Куба Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру туралы өтінімі жайындағы ақпаратты назарға ала отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия болып өткен талқылауды ескере келіп, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Үкіметтерімен бірлесіп Куба Тарапымен консультациялар өткізсін және мәселені Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қарауға енгізсін.
2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |