1. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты Армения Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы тарифтік міндеттемелерін қайта қарау жөніндегі келіссөздерге қатысу үшін құрылған келіссөз делегациясының Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №12 өкімімен бекітілген құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) келіссөз делегациясының құрамына мына адамдар енгізілсін:
Армения Республикасынан
Симонян | – |
Армения Республикасы Экономика министрінің орынбасары |
Карапетян | – | Армения Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік бақылау басқармасының бастығы |
Карапетян | – | Армения Республикасы Экономика министрлігі ЕАЭО және сыртқы сауда басқармасының бастығы |
Оганесян | – | Армения Республикасы Экономика министрінің кеңесшісі |
Беларусь Республикасынан | ||
Горелик | – | Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры |
Шатохина | – | Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің сыртқы сауда саясаты басқармасы бастығының орынбасары – сыртқы сауданы реттеу бөлімінің бастығы |
Қазақстан Республикасынан | ||
Әбдіғали | – | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сыртқы сауда қызметі департаментінің сарапшысы |
Әзенов | – | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сыртқы сауда қызметі департаменті директорының орынбасары |
Байқадамова | – | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сыртқы сауда қызметі департаментінің директоры |
Қырғыз Республикасынан | ||
Алишеров | – | Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары |
Ресей Федерациясынан | ||
Майорова | – | Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігі Сауда келіссөздері департаментінің директоры |
Еуразиялық экономикалық комиссиядан | ||
Киселева | – | Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті сауда мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі; |
б) келіссөз делегациясының мына мүшелерінің жаңа лауазымдары көрсетілсін:
Майсурян | – | Армения Республикасы Экономика министрлігі Еуропалық одақпен экономикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы | ||
Әшитов | – | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сыртқы сауда қызметі департаментінің басқарма басшысы; |
в) келіссөз делегациясы құрамынан Азизян О.В., Сагоян Г.А., Калошкина Е.Э., Соболев Р.В., Абылайысов Ғ.А., Күшікова Ж.С., Олжабаев Қ.Ж., Абакиров Э.К., Кулешов А.В., Померлян Е.А. шығарылсын.
2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов