Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - Одақ) шеңберінде экономикалық қызмет субъектілерін трансшекаралық сәйкестендіру механизмін құру жөніндегі бастаманы пысықтау туралы ақпаратты, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген бастаманы одан әрі пысықтауға мүдделілігін ескере отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы:
"Еуразиялық экономикалық одақтағы экономикалық қызмет субъектілерін трансшекаралық сәйкестендіру механизмдерін әзірлеу" тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуді;
зерттеу жүргізу кезінде 2013 жылы Еуразиялық экономикалық комиссияның тапсырысымен орындалған "Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нормативтік-құқықтық базасын талдау және Кеден одағы аумағында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды сәйкестендірудің бірегей жүйесін, оның EORI жүйесімен интеграциясын ескере отырып, құру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу" тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін пайдалануды;
зерттеу жүргізу кезінде ұлттық сәйкестендіргіштерді тану және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экономикалық субъектілерді трансшекаралық сәйкестендіру механизмі үшін мүше мемлекеттердің цифрлық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды;
Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ұсынған сарапшылардың осы ғылыми-зерттеу жұмысының орындаушыларын таңдау бойынша конкурстық рәсімдерге қатысуын қамтамасыз етсін.
2. Одаққа мүше мемлекеттерден Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды сәйкестендірудің бірыңғай жүйесі туралы келісім жобасын келісуді 2020 жылғы 1 ақпанға дейін аяқтау сұралсын.
3. Осы Өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |