Еуразиялық экономикалық одақ Сотына жүгінген кезде шаруашылық жүргізуші субъектілер төлейтін баж мөлшерін бекіту туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 25 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      01.01.2021 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 85 шешімінің 2-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақ Сотына жүгінген кезде шаруашылық жүргізуші субъектілер төлейтін баж мөлшері Еуразиялық экономикалық одақтың 2021 жылға арналған бюджеті жобасын әзірлеу кезінде болжанып отырған 3,7 пайызды құрайтын тұтыну бағаларының өсуі индексіне сәйкес 2021 жылға 47 846 Ресей рублі мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы Шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:


      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
      Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан

Об утверждении размера пошлины, уплачиваемой хозяйствующими субъектами при обращении в Суд Евразийского экономического союза

Решение Высшего Евразийского экономического совета от 11 декабря 2020 года № 25.

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.01.2021 г.

      В соответствии с пунктом 2 Решения Высшего Евразийского экономического совета от 10 октября 2014 г. № 85 Высший Евразийский экономический совет решил:

      1. Утвердить на 2021 год размер пошлины, уплачиваемой хозяйствующими субъектами при обращении в Суд Евразийского экономического союза, в размере 47 846 российских рублей в соответствии с прогнозируемым при подготовке проекта бюджета Евразийского экономического союза на 2021 год индексом роста потребительских цен, составляющим 3,7 процента.

      2. Настоящее Решение вступает в силу с 1 января 2021 г.

Члены Высшего Евразийского экономического совета:

От Республики Армения

От Республики Беларусь

От Республики Казахстан

От Кыргызской Республики

От Российской Федерации