Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжатты дайындау барысы туралы ақпаратын назарға ала отырып:
1. Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасы (бұдан әрі – стратегиялық бағыттар жобасы) негізге алынсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден стратегиялық бағыттар жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды 2019 жылғы 27 қарашаға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу сұралсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 3 өкімімен құрылған Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжатты дайындау жөніндегі жұмыс тобы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ұсынған ұстанымдарды ескере отырып, 2019 жылғы 3 желтоқсанға дейін стратегиялық бағыттардың жобасын жетілдірсін.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия:
2019 жылғы 4 желтоқсанда сағат 12:00-де (Мәскеу қаласының уақытымен) жетілдірілген стратегиялық бағыттар жобасын талқылау үшін бейнеконференция форматында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мүшелерінің кеңесін өткізуді қамтамасыз етсін;
жетілдірілген стратегиялық бағыттар жобасын Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысына қарауға ұсынсын.
5. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко А.Смаилов Ж.Разаков А.Силуанов