Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 74 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету процестерін жеделдету және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдарының өзара іс-қимыл механизмін тестілік режимде іске қосу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны 2018 – 2019 жылдары іске асыруды қамтамасыз ету сұралсын.

      2. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны 2018 – 2019 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
      Алқасының Төрағасы Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 73 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны 2018 – 2019 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ

Іс-шараның атауы

Орындаушы

Мерзім

Күтілетін нәтиже

1

2

3

4





1. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі тиісінше – хабардар ету жүйесі, Одақ) нормативтік қамтамасыз ету. Хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезіндегі Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) өзара іс-қимылының уақытша тәртібін әзірлеу

Комиссия,
мүше мемлекеттер

2018 жылғы III тоқсан

Комиссия Алқасының уақытша тәртіпті бекіту туралы шешімі
 

2. Хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны технологиялық және техникалық қамтамасыз ету:




а) "Қауіпті өнім туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттардың жобаларын жаңарту (бұдан әрі тиісінше – технологиялық құжаттар, интеграцияланған жүйе, жалпы процесс)

Комиссия,
мүше мемлекеттер

осы жоспардың 1-тармағы орындалғаннан кейін 2 ай ішінде

технологиялық құжаттардың жобалары

б) Комиссияның интеграциялық сегментінде технологиялық құжаттардың жобаларына сәйкес интеграциялық жүйе жалпы процесінің бағдарламалық қамтылымын жаңғырту

Комиссия

осы тармақтың "а" тармақшасы орындалғаннан кейін 2 ай ішінде

техникалық жұмыс жобасы

в) мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінде интеграцияланған жүйені пайдалану үшін жалпы процесті базалық іске асыру компоненттерін әзірлеу (қажет болған кезде)

Комиссия

осы тармақтың "а" тармақшасы орындалғаннан кейін 2 ай ішінде

техникалық жұмыс жобасы

г) мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінде интеграцияланған жүйені пайдалану үшін жалпы процесті базалық іске асыру компоненттерін беру (қажет болған кезде)

Комиссия,
мүше мемлекеттер

осы тармақтың "а" тармақшасы орындалғаннан кейін 3 ай ішінде

қабылдау-тапсыру актілері

д) хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаға қатысу үшін мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының ақпараттық жүйелерін әзірлеу (пысықтау) және баптау

мүше мемлекеттер

осы тармақтың "а" тармақшасы орындалғаннан кейін 3 ай ішінде

техникалық жұмыс жобасы

3. Хабардар ету жүйесін тестілік пайдалану:




а) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Комиссияның ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылға кешенді тестілеу жүргізу

Комиссия,
мүше мемлекеттер

осы жоспардың 2-тармағының "а" тармақшасы орындалғаннан кейін 4 ай ішінде

хаттама

б) хабардар ету жүйесіне тестілік пайдалануды жүргізу

Комиссия,
мүше мемлекеттер

осы жоспардың 2-тармағының "а" тармақшасы орындалғаннан кейін 5 – 7 ай ішінде

есеп

4. Хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаның қорытындысын шығару. Хабардар ету жүйесін тестілік пайдалану қорытындысы бойынша, сондай-ақ жалпы процесті іске асыру бойынша ұсынымдар, сондай-ақ Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесінің ресурстар құрамына енгізу үшін жалпы процестің анықтамалықтары мен сыныптауыштарын әзірлеу, жүргізу және пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындау

Комиссия,
мүше мемлекеттер

осы жоспардың 2-тармағының "а" тармақшасы орындалғаннан кейін 8 ай ішінде

хаттама


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады