Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 Өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп 2025 жылға дейінгі Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағытын айқындайтын және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асырудың нақты механизмдері мен іс-шараларын ашып көрсететін құжат жобасын әзірлесін және көрсетілген жобаны 2019 жылдың аяғына дейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынсын.

      2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады