және ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау саласындағы ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкес тиісті ақпараттық жүйелердің иелері (операторлары) қамтамасыз етуге тиіс.
Біріздендірілген іздестіру жүйесі штаттық режимде мыналарды:
пайдаланушылардың күніне 24 сағат, аптасына 7 күн режимінде жұмыс істеуін;
барлық функциялардың толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
Біріздендірілген іздестіру жүйесі:
бағдарламалық қамтылымда іркілістердің туындауына;
аппараттық құралдарда іркілістердің туындауына немесе олардың істен шығуына;
байланыстың жоғалуына;
электрмен жабдықтаудағы іркілістерге байланысты авариялық жағдай туындауына орай жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Жүйенің авариялық жағдайда істен шығуға төзімділігін қамтамасыз ету үшін іркіліссіз жабдықтауды, есептеу қуаттарын және ақпаратты беру каналдарын резервке қоюды қамтамасыз ету құралдары көзделуі керек.
Біріздендірілген іздестіру жүйесінің жұмыс істеуі және туындайтын іркілістер туралы қызметтік ақпарат жүйелік әкімшілердің одан әрі талдау жасауы үшін авариялық жағдайдың қайта туындауының алдын алу мақсатында лог-файлдарда тіркелуге тиіс.
Біріздендірілген іздестіру жүйесі ақпаратының (бағдарламалық қамтылым мен деректердің) сақталуын қамтамасыз ету үшін ақпаратты резервтеу, қалпына келтіру және қайталау құралдары пайдаланылуы керек.
Бағдарламалық қамтылым мен деректердің толық көшірмелерін жасау және сақтау бекітілген резервтік көшіру регламентіне сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Жоба шеңберінде алынған деректер біріздендірілген іздестіру жүйесінің жұмыс істеуі мақсатында ғана пайдаланылуы мүмкін.
4. Орындалатын жұмыстардың құрамына қойылатын талаптар
Жобаны іске асыру шеңберіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар үш кезеңмен орындалуға тиіс.
4.1. Бірінші кезеңдегі жұмыстардың құрамы:
4.1.1. Ғылыми-зерттеу жұмысының орындаушыларымен бірлесіп, "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының жұмысқа орналасуын және еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге арналған цифрлық экожүйе моделін әзірлеу" тақырыбы бойынша жоба шеңберінде функционалдық және техникалық талаптарды әзірлеу үшін мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерінің мәселелерін пысықтауды және талдауды жүргізу (іс-шаралар жоспарының 8-тармағы).
4.1.2. Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымына, API әдістеріне және мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық компоненттермен) интеграциялауға қойылатын біріздендірілген функционалдық және техникалық талаптарды дайындау (іс-шаралар жоспарының 10-тармағы).
4.1.3. Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымын, API әдістерін жасауға және біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық компоненттермен) интеграциялау жөніндегі жұмыстарды іске асыруға арналған жеке техникалық тапсырманы (бұдан әрі – жеке техникалық тапсырма) әзірлеу (іс-шаралар жоспарының 11-тармағы).
4.1.4. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен ұйымдары, сондай-ақ жобаға басқа да қатысушылар үшін жұмысқа орналасу және еңбекпен қамту саласындағы ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту саласында тәжірибе алмасу мәселелері бойынша семинарлар өткізу (3 семинар) (іс-шаралар жоспарының 12-тармағы).
4.1.5. Одақ органдарына жобаны іске асыру бойынша есептілік ұсыну (іс-шаралар жоспарының 9-тармағы).
4.2. Екінші кезеңдегі жұмыстардың құрамы:
4.2.1. Жеке техникалық тапсырмаға сәйкес біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін жасау (іс-шаралар жоспарының 13-тармағы).
4.2.2. Жеке техникалық тапсырмаға сәйкес біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық компоненттермен) интеграциялау (іс-шаралар жоспарының 14-тармағы).
4.2.3. Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістеріне сынақтар және оларды тәжірибелік пайдалануды өткізу (іс-шаралар жоспарының 15-тармағы).
4.2.4. Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін тәжірибелік пайдалану нәтижелері бойынша пысықтау (іс-шаралар жоспарының 16-тармағы).
4.2.5. Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу (іс-шаралар жоспарының 17-тармағы).
4.2.6. Одақ органдарына жобаның іске асырылуы бойынша есептілік ұсыну (іс-шаралар жоспарының 9-тармағы).
4.3. Үшінші кезеңдегі жұмыстардың құрамы:
4.3.1. Біріздендірілген іздестіру жүйесінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізу, жобаның іске асырылуы туралы жиынтық есепті дайындау және мүше мемлекеттер азаматтарының жұмысқа орналасуын және еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге арналған цифрлық экожүйе шеңберінде жобаны одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу (іс-шаралар жоспарының 18-тармағы).
5. Орындалатын жұмыстардың мазмұнына қойылатын талаптар
Р/с № | Орындалатын жұмыстың атауы | Жұмыстарды орындауға қойылатын талаптар |
1 | "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының жұмысқа орналасуын және еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге арналған цифрлық экожүйе моделін әзірлеу" тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын орындаушылармен бірлесіп, жоба шеңберіндегі функционалдық және техникалық талаптарды тұжырымдау үшін мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелері мәселелерін пысықтауды және талдауды өткізу | Орындаушы Комиссия өткізетін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының жұмысқа орналасуын және еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге арналған цифрлық экожүйе моделін әзірлеу жөніндегі бастаманы пысықтау бойынша сараптамалық алаңдарға қатысуға міндетті. |
2 | Одақ органдарына жобаның іске асырылуы бойынша есептілік ұсыну | Тоқсан сайын, 2020 жылдың I тоқсанынан бастап, Орындаушы Комиссияға жобаның іске асырылуы бойынша есептілік ұсынуға міндетті. |
3 | Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымына, API әдістеріне және мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық компоненттермен) интеграциялауға қойылатын біріздендірілген функционалдық және техникалық талаптарды тұжырымдау |
Біріздендірілген функционалдық және техникалық талаптар: |
4 | Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымын, API әдістерін жасауға және біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық компоненттермен) интеграциялау жөніндегі жұмыстарды іске асыруға арналған жеке техникалық тапсырманы әзірлеу |
Жеке техникалық тапсырма: |
5 | Мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен ұйымдары, сондай-ақ жобаға өзге де қатысушылар үшін жұмысқа орналасу және еңбекпен қамту саласындағы ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту саласында тәжірибе алмасу мәселелері бойынша семинарлар өткізу (3 семинар) |
2020 жылдың І және ІІ тоқсандарында 3 семинар өткізілуге тиіс, бұл ретте І тоқсанда кемінде 1 семинар өткізілуі керек. Орындаушы семинарды өткізетіні туралы хабарлама, семинар өткізілерден кемінде 15 жұмыс күні бұрын жобаға қатысушыларға семинардың бағдарламасын жіберуге міндетті. Семинарлардың бағдарламалары Тапсырыс берушімен келісілуге тиіс. |
6 | Жеке техникалық тапсырмаға сәйкес біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін жасау |
Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін жасау шеңберінде мына жұмыстар орындалуға тиіс: |
7 | Жеке техникалық тапсырмаға сәйкес біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық компоненттермен) интеграциялау | Жеке техникалық тапсырмаға сәйкес біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық компоненттермен) интеграциялау жөніндегі жұмыстар орындалуға тиіс. |
8 | Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін сынауды және тәжірибелік пайдалануды өткізу |
Мүше мемлекеттер бөлінісінде жұмыстар орындалуға және мынадай құжаттама қалыптастырылуға тиіс: |
9 | Тәжірибелік пайдалану нәтижелері бойынша біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін пысықтау | Тәжірибелік пайдалану нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер жойылуға және ескертулер ескерілуге, техникалық құжаттама жиынтығына және бастапқы кодтарға тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс. |
10 | Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу |
Мүше мемлекеттер бөлінісінде жұмыстар орындалуға және мынадай құжаттама қалыптастырылуға тиіс: |
11 | Біріздендірілген іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін мониторингтеу, жобаның іске асырылуы туралы жиынтық есепті дайындау және мүше мемлекеттер азаматтарының жұмысқа орналасуын және еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге арналған цифрлық экожүйені қалыптастыру шеңберінде жобаны одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу |
Мыналар дайындалуға тиіс: |
6. Жұмыстарды орындау кезеңдері мен мерзімдеріне қойылатын талаптар
Осы техникалық тапсырма бойынша жұмыстар үш кезеңмен орындалуға тиіс.
