2014 жылғы10 қазанда қол қойылған, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шарттың ережелерін іске асыруға байланысты кейбір мәселелер туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 12 өкімі.

      2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартқа № 3 қосымшаның 38-тармағын іске асыру мақсатында:

      1. 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты Армения Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы тарифтік міндеттемелерін қайта қарау жөніндегі келіссөздерге қатысу үшін қоса беріліп отырған келіссөз делегациясының (бұдан әрі – келіссөз делегациясы) құрамы бекітілсін.

      2. Келіссөз делегациясы Армения Республикасының Үкіметімен, Беларусь Республикасының Үкіметімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Ресей Федерациясының Үкіметімен бірлесіп:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына енгізу үшін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты Армения Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы тарифтік міндеттемелерін қайта қарау жөніндегі келіссөздерге арналған директивалар жобасын әзірлесін;

      аталған директивалар жобасында бастапқы өтемақы ұсыныстары үшін негіз ретінде Армения Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы тарифтік міндеттемелері өзгергенге дейін және өзгергеннен кейін Армения Республикасының аумағына тауарлар әкелу кезінде төленуге жататын кедендік әкелу баждары сомаларының айырмасына негізделген есептесу формуласын пайдалануды көздесін.

      3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Ресей
      Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
      В .Габриелян В. Матюшевский Б. Сағынтаев И. Шувалов


  Еуразиялық экономикалық комиссия
Кеңесінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 12 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы
шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты Армения
Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы тарифтік
міндеттемелерін қайта қарау жөніндегі келіссөздерге қатысу үшін
құрылған келіссөз делегациясының
ҚҰРАМЫ

Армения Республикасынан

Мелконян
Гарегин Мкртычевич

-

Армения Республикасы Экономика министрінің бірінші орынбасары (делегация басшысы)

Майсурян Артур Мартинович

-

Армения Республикасы Экономика министрлігі Еуропалық одақ және Дүниежүзілік сауда ұйымы басқармасының бастығы

Сагоян
Геворк Анатольевич

-

Армения Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау басқармасының бастығы

Беларусь Республикасынан

Назарук
Игорь Васильевич

-

Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры

Соболев
Роман Валерьевич

-

Беларусь Республикасы Сыртқы істер
министрлігі Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры

Қазақстан Республикасынан

Әлімбетова Әлия Назымбекқызы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті директорының орынбасары

Олжабаев
Қанат Жеңсікбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігі сыртқы сауда-қызметін дамыту департаментінің кедендік-тарифтік реттеу басқармасының басшысы

Сұлтанов Руслан Серікұлы

-

"Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының бас директоры

Ресей Федерациясынан

Алиханов Антон Андреевич

-

Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігі Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу департаменті директорының орынбасары

Карпова
Александра Владимировна

-

Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің Сауда келіссөздері департаментінің Тауарлармен сауда бөлімінің консультанты

Полянский Дмитрий Алексеевич

-

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі ТМД елдері Бірінші департаменті директорының орынбасары

Еуразиялық экономикалық комиссиядан

Аристов Виталий Викторович

-

Сауда саясаты департаментінің ДСҰ және басқа халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл
бөлімінің бастығы

Точин Андрей Владимирович

-

Сауда саясаты департаментінің директоры


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады