Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 24 шешімі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабының 2-тармағының 7-тармақшасына және 20-бабының 1-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақ бюджетіне үлестік жарналарының (шкаласының) мөлшерлері туралы" №79 шешімінің 1-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бірінші абзацтағы "2020 жылға арналған" деген сөздер "2021 жылға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші – алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Армения Республикасы – 1,220 пайыз;
Беларусь Республикасы – 4,860 пайыз;
Қазақстан Республикасы – 6,955 пайыз;
Қырғыз Республикасы – 1,900 пайыз;
Ресей Федерациясы – 85,065 пайыз.".
2. Осы Шешім 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту мен тоқтату туралы 2019 жылғы 1 қазанда қол қойылған хаттама күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан