Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 9 өкімін іске асыру мақсатында:
1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Т.Д. Валоваяның басшылығымен Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжатты дайындау жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
2. Осы Өкім күшіне енген күнінен бастап 14 күндік мерзімде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен жұмыс тобына қосу үшін Экономика министрлерінің орынбасарлары және Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі кандидатураларды Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсыну сұралсын.
3. Жұмыс тобы:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толуына байланысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшылары мәлімдемесінің жобасын;
Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжаттың жобасын әзірлеуді қамтамасыз етсін.
4. Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Т.Д. Валовая:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде жұмыс тобының құрамын қалыптастырсын, қажет болған кезде жұмыс тобының отырыстарына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билігінің басқа органдарының өкілдерін шақырсын;
көрсетілген мәлімдемеге қол қою туралы мәселе 2019 жылғы мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қаралатынын ескере отырып, 2019 жылғы ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанына бес жыл толуына байланысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының мәлімдемесінің жобасын әзірлеу барысы туралы баяндасын.
5. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Мамин Ж.Разаков А.Силуанов