2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 1 қазанда Ереванда жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА (1)
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 42-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері біртұтас болып табылады және тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін тұлғаларға, тауарлардың шығарылған жеріне (оның ішінде тауарлардың шығарылған жері белгісіз болған не расталмаған деп есептелген жағдайларда), мәмілелердің түрлеріне және өзге де мән-жайларға қарай өзгертілуге жатпайды.
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері осы Шарттың 35, 36 және 40-баптарының, осы баптың 6-тармағының және 43-бабының, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың және Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
Осы тармақтың ережелері, оның ішінде, егер тауарлармен сыртқы саудаға қатысты осы Шарттың 34-бабында көзделген неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимі қолданылмаған жағдайда қолданылады.";
6-тармақта:
бірінші абзацтағы "тарифінің" деген сөз "тарифі баждарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "Бірыңғай кедендік тарифімен" деген сөздер "Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемелерімен" деген сөздермен ауыстырылсын, "тарифінің" деген сөз "тарифі баждарының" деген сөздермен ауыстырылсын, "басқа мүше мемлекеттерге" деген сөздер "басқа мүше мемлекеттердің аумақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 52-баптың 1-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібін Комиссия бекітеді.";
3) 54-баптың 4-тармағы бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдарының өзара салыстырмалы бағалауды жүзеге асыру тәртібін Комиссия Кеңесі бекітеді.";
4) 74-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мүше мемлекеттер өз заңнамасында:
1) қосымша тыйым салуларды, сондай-ақ осы Шарттың 75 және 76-баптарында көзделген тыйым салуларға қатысты қосымша талаптар мен шектеулерді;
2) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайын танудың өзге де (қосымша) шарттарын;
3) мүше мемлекеттің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасының бүзылу белгілерінің алдын алу және оларды анықтау жөніндегі өкілеттіктерді іске асыру кезінде ескертулер беру негіздері мен тәртібін;
4) мүше мемлекеттің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескертулер шығару негіздері мен тәртібін белгілеуге құқылы.";
5) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"85-бап
Комиссияның энергетика саласындағы өкілеттіктері
Комиссия энергетика саласында:
осы бөлімнің орындалуына мониторингті;
энергетика саласында реттеуге уәкілеттік берілген мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, технологиялық және коммерциялық инфрақұрылым ұйымдарының және мүше мемлекеттердің энергетикалық ресурстар нарықтарына қатысушылардың энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарын қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі кезіндегі өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді;
Одақ органдарының энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарын қалыптастыруға қатысты актілерін іске асыру мониторингін жүзеге асырады.";
6) мынадай мазмұндағы 991-баппен толықтырылсын:
"991 -бап
VI бөлімге қатысты өтпелі ережелер
Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілгенге дейін осы Шартқа № 5 қосымшаның 40 және 41-тармақтарында көрсетілген ақпарат осы ақпаратты қамтитын құжаттардың графикалық электрондық көшірмелері түрінде электрондық байланыс арналары арқылы жіберіледі.";
7) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 3 қосымша):
он үшінші абзацтағы "уәкілетті органдар" деген сөздер "электрондық өзара іс-қимыл субъектілері" деген сөздермен ауыстырылсын;
он жетінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Жинақтар, тізімдер, көрсеткіштер, тізімдемелер, сөздіктер және басқа әліпбилік, жүйелі, пәндік, хронологиялық немесе қандай да бір өзге де белгі бойынша құрастырылған ақпарат тізбелері анықтамалықтардың түрлері болып табылады;";
3-тармақтың 5) тармақшасы "демпингке" деген сөздің алдынан "арнайы" деген сөзбен толықтырылсын;
12-тармақтың 3) тармақшасындағы "нысанында" деген сөз "түрінде" деген сөзбен ауыстырылсын;
31-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мүше мемлекеттің ұлттық сегментіне тапсырыс берушінің уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі осы мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалады.";
8) Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және болу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 5 қосымша):
3-тармақтың төртінші абзаңындағы "қорғау, демпингке қарсы және өтемақы" деген сөздер ", демпингке қарсы, өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
40-тармақтың бірінші абзацындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген созбен ауыстырылсын;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Уәкілетті орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні осы Хаттаманың 40-тармағында белгіленген ақпаратты күнтізбелік жылдың басынан бері өсу қорытындысымен Комиссияға жібереді.";
мынадай мазмұндағы 411-тармақпен толықтырылсын:
"411 Осы Хаттаманың 40 және 41-тармақтарында көрсетілген ақпарат Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып электрондық түрде жіберіледі.";
43-тармақтың бірінші абзацындағы "40 және 41-тармақтарына" деген сөздер "40-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 8 қосымша):
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"импорттық квота" - Одақтың кедендік аумағына одан жоғары тауар жеткізілмейтін Одақтың кедендік аумағына тауар импортының көлемі (заттай және (немесе) құндық мәнінде);";
отыз үшінші абзацтағы "белгілі бір көлемін белгілеу" деген сөздер "көлемі (заттай және (немесе) құндық мәнінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
74-тармақтың екінші абзацындағы "шектеулі сауда практикасын" деген сөздер "шетелдік өндірушілер мен мүше мемлекеттер өндірушілерінің шектеулі сауда практикасын және осындай өндірушілер арасындағы бәсекелестікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
105-тармақтың бірінші абзацындағы "Шартта көзделген ресми көздерде" деген сөздер "Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтында" деген сөздермен ауыстырылсын;
130-тармақтың 4) тармақшасының бірінші сөйлеміндегі "тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді баламалы сыйақыдан кем жеткізсе не сатып алу кемінде баламалы" деген сөздер "тауарлар немесе көрсетілген қызметтер барабар сыйақыдан төмен бағаға жеткізілмесе не сатып алу барабар" деген сөздермен ауыстырылсын;
170-тармақтың бірінші абзацындағы "Шартта көзделген ресми көздерде" деген сөздер "Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) тармақшадағы "атауын" деген сөз "атауларын" деген сөзбен ауыстырылсын;
201-тармақ бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы Хаттаманың 110, 111, 114 - 120, 175 және 179 - 185-тармақтарына сәйкес тергеп-тексерулер жүргізілген жағдайда өтініш беруші өтінішін не тергеп-тексеру басталғанға дейін, не оны жүргізу барысында, бірақ тергеп-тексеру жүргізетін орган осы Хаттаманың 224 және 230-тармақтарына сәйкес тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жасалған негізгі қорытындылар туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ететін күннен кешіктірмей қайтарып ала алады.";
204-тармақтағы "Шартта көзделген ресми көздерде" деген сөздер "Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтында" деген сөздермен ауыстырылсын;
242-тармақтың төртінші абзацы "тауарды" деген сөзден кейін "(арнайы қорғау тергеп-тексеруі жүргізілген жағдайда) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
272-тармақтың екінші абзацының екінші сөйлемінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
10) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 9 қосымша):
3-тармақтың тоғызыншы абзацының күші жойылды деп танылсын;
5-тармақ оныншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Одақтың техникалық регламенттеріне сәйкестігі туралы декларацияларды тіркеу Комиссия айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Одақтың техникалық регламенттерінде Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының)) сәйкестікті бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу жөніндегі талаптарды белгілеу кезінде мұндай жұмыстар өтініш берушінің таңдауы бойынша талап етілетін аккредиттеу саласында қолданыстағы аккредиттелуі бар және осы тізілімге енгізілген сәйкестікті бағалау жөніндегі кез келген органдарда жүргізіледі.";
11) Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 12 қосымша):
2-тармақтың бесінші абзацы "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "немесе үшінші елдің құзыретті органы" деген сөздермен толықтырылсын, "орнын ауыстыруға" деген сөздердің алдынан "әкелуге," деген сөзбен толықтырылсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын, мүше мемлекеттер арасында тасымалданатын тауарларға ветеринариялық сертификаттардың нысандарын, сондай-ақ ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда көзделген бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандарын Комиссия бекітеді.";
12) Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 14 қосымша):
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Мұндай келісу тәртібін Комиссия бекітеді.";
5-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакңияда жазылсын:
"1) әрбір мүше мемлекеттің экономикасына бағытталған, нетто-негізде (таза негізде) (АҚШ долларымен) есептелген тікелей инвестициялар көлемі;
2) әрбір мүше мемлекеттен ұлттық экономикаға түскен, нетто-негізде (таза негізде) (АҚШ долларымен) есептелген тікелей инвестициялар көлемі;";
13) Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 16 қосымша) 75-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
14) Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 19 қосымша):
2-тармақтың 9) тармақшасындағы "мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерімен қорғалатын" деген сөздер "оған қол жеткізу мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шектелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацының күші жойылды деп танылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Комиссия:
1) трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін, Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілерінің болуы туралы өтінішті (материалдарды) қарауды (бұдан әрі - өтінішті қарау);
2) трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізуді (бұдан әрі - тергеп-тексеру жүргізу);
3) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің), мүше мемлекеттердің билік органдарының, жеке тұлғалардың өтініштері негізінде немесе жеке бастамасы бойынша трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін, Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істі қозғауды және қарауды (бұдан әрі - істі қарау);
4) ұйғарым, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту (бұдан әрі - алдын ала ескерту) шығаруды, сондай-ақ мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) орындауы үшін міндетті шешімдер, оның ішінде:
Шарттың XVIII бөлімінде және осы Хаттамада көзделген жағдайларда мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (нарық субъектілеріне) айыппұл санкцияларын қолдану;
бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуын тоқтатуға, оларды бұзу салдарын жоюға, бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау;
трансшекаралық нарықта бәсекелестіктің туындауына кедергі болып табылуы мүмкін және (немесе) бәсекелестікті шектеуге, жоюға және Шарттың XVIII бөлімінде және осы Хаттамада көзделген жағдайларда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттерге жол бермеу туралы шешімдер қабылдауды;
5) мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (нарық субъектілеріне), сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын жеке тұлғаларына және коммерциялық емес ұйымдарына бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілерін қамтитын әрекеттерді (әрекетсіздікті) тоқтату қажеттігі туралы және (немесе) осындай бұзушылық белгілерінің туындауына ықпал еткен себептер мен шарттарды жою туралы және осындай әрекеттердің (әрекетсіздіктің) салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ескерту (бұдан әрі - ескерту) беруді;
6) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары өкілдерінің қатысуымен және өзге де тұлғаларды тарту мүмкіндігімен консультациялар (қажет болған кезде) өткізуді;
7) мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдары мен ұйымдарынан, занды және жеке тұлғалардан ақпаратты, оның ішінде трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті құпия ақпаратты сұратуды және алуды;
8) трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын Үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынуды және мақұлданған есепті Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтына орналастыруды;
9) бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы қаралған істер бойынша шешімдерді Интернет желісіндегі Одақтың ресми сайтына орналастыруды;
10) Шарттың XVIII бөлімінің және осы Хаттаманың ережелерін іске асыру үшін қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
бірінші абзац мынадай редакңияда жазылсын:
"11. Өтінішті қарау тәртібін, тергеп-тексеру жүргізу тәртібін, істі қарау тәртібін, сондай-ақ алдын ала ескерту жасау тәртібін Комиссия бекітеді. Құпия ақпаратты қоспағанда, Комиссия істі қарау мақсаттары үшін жүргізген бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері Комиссияның істі қарау нәтижелері бойынша қабылданатын шешіміне енгізіледі.";
жетінші абзацтағы "тәртібін бекітеді." деген сөздер "тәртібін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмүндағы абзацтармен толықтырылсын:
"трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және олардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар туралы есепті дайындау тәртібін;
шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) Шарттың 76-бабының 3 - 5-тармақтарына сәйкес жол берілмейтін келісімді жасасқаны туралы, сол сияқты оған қатысқаны туралы ерікті түрде мәлімдеген кезде жауаптылықтан босату тәртібін бекітеді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Шарттың 76-бабында белгіленген трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді қарауды, тергеп-тексерулер жүргізуді, істердің материалдарын дайындауды және алдын ала ескертулер жасауды қамтамасыз етуді Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі) жүзеге асырады.";
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Өтінішті қарау, тергеп-тексеруді жүргізу, істі қарау, алдын ала ескерту жасау туралы мәселені қарау кезінде Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдарынан немесе ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады.";
мынадай мазмұндағы 131 - 134-тармақтармен толықтырылсын:
"131. Өтінішті қарау шеңберінде, осы Хаттаманың 13-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке жол бермеуге, оны шектеуге, жоюға алып келетін немесе алып келуі мүмкін әрекеттердің жолын кесу мақсатында Комиссия Алқасының бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектісіне (нарық субъектісіне), сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер нарық субъектілері) болып табылмайтын жеке тұлғалары мен коммерциялық емес ұйымдарына ескерту береді.
Ескертуді дайындау, беру, жіберу және оны орындау мерзімін ұзарту рәсімі өтініштерді қарау тәртібімен айқындалады.
132. Ескерту мынадай жағдайлардың бірінде берілмейді:
1) Шарттың 76-бабына сәйкес тыйым салынған мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасындағы келісімдер белгілерінің анықталуы;
2) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайын тауардың монополиялық жоғары немесе монополиялық төмен бағасын белгілеу, ұстап тұру бөлігінде теріс пайдалану белгілерінің анықталуы;
3) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) олар бойынша алдыңғы 24 ай ішінде ескерту берілген не істі қарау қорытындылары бойынша шешім қабылданған бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілерінің анықталуы.
133. Өзіне ескерту берілген тұлға міндетті түрде оны ескертуде көрсетілген мерзімде қарауға тиіс.
Ескерту берілген тұлға оны орындау үшін белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ескертудің орындалғаны туралы Комиссияны хабардар етеді (хабарламаға растайтын материалдар қоса берілуге тиіс).
Ескерту берілген тұлғаның уәжді өтінішхаты бойынша және ескертуді белгіленген мерзімде орындау мүмкін емес деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде, Комиссия Алқасының бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі көрсетілген мерзімді ұзарта алады.
Ескерту белгіленген мерзімде орындалған жағдайда тергеп-тексеру жүргізілмейді және ескертуді орындаған тұлға бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл салу түріндегі жауаптылыққа жатпайды.
Ескерту белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда Комиссия көрсетілген мерзім өткен күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей тергеп-тексеру жүргізу туралы ұйғарым шығарады.
134. Бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуын болғызбау мақсатында Комиссия Алқасының бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) лауазымды адамына, сондай-ақ жеке тұлғаларға алдын ала ескерту жасайды.
Егер осындай жүріс-тұрыс жалпы бәсекелестік қағидаларының бұзылуына алып келуі мүмкін болса және бұл ретте тергеп-тексеру жүргізуді бастау туралы ұйғарым шығару үшін негіздер болмаса, осындай тұлғалардың трансшекаралық нарықтағы жоспарланып отырған жүріс-тұрыс туралы жария мәлімдемесі шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) лауазымды адамына, сондай-ақ жеке тұлғаларға алдын ала ескерту жасау үшін негіз болып табылады.";
57-тармақтың бірінші абзацындағы "Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді қараған кезде, Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізген кезде, Комиссия трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қараған кезде" деген сөздер "өтініштерді қараған кезде, тергеп-тексерулерді жүргізген кезде, істерді қараған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
58-тармақтың оныншы абзацындағы "бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына" деген сөздер алып тасталсын;
59-тармақтағы "трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына" деген сөздер алып тасталсын;
61-тармақтың бірінші абзацындағы, 74 және 78-тармақтардағы "бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына", "бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы" деген сөздер және "трнсшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы" деген сөздер алып тасталсын;
15) Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасында (көрсетілген Шартқа № 21 қосымшаға қосымша):
1-бөлімде:
1.3.1-тармақшадағы "Ресей Федерациясының Тарифтер жөніндегі федералдық қызметіне (Ресейдің ТФҚ)" деген сөздер "Ресей Федерациясының субъектілері бойынша электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың жиынтық болжамды теңгерімін қалыптастыруға уәкілеттік берілген органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
1.3.2-тармақшадағы "Ресей ТФҚ" деген сөздер "Ресей Федерациясының субъектілері бойынша электр энергиясын (қуатын) өндіру мен тұтынудың жиынтық болжамды теңгерімін қалыптастыруға уәкілеттік берілген орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-бөлімнің үшінші абзацындағы "кедендік шекараға" деген сөздер "Одақтың кедендік шекарасына және (немесе) мүше мемлекеттің басқа мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекарасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамада (көрсетілген Шартқа № 24 қосымша):
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібінде (көрсетілген Хаттамаға № 1 қосымша):
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы Тәртіп басқа мүше мемлекеттермен ортақ құрлықтық шекарасы жоқ мүше мемлекетте қолданылмайды.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бақылау пунктінде хабарламаның орындалуын тексеруді жүзеге асырған көліктік (автомобильдік) бақылау органы тексеру нәтижелері туралы ақпаратты ақпараттық базаға енгізеді және аталған ақпаратты хабарламаны берген көліктік (автомобильдік) бақылау органына жібереді.";
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде теміржол көлігінің инфрақұрылымдық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу қағидаларының 30-тармағы (көрсетілген Хаттамаға № 2 қосымшаға № 1 қосымша) мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Пойыздар қозғалысының нормативтік графигі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің шешімдерінде айқындалған мерзімдерде қолданысқа енгізіледі және қолданысын тоқтатады.";
17) Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 28 қосымша) 2-тармағының екінші абзацында және Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 29 қосымша) 2-тармағының екінші абзацында "Астана және Алматы" деген сөздер "Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап
Осы Хаттама мүше мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
2019 жылғы 1 қазанда Ереван қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін |
Беларусь Республикасы үшін |
Қазақстан Республикасы үшін |
Қырғыз Республикасы үшін |
Ресей Федерациясы үшін |
Осымен аталған мәтін 2019 жылғы 1 қазанда Ереван қаласында:
Армения Республикасы үшін Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.В.Пашинян;
Беларусь Республикасы үшін Беларусь Республикасының Президенті A.Г. Лукашенко;
Қазақстан Республикасы үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Қ. Тоқаев;
Қырғыз Республикасы үшін Қырғыз Республикасының Президенті С. Ш. Жээнбеков;
Ресей Федерациясы үшін Ресей Федерациясының Президенті B.В. Путин қол қойған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың (1) толық және тең түпнұсқалық көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқықтық департаментінің директоры |
В.И. Тараскин |