Бірінші кезең шеңберінде жұмыстарды аяқтау мерзімі: 2020 жылғы 30 маусым.
Екінші кезең шеңберінде жұмыстарды аяқтау мерзімі: 2020 жылғы 30 қыркүйек.
Үшінші кезең шеңберінде жұмыстарды аяқтау мерзімі: 2020 жылғы 15 желтоқсан.
Р/с | Орындалатын жұмыстың атауы | Есепті мерзім | Жұмыстарды орындаудың нәтижесі |
Бірінші кезең шеңберінде көзделген жұмыстар | |||
1 | "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының жұмысқа орналасуын және еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге арналған цифрлық экожүйе моделін әзірлеу" тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын орындаушылармен бірлесіп, жоба шеңберіндегі функционалдық және техникалық талаптарды тұжырымдау үшін мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелері мәселелерін пысықтауды және талдауды өткізу |
2019 ж. | Комиссия өткізетін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының жұмысқа орналасуын және еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге арналған цифрлық экожүйе моделін әзірлеу жөніндегі бастаманы пысықтау бойынша сараптамалық алаңдарға қатысу |
2 | Одақ органдарына жобаның іске асырылуы бойынша есептілікті ұсыну |
2020 ж. | жобаның іске асырылуы бойынша тоқсан сайынғы есеп |
3 | Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымына, API әдістеріне және мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық компоненттермен) интеграциялауға қойылатын біріздендірілген функционалдық және техникалық талаптар |
2020 ж. | біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымына, API әдістеріне және мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық компоненттермен) интеграциялауға қойылатын біріздендірілген функционалдық және техникалық талаптар |
4 | Жүйенің үлгілік бағдарламалық қамтылымын, API әдістерін жасауға және жүйенің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық компоненттермен) интеграциялау жөніндегі жұмыстарды іске асыруға арналған жеке техникалық тапсырманы (бұдан әрі – жеке техникалық тапсырма) әзірлеу |
2020 ж. | жеке техникалық тапсырма |
5 | Мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен ұйымдары, сондай-ақ жобаға өзге де қатысушылар үшін жұмысқа орналасу және еңбекпен қамту саласындағы ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту саласында тәжірибе алмасу мәселелері бойынша семинарлар өткізу (3 семинар) |
2020 ж. | семинарлар бағдарламалары және оларды өткізу хаттамалары |
Екінші кезең шеңберінде көзделген жұмыстар | |||
6 | Жеке техникалық тапсырмаға сәйкес біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін жасау |
2020 ж. | техникалық құжаттама жиынтығы және бастапқы кодтар |
7 | Жеке техникалық тапсырмаға сәйкес біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық компоненттермен) интеграциялау |
2020 ж. |
техникалық құжаттама жиынтығы және бастапқы кодтар; |
8 | Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін сынауды және тәжірибелік пайдалануды өткізу |
2020 ж. |
алдын ала сынақтардың бағдарламасы және әдістемесі (мүше мемлекеттер бөлінісінде); алдын ала сынақтар хаттамасы (мүше мемлекеттер бөлінісінде); |
9 | Тәжірибелік пайдалану нәтижелері бойынша біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін пысықтау |
2020 ж. | пысықталған техникалық құжаттама жиынтығы және бастапқы кодтар |
10 | Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу |
2020 ж. |
қабылдау сынақтарының бағдарламасы және әдістемесі (мүше мемлекеттер бөлінісінде); |
| |||
11 | Біріздендірілген іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін мониторингтеу, жобаның іске асырылуы туралы жиынтық есепті дайындау және мүше мемлекеттер азаматтарының жұмысқа орналасуын және еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге арналған цифрлық экожүйені қалыптастыру шеңберінде жобаны одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу |
2020 ж. | жиынтық есеп; жобаны одан әрі дамыту бойынша іс-шаралар жоспары. |
7. Жұмыстарды тапсыру және орындалуын қабылдау тәртібіне қойылатын талаптар
Жұмыстарды тапсыру-қабылдау жұмыстарды орындаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіледі
Орындалған жұмыстар нәтижелерін қабылдау орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдау актісімен ресімделеді (бұдан әрі – қаржылық акт).
Қаржылық актіде көрсетілген әрбір жұмыс үшін тиісті түрде ресімделген техникалық актілердің және бекіту парақтарының болуы қаржылық актіге қол қою үшін қажетті шарт болып табылады.
Жұмыстарды орындау нәтижелеріне ескертулердің жоқтығы Орындаушының жауапты өкілдері алдын ала қол қойған келісу парағындағы Тапсырыс берушінің жауапты өкілдерінің қолдарымен расталады.
Техникалық актіге тиісті жұмысқа толығымен ресімделген келісу парағы болған кезде Тапсырыс берушінің уәкілеттік берілген өкілі қол қояды.
Тапсырыс берушінің техникалық актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген өкілдері әрбір жұмыс үшін жеке айқындалады.
Жұмыстарды орындау нәтижелерін жауапкершілікті бөлуге сәйкес Тапсырыс берушінің жауапты өкілдері қарайды:
жалпы және функционалдық талаптар бөлігінде;
ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар бөлігінде;
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қойылатын талаптар бөлігінде.
Тапсырыс берушінің жұмыстарды орындау нәтижелерін қарауының ең үлкен мерзімі шартта айқындалады.
Ескертулер болған кезде қабылдаудан дәлелді бас тарту ресімделеді. Жұмыстарды орындау нәтижелеріне ескертулер болмаған жағдайда бекіту парақтарына және техникалық актілерге қол қойылады.
Орындаушылар тарапынан қол қойылған келісу парағы Тапсырыс берушіге тиісті жұмыс нәтижелерімен бір мезгілде ұсынылады.
Тапсырыс берушінің жауапты өкілдері Орындаушы ұсынған материалдарды қарайды.
Келісу парағында Тапсырыс беруші өкілдерінің қолтаңбаларын жинауды Орындаушының өкілдері жүзеге асырады.
Жұмыстарды орындау нәтижелерін қарауға техникалық сараптама шартын орындаушы тартылуы мүмкін.
Бағдарламалық қамтылымды тапсыру-қабылдау кезінде қабылдау-тапсыру сынақтары жүргізіледі.
Қабылдау-тапсыру сынақтары техникалық жұмыс жобасының құрамына кіретін сынақтар бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
Қабылдау-тапсыру сынақтары шеңберінде сонымен бірге мынадай әрекеттер жүзеге асырылады:
1) бағдарламалық қамтылымның және жобалық құжаттаманың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру (техникалық тапсырма, жеке техникалық тапсырма);
2) техникалық жұмыс жобасы құжаттамасының құрамына кіретін әкімші басшылығына сәйкес орындалатын түрдегі бағдарламалық компоненттердің (бағдарламалық қамтылым дистрибутивтерінің) компакт-дискідегі есептік материалдардың құрамында кеңінен көрсетілуі;
3) сынақтар бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес сценарийлер мен бақылау мысалдарының орындалуы.
Қабылдау-тапсыру сынақтарын дайындауды және өткізуді ұйымдастыруды Орындаушы жүзеге асырады.
Қабылдау-тапсыру сынақтарын өткізуге қатысуға Еуразиялық экономикалық комиссияға техникалық сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсететін ұйымдар, ұлттық компоненттер операторлары тартылуы мүмкін.
Қабылдау-тапсыру сынақтарының нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Қабылдау-тапсыру сынақтары хаттамаларын Орындаушы дайындайды және Тапсырыс берушімен келіседі.
8. Нәтижелерді ұсыну нысаны
8.1. Орындаушы бірінші кезең бойынша жұмыстарды орындау нәтижелері бойынша:
орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдау актісін (қаржылық акт);
техникалық акт және қаржылық актіде көрсетілген әрбір жұмыс үшін бекіту парақтарын;
жобаны іске асыру бойынша тоқсан сайынғы есепті;
біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымына, API әдістеріне және мүше мемлекеттер ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық компоненттермен) интеграциялауға қойылатын біріздендірілген функционалдық және техникалық талаптарды;
жеке техникалық тапсырманы;
семинарлар бағдарламаларын және оларды өткізу хаттамаларын ұсынуға тиіс.
8.2. Орындаушы екінші кезең бойынша жұмыстарды орындау нәтижелері бойынша:
орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдау актісін (қаржылық акт);
техникалық актіні және қаржылық актіде көрсетілген әрбір жұмыс үшін бекіту парақтарын;
жобаны іске асыру бойынша тоқсан сайынғы есепті;
техникалық жұмыс жобасын;
техникалық жұмыс жобасына түсіндірме жазбаны;
архитектура сипаттамасын;
функционалдық құрылым схемасын;
пайдаланушының басшылығын;
әкімшінің басшылығын;
біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерін ұлттық компоненттермен интеграциялау бөлігінде ұлттық компоненттерді қабылдау сынақтарының хаттамасын (мүше мемлекеттер бөлінісінде);
алдын ала сынақтар бағдарламасын және әдістемесін (мүше мемлекеттер бөлінісінде);
алдын ала сынақтар хаттамасын (мүше мемлекеттер бөлінісінде);
тәжірибелік пайдалану бағдарламасын (мүше мемлекеттер бөлінісінде);
тәжірибелік пайдалануды жүргізу журналын (мүше мемлекеттер бөлінісінде);
тәжірибелік пайдалануды аяқтау және қабылдау санықтарына рұқсат беру актісін (мүше мемлекеттер бөлінісінде);
қабылдау сынақтарының бағдарламасын және әдістемесін (мүше мемлекеттер бөлінісінде);
қабылдау сынақтарының хаттамасын (мүше мемлекеттер бөлінісінде);
өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау актісін;
электрондық түрдегі материалдарды:
дистрибутивті және қолданбалы бағдарламалық қамтылымның бастапқы мәтіндерін (кодтарын);
жинау ортасына қойылатын талаптар сипатталған, бастапқы мәтіндерден жұмыстағы қолданбалы бағдарламалық қамтылымды жинау жөніндегі нұсқаулықты;
пайдаланылатын стандартты қолданбалы бағдарламалық қамтылымды баптаудың сипаттамасын.
бағдарламалық құралдардың логикалық құрылымы және жұмыс істеу ортасы туралы мәліметтерді қамтитын бағдарламалық құралдардың сипаттамасын, сондай-ақ оларды жасау кезінде пайдаланылатын технологиялық құралдарды пайдалану әдістерінің, тәсілдерінің және қағидаларының сипаттамасын ұсынуға тиіс.
8.3. Орындаушы үшінші кезең бойынша жұмыстарды орындау нәтижелері бойынша:
орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдау актісін (қаржылық акт);
жобаны іске асыру бойынша жиынтық есепті;
мүше мемлекеттер азаматтарының жұмысқа орналасуын және еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге арналған цифрлық экожүйені қалыптастыру шеңберінде жобаны одан әрі дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынуға тиіс.
9. Автоматтандыру объектісін дайындау жөніндегі жұмыстардың құрамына және мазмұнына қойылатын талаптар
Біріздендірілген іздестіру жүйесі мен API әдістерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге автоматтандыру объектілерін дайындау үшін Орындаушы техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешенін өткізуге тиіс.
Біріздендірілген іздестіру жүйесі мен API әдістерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге автоматтандыру объектілерін дайындауға арналған іс-шаралар тізбесі техникалық құжаттама жиынтығында бейнеленуге тиіс.
10. Құжаттауға қойылатын талаптар
Пайдаланылатын жалпы жүйелік бағдарламалық қамтылымда (операциялық жүйелер, ДҚБЖ және т.б.) өндірушінің тиісті лицензиялары болуы керек. Қажетті жүйелік бағдарламалық қамтылым тізбесі "Әкімшінің басшылығында" жазылуға тиіс.
Жоба бойынша жұмыстарды орындау барысында зияткерлік немесе басқа меншік түрлеріне негізделген құқықтар сақталуға тиіс.
Орындаушы осы техникалық тапсырма бойынша жасаған жұмыстардың нәтижелеріне құқықтар Еуразиялық экономикалық комиссияға тиесілі және Тапсырыс берушінің келісімен ғана пайдаланылуы мүмкін. Орындаушы Тапсырыс берушіні жұмыс процесінде алынған, оны қорғаудың орындылығын негіздей отырып, құқықтық қорғауға қабілетті әрбір нәтиже туралы хабардар етуге тиіс.
Біріздендірілген іздестіру жүйесінің үлгілік бағдарламалық қамтылымы мен API әдістерінің, жобаны іске асыру шеңберінде әзірленген техникалық және пайдалану құжаттамасының құқық иеленушісі Еуразиялық экономикалық комиссия болып табылады.
Жүйенің үлгілік бағдарламалық қамтылымы API әдістерін мүше мемлекеттердің ұлттық ақпараттық жүйелерімен (ұлттық компоненттермен) интеграциялау жөніндегі жобаны іске асыру шеңберіндегі жұмыстарды мүше мемлекеттер өз заңнамасына сәйкес дербес регламенттейді.
Жоба шеңберінде жасалатын автоматтандыру объектілерін құқықтардан бос үшінші тұлғалар Тапсырыс берушіге береді. Әзірленген барлық құжаттама орыс тілінде жасалуға, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 46 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ішкі құжат айналымының қағидаларына сәйкес ресімделуге (ресімделуіне қойылатын талаптар ГОСТ 2.105-95 айқындалатын құжаттарды қоспағанда) және деректерді өзгерту мүмкіндігін болдырмайтын оптикалық ақпарат жеткізгіштерде (CD-R немесе DVD-R) электрондық нысанда, Microsoft Office 2010 және одан жоғары құралдар қолдайтын немесе Тапсырыс берушімен келісу бойынша өзге форматтарда, редакцияланатын түрде Тапсырыс берушіге ұсынылуға тиіс. CD-R немесе DVD-R оптикалық ақпарат жеткізгіштерге ақпаратты машинада жеткізгіштер ведомостері қоса берілуі керек.
Әрбір жұмыс үшін бекіту парақтары және жұмыстарды орындау нәтижелері бойынша әзірленген және берілетін құжаттардың тізбесін қамтитын ерекшеліктер әзірленуге тиіс.
Ерекшеліктер, бекіту парақтары, сондай-ақ Орындаушылардың қолтаңбаларын және/немесе мөрлерін қамтитын өзге де құжаттар, оның ішінде актілер, хаттамалар мен келісу парақтары орыс тілінде орындалуға және баспа түрінде 2 (екі) данада Тапсырыс берушіге ұсынылуға тиіс (бір данада ұсынылатын шоттарды және шот-фактураларды қоспағанда).
Орындаушы осы техникалық тапсырма бойынша жұмыстарды орындау шеңберінде, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер кезеңі ішінде осы жұмыстарды сүйемелдеуді, оның ішінде жұмыс нәтижелері бойынша анықтамалар, түсініктемелер, нақтылаулар беруді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның қатысуымен өткізілетін іс-шараларда (семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер) сарапшылардың сөз сөйлеуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
11. Орындалатын жұмыстардың сапасына кепілдікке қойылатын талаптар
Тапсырыс беруші орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдау күнінен бастап 12 айға Орындаушы жұмыстарының сапасына кепілдік міндеттемелерінің кезеңін (Кепілдік кезеңі) айқындайды.
12. Орындалатын жұмыстардың сапасына кепілдіктер көлеміне қойылатын талаптар
Орындаушы кепілдік кезеңі ішінде анықталған кемшіліктерді жою мақсатында құжаттамаға және бағдарламалық қамтылымға қажетті өзгерістер көлемін қайтарымсыз (Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір шығыстарсыз) енгізуге міндетті. Көрсетілген өзгерістерді енгізу және Тапсырыс берушіге тапсыру мерзімі Орындаушы Тапсырыс берушінің тиісті тапсырмасын алған күннен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен артық болмауға тиіс.
Кепілдік жағдайы орын алған кезде Орындаушы мына кепілдік іс-шараларын қайтарымсыз өткізуге тиіс:
техникалық құжаттама жиынтығына өзгерістер енгізу;
бағдарламалық қамтылымға өзгерістер енгізу (қажет болған кезде);
кеңейтілген бағдарламалық қамтылымды қайта орнатуды жүргізу (қажет болған кезде).