Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 74 шешіміне сәйкес жүзеге асырылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туарлы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаның (бұдан әрі тиісінше - пилоттық жоба, хабардар ету жүйесі) іске асырылу барысы туралы ақпаратты ескере отырып:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған жүйесінің (бұдан әрі - интеграцияланған жүйе) мемлекетаралық тестілеу контурында хабардар ету жүйесін тестілік пайдалануды жүргізу мерзімі 2020 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, интеграцияланған жүйенің өнімді контурында пилоттық режимде хабардар ету жүйесінің 2020 жылғы 15 маусымнан бастап жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен:
а) 2019 жылғы 20 желтоқсанға дейін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 8 бұйрығын орындамау себептеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізу және Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау;
б) пилоттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының интеграцияланған жүйенің мемлекетаралық тестілеу контурында пилоттық жобаны тестілік пайдалануды жүргізу бойынша жұмысқа қатысуын қамтамасыз ету;
в) осы өкімнің 2-тармағына сәйкес, хабардар ету жүйесі компоненттерінің интеграцияланған жүйенің өнімді контурында пилоттық режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ету сұралсын.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы пилоттық жобаның іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесін хабардар етсін.
5. Осы Өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов