Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 13 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында автомобильмен жүк тасымалдарын орындауын кезең-кезеңмен ырықтандырудың 2016 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі аралықтағы кезеңге арналған бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) ІІ кезеңін іске асыру барысы туралы ақпаратының негізінде:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Бағдарламада көзделген іс-шараларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің іске асыруы мониторингін жалғастырсын.
2. Армения Республикасының Үкіметі, Беларусь Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі Бағдарламаның ІІІ кезеңінде көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |