Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 24 қосымша) II бөлімінің 6-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында автомобильмен жүк тасымалдарын орындауын кезең-кезеңмен ырықтандырудың 2016 жылдан 2025 жылдар аралығы кезеңіне арналған бағдарламасы бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері осы Шешіммен бекітілген Бағдарламаны мүше мемлекеттердің 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іске асыруы үшін қажетті іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етсін.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия осы Шешіммен бекітілген Бағдарламаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орындауы мониторингін қамтамасыз етсін және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесті автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын ырықтандыру кезеңдерінің әрқайсысының іске асырылу нәтижелері туралы хабардар етіп отырсын.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Ресей Федерациясынан |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы "8" мамырдағы №13 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында автомобильмен жүк тасымалдарын орындауын кезең-кезеңмен ырықтандырудың 2016 жылдан 2025 жылдар аралығы кезеңіне арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама паспорты
Атауы | – | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында автомобильмен жүктасымалдарын орындауын кезең-кезеңмен ырықтандырудың 2016 жылдан 2025 жылдар аралығы кезеңіне арналған бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіз | – | 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт |
Жауап ты әзірлеуші | – | Еуразиялық экономикалық комиссия |
Тең әзірлеушілер | – |
Армения Республикасының Көлік және байланыс министрлігі; |
Мақсаты | – | Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) шеңберінде автокөлік қызметтерін көрсетудің ортақ нарықтарын қалыптастыру және азаматтығы мен тіркелу мемлекетіне қарамастан Одақтың бүкіл аумағында жүк автомобиль көлігі қызметтерін көрсетуге мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) тасымалдаушыларының қолжетімділігін жеңілдету |
Міндеттері | – | мүше мемлекеттер бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушы мүше басқа мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында орындайтын жүк тасымалдарына (автомобильмен каботаждық жүк тасымалдары) қатысты қолданыстағы шектеулерді 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап кезең-кезеңмен алып тастауға бағытталған мүше мемлекеттер іс-қимылының дәйектілігін айқындау |
Нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер | – |
халықаралық тасымалдар көлеміндегі бос жол жүру үлесін азайту (пайыздар); |
Кезеңдері мен мерзімдері | – |
Бағдарлама ұзақ мерзімді сипатта және 4 кезеңде іске асырылуға жатады: |
Қаржыландыру көздері мен көлемі | – |
мүше мемлекеттердің бюджеттері, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар, өзге де көздер. |
Күтілетін түпкі нәтижелер | – |
бос жол жүрудің үлестік салмағын және ұзындығын азайту; |
Бағдарламаның іске асырылуын бақылау | – |
іске асырылуын бақылауды: |
Кіріспе
Осы Бағдарлама 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес әзірленді және бірыңғай көлік кеңістігін, Одақтың көлік қызметтерін көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру және мүше мемлекеттердің автокөлік қызметтерін ұсыну шарттарын кезең-кезеңмен ырықтандыру процесінің қисынды жалғасы болып табылады.
Осы Бағдарлама мүше мемлекеттер заңнамасының ерекшеліктері және Еуропалық одақтың тәжірибесі ескеріле отырып әзірленді.
Мүше мемлекеттер арасындағы сыртқы экономикалық байланыстар іс жүзінде барлық көлік түрлерімен қамтамасыз етіледі, бұл ретте автомобиль көлігі жүктер жеткізу тізбегінде маңызды рөл атқарады және экономикалық барлық салаларына қызмет көрсете отырып, мүше мемлекеттердегі жүк тасымалы жалпы көлемінің 80 пайыздан астамын қамтамасыз етеді.
Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда автомобиль көлігінің артықшылықтары жоғары пайдаланушылық және коммерциялық маневрлігі, басқа көлік түрлерімен өзара іс-қимылға технологиялық бейімділігі және жүкті "есіктен есікке дейін" жеткізу мүмкіндігі болып табылады.
Автомобиль көлігі кәсіпкерлікті, әсіресе жүкті шағын партиялармен жөнелтуге неғұрлым мүдделі шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі элементі болып табылады.
Шартта бекітілген интеграцияны тереңдету және мүше мемлекеттер аумағында тіркелген тасымалдаушыларға Одақтың бүкіл аумағында автомобильмен халықаралық жүк тасымалдарын рұқсатсыз негізде жүзеге асыру құқығын ұсыну туралы ережелер, соның ішінде автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын ырықтандыру туралы ережелер Одақ шеңберінде жүк автомобиль көлігі қызметтерін көрсетудің ортақ нарығын қалыптастырудың басталуы болып табылады.
Осы Бағдарламада автомобильмен каботаждық жүк тасымалы деп бір мүше мемлекеттің аумағында тіркелген тасымалдаушының басқа мүше мемлекет аумағында орналасқан екі пункт арасында жүзеге асыратын автомобиль көлігімен жүк тасымалдау түсініледі.
I. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау нарығының жай-күйіне шолу
2005 – 2013 жылдардағы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау нарығының жай-күйіне шолу Халықаралық автомобиль көлігі одағының "Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі автомобиль көлігінің жай-күйі" зерттеулері (бұдан әрі – ХАКО зерттеулері), сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның, мүше мемлекеттердің статистикалық органдарының, автомобильмен тасымалдаушылар қауымдастықтарының статистикалық деректері ескеріле отырып жүргізілді.
2013 жылы мүше мемлекеттердің аумағында автомобиль көлігімен тұтастай алғанда 8,8 млрд. тоннадан астам жүк тасымалданды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға көп және 2005 жылмен салыстырғанда 6 пайызға көп.
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемінің өсімі Қазақстан Республикасында байқалуда, алайда Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында 2013 жылы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемінің қысқаруы байқалды (осы Бағдарламаға қосымшаның 1-кестесі).
Мүше мемлекеттердің автомобиль көлігімен жүк айналымы 2005 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 67 пайызға өсіп, 400 млрд т/км-ға жетті (осы Бағдарламаға қосымшаның 2-кестесі).
Мүше мемлекеттерге автомобиль көлігі жүк айналымы ұлғаюының ортақ үрдісі тән.
Тұтастай мүше мемлекеттер бойынша жүк тасымалы көлемінде автомобиль көлігінің үлесі 2013 жылы жоғары болып, 82,8 пайызды құрады, алайда оның мүше мемлекеттер бойынша айырмашылықтары бар. Ең аз үлес Беларусь Республикасындағы автомобиль көлігіне тиесілі (55,2 пайыз), бірақ өсу үрдісі байқалуда. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасында автомобильмен жүк тасымалдау үлесі жүк тасымалдаудың жалпы көлемінің тиісінше 80,2 және 91 пайызын құрайды(осы Бағдарламаға қосымшаның 3-кестесі).
ХАКО зерттеуіне сәйкес 2005 – 2013 жылдары автомобиль көлігімен жүк айналымы Қазақстан Республикасында 3 еседен астам, Беларусь Республикасында 2 еседен астам, Ресей Федерациясында 1,28 есе өскені байқалды.
2005 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2013 жылы барлық көлік түрлері жүк айналымындағы автомобиль көлігінің үлесі озық қарқынмен өсті: Беларусь Республикасында –1,9 есе, Қазақстан Республикасында –1,8 есе, Ресей Федерациясында –1,1 есе өсті (осы Бағдарламаға қосымшаның 4-кестесі).
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдары жүзеге асырылатын арақашықтықтар да ұлғайды.
Мәселен, егер 2005 жылы тасымалдаудың орташа арақашықтығы 30,2 км болса, 2013 жылы ол 47,3 км құрады. Бұл ретте Беларусь Республикасында 2013 жылы автомобиль көлігімен жүк тасымалдаудың орташа арақашықтығы 128 км-ден асып кетті (осы Бағдарламаға қосымшаның 5-кестесі).
Мүше мемлекеттерде 2005 – 2013 жылдары автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемінің серпіні осы Бағдарламаға қосымшаның 6-кестесінде ұсынылған.
1. Армения Республикасындағы автомобиль көлігі
Армения Республикасында 2013 жылы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 7,3 млн. тонна, ал жүк айналымы 0,5 млрд т/км құрады (осы Бағдарламаға қосымшаның 1 және 2-кестелері).
Армения Республикасында автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын 131 компания тіркелген, олардың ішінде 51 компания Армения Республикасының халықаралық тасымалдаушылары қауымдастығы (AirCA) құрамында тұр.
Қазіргі уақытта Армения Республикасында жүк автокөлік құралдары паркінде 15 мыңға жуық автомобиль бар.
Халықаралық жол тасымалы (ХЖТ) жүйесі бойынша 650-ге жуық жүк автокөлік құралы халықаралық тасымалды жүзеге асырады. Соңғы 3 жылда ХЖТ кітапшаларын беру 30 пайызға ұлғайды.
AirCA деректері бойынша Армения Республикасындағы жүк автокөлігі құралдары паркі Еуро-3, Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық сыныбының қазіргі заманғы көлік құралдарынан тұрады.
Армения Республикасындағы автомобиль көлігімен жүк тасымалдаудың орташа арақашықтығы 2013 жылы 66,1 км құрады.
Автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы 19 шет мемлекеттің аумағы бойынша жүзеге асырылады.
Армения Республикасындағы ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 7 792 км құрайды, олардың ішінде 1 963,8 км республикалық автомобиль жолдарына және 5 828,2 км жергілікті автомобиль жолдарына жатқызылған.
Еуропа – Кавказ – Азия көлік дәлізі шеңберінде Армения Республикасында ұзындығы 556 км болатын Солтүстік – Оңтүстік автомобиль жолы құрылысының жобасын іске асыру жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру мерзімі – 2009 – 2019 жылдар. Елдің солтүстігі мен оңтүстігін қосатын жол халықаралық стандарттарға сәйкес болады.
2. Беларусь Республикасындағы автомобиль көлігі
2013 жылы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 0,2 млрд тонна, ал жүк айналымы 22,9 млрд т/км құрады (осы Бағдарламаға қосымшаның 1 және 2-кестелері).
Беларусь Республикасындағы автомобиль көлігімен жүк тасымалдаудың орташа арақашықтығы ХАКО деректері бойынша
2013 жылы 128,7 км құрады (осы Бағдарламаға қосымшаның 5-кестесі).
Беларусь Республикасында 414 мыңнан астам жүк автокөлік құралы тіркелген, олардың 285 мыңы заңды тұлғаларға тиесілі, 128 мыңы жеке меншікте.
Беларусь Республикасында автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдарын 15 мыңнан астам жүк көлігі, соның ішінде ХЖТ рәсімін қолдана отырып, 12 мыңға жуық автокөлік құралы жүзеге асырады.
ХЖТ рәсімін қолдана отырып, автомобиль көлігімен жүк тасымалын жүзеге асыру үшін тіркелген автокөлік құралдарының 57 пайызы Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық талаптарына сәйкес келеді. 3 жылға дейінгі пайдалану мерзімі бар жаңа автокөлік құралдарының үлестік салмағы ХЖТ рәсімін қолдана отырып, автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін рұқсат берілген көлік құралдарының жалпы көлемінде 36 пайызды, 3 жылдан 7 жылға дейінгі пайдалану мерзімі бар – 36 пайызды, 7 жылдан жоғары пайдалану мерзімі бар – 28 пайызды құрайды.
Беларусь Республикасының 3 700 астам шаруашылық субъектісі автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалын жүзеге асырады, соның ішінде 1 000-нан астам шаруашылық субъектісі Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары қоғамдастығының құрамына (БХАТҚ) кіреді.
Автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдары 40 шет мемлекеттің аумағы бойынша жүзеге асырылады.
Беларусь Республикасындағы ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 86 648 км құрайды. Бұл ретте 15 757 км республикалық автомобиль жолдарына,70 891 км жергілікті автомобиль жолдарына жатады.
Беларусь Республикасының аумағын халықаралық сыныптауыш бойынша (Батыс – Шығыс) ІІ нөмірмен және ІХ В тармағына бөліне отырып, (Солтүстік – Оңтүстік) ІХ нөмірмен айқындалған 2 транъеуропалық көлік дәлізі кесіп өтеді.
Брест – Минск – Ресей Федерациясының шекарасы М-1/Е-30 автомобиль жолы Германияны, Польшаны, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясын қосатын Берлин – Варшава – Минск – Мәскеу – Нижний Новгород ІІ трансъеуропалық көлік дәлізінің учаскесі болып табылады. Бұл көлік дәлізі Еуропалық одақ бойынша Шығыс пен Батыс арасында өтіп жатқан сауда ағындарының маңызды мәніне байланысты трансеуропалық дәліздер ішінде жоғары басымдығы бар ретінде айқындалған. Оның ұзындығы Беларусь Республикасының аумағы бойынша 610 км құрайды, жекелеген учаскелердегі қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 8,5 – 10 мың автомобильге жетеді.
Ресей Федерациясының шекарасы – Витебск – Гомель – Украина шекарасы М-8/Е-95 автомобиль жолы Беларусь Республикасының аумағын солтүстіктен оңтүстікке кесіп өтеді, 456 км ұзындығы бар және Финляндияны, Литваны, Ресей Федерациясын, Беларусь Республикасын, Украинаны, Молдованы, Румынияны, Болгария мен Грекияны қосатын ІХ трансъеуропалық көлік дәлізінің учаскесі болып табылады.
Осы дәліздің Минск – Вильнюс – Клайпеда – Калининград ІХ В тармағының ұзындығы Беларусь Республикасының аумағы бойынша 468 км құрайды. Аталған тармақ Шығыс Украина мен Орталық Ресейдің жүк иеленушілеріне Клайпеда, Вентспилс пен Калининград мамандандырылған порттарына шығуды қамтамасыз етеді.
3. Қазақстан Республикасындағы автомобиль көлігі
Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2013 жылы 2,9 млрд тонна, ал жүк айналымы 145,2 млрд т/км құрады (осы Бағдарламаға қосымшаның 1 және 2-кестелері).
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 400 мыңға жуық жүк автөкөлік құралы тіркелген.
Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын 2 456 көлік компаниясы тіркелген. Олардың 335-сі Қазақстан Республикасы халықаралық тасымалдаушылары одағында (ҚазАТО) тұр.
Автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдарына 12 мыңнан астам жүк автокөлік құралы тартылған. ХЖТ жүйесі бойынша 5 987 жүк автокөлік құралы тасымалдарды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының халықаралық тасымалдар нарығындағы қазақстандық автотасымалдаушылар нарығының үлесі 2013 жылы 37 пайызды құрады, бұл өткен жылдағыдан 3 пайызға көп.
ҚазАТО деректері бойынша 2009 – 2013 жылдары Еуро-0, Еуро-1 және Еуро-2 экологиялық сыныптағы автомобильдер саны 74,1 пайыздан 45,6 пайызға дейін қысқарды. Еуро-3, Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық сыныбындағы автомобильдер саны 25,9 пайыздан 54,4 пайызға дейін ұлғайды.
Тасымалдардың орташа арақашықтығы 48,7 км құрайды, бұл іс жүзінде Одақ бойынша орташа көрсеткішке (47,3 км) сәйкес келеді.
Ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 96 873 км құрайды, олардың ішінде қатты жабындысы бар – 86 581 км, топырақ жолдар –10 292 км.
Халықаралық тасымалда жүктердің негізгі көлемі мүше мемлекеттермен, Еуропа мемлекеттерімен, Орталық Азиямен және Қытаймен экспорттық-импорттық қатынаста тасымалданады.
ҚазАТО деректері бойынша 1013 жылы Қазақстан Республикасы мен Еуропа елдері арасындағы автомобиль көлігімен жүк тасымалдары былайша бөлінді: Германия – 36, 2 пайыз, Литва – 15,9 пайыз, Польша – 14,1 пайыз, Италия – 4,7 пайыз, Финляндия – 4,5 пайыз, Ұлыбритания – 4,1 пайыз, Нидерланды – 4,0 пайыз, Бельгия – 2,9 пайыз, Латвия – 2,1 пайыз, Чехия – 1,6 пайыз, Франция – 1,4 пайыз, Аустрия – 1,1 пайыз, Румыния – 1,1 пайыз, Испания – 1,0 пайыз, Швейцария – 1,0 пайыз.
Азия бағытында жүк ағынын негізінен Қытай (80,8 пайыз) мен Түркия (14,4 пайыз) құрайды.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 3 халықаралық көлік дәлізі өтеді және қалыптасады, олардың одан әрі дамуының, соның ішінде автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезінде де стратегиялық маңызы бар:
ТРАСЕКА: Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропа – Орталық Азия;
Солтүстік – Оңтүстік: Қазақстан Республикасының қатысуымен Ресей Федерациясы мен Иран арқылы Солтүстік Еуропа – Парсы шығанағы елдері;
Батыс Еуропа – Батыс Қытай.
Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізінің ұзындығы –8 445 км, соның ішінде Қытайдың аумағы бойынша –
3 425 км, Ресей Федерациясы бойынша – 2 233 км, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша – 2 787 км.
Жобаны іске асыру Қытайдан Еуропаға автомобиль көлігімен жүк жеткізу мерзімін 10 тәулікке дейін, 3,5 есе дерлік қысқартуға мүмкіндік береді.
Қытай – Орталық Азия мен Қытай – Ресей – Батыс Еуропа бағыттары бойынша транзиттік жүк ағындарының болжамды өсуі 2015 жылға қарай 1,5 есені (1,2 млн. тоннаға дейін) құрайды.
Көлік дәліздерінің басты құрамдастары қазіргі заманғы тиімді логистикалық инфрақұрылым болып табылады, мынадай ірі логистикалық орталықтар құрылуда: Ақтау портында "Батыс қақпасы", "Қорғас" еркін экономикалық аймағында "Шығыс қақпасы",
Алматы, Астана қалаларында және басқалары.
Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарына сәйкес 2020 жылға қарай ірі қалалар мен елді мекендерді өзара байланыстыратын қазіргі заманғы автожол желісін құру жоспарлануда. Бұл үшін 16 мың км-ге жуық республикалық маңызы бар автомобиль жолдары салынады және реконструкцияланады. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді.
31. Қырғыз Республикасындағы автомобиль көлігі
2013 жылы Қырғыз Республикасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 39,4 млн. т, ал жүк айналымы 1,4 млрд. т/км құрады (осы Бағдарламаға қосымшаның 1 және 2-кестелері).
Барлық көлік құралдарымен тасымалданатын жалпы жүк көлемінің 95– 97 пайыздан астамы автомобиль көлігіне тиесілі.
Қазіргі уақытта жүк автокөлік құралдарының республикалық паркінде 115 мыңға жуық жүк автокөлік құралдары және 34 мыңға жуық тіркемелер мен жартылай тіркемелер бар және олар негізінен Еуро–2, Еуро–3 және Еуро–4 экологиялық сыныбының көлік құралдарынан тұрады.
Автомобиль саласында жүк тасымалдау бойынша 114 заңды тұлға тартылған, олардың 85-і Қырғыз Республикасының халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар қауымдастығы құрамындатұр.
ХЖТ жүйесі бойынша шамамен 4 100 жүк автокөлік құралымен тасымалдау жүзеге асырылады.
2014 жылы авмомобиль көлігімен жүк тасымалдаудың орташа арақашықтығы 1 123,3 км құрады.
Автомобиль көлігімен жүктерді халықаралық тасымалдау 40 шет мемлекеттің аумағы бойынша жүзеге асырылады.
Қырғыз Республикасында ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 34 000 км құрайды, оның ішінде 5 700 км республикалық автомобиль жолдарына және 9 000 км жергілікті автомобиль жолдарына жатқызылған.
Қырғыз Республикасының аумағы бойынша мынадай халықаралық көлік дәліздері өтеді: Бішкек – Ош – 672 км, Бішкек –Қордай – 16 км, Бішкек – Чалдыбар (Қара – Балта – Чалдыбар учаскесі) – 88 км, Бішкек – Нарын – Торугарт – 539 км, Тараз – Талас – Суусамыр – 199 км, Ош – Сарыташ – Иркештам – 258 км, Ош – Исфана – 362 км, Сарыташ –Қарамық–Тәжікстан Республикасымен шекара– 136 км.
Қырғыз Республикасында халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 4 163 км. құрайды, республикалық маңызы бар – 5 678 км, жергілікті маңызы бар – 8 969 км. Олардың ішінде қатты жабындысы бар ортақ пайдаланылатын жолдардың ұзындығы 7 228 км құрайды, оның ішінде 11 км –цемент-бетон жабындысы, 4 969 км – асфальт-бетон жабындысы және 2 248 км – қара қиыршық тас жабындысы бар жолдар.
Қырғыз Республикасында бәсекеге қабілетті негізгі көлік дәліздері мыналар болып табылады:
Еуропа – Шығыс Азия (Бішкек – Нарын – Торугарт автомобиль жолы бойынша (ұзындығы – 539 км) – Еуропаны Қытаймен және Шығыс Азиямен қосады. Маршрут Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арқылы Ресей Федерациясының шекарасынан Қытайға дейін өтеді;
Жерорта теңізі – Шығыс Азия (Ош – Сарыташ – Иркештам автомобиль жолы бойынша (ұзындығы – 258 км) – Кавказ бен Жерорта теңізін Шығыс Азиямен қосады. Маршрут Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Түркіменстан, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Қытай арқылы өтеді;
Ресей Федерациясы – Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия (Ош – Сарыташ – Қарамық автомобиль жолы бойынша) – Ресей Федерациясын Парсы шығанағымен қосады. Маршрут Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Ауғанстан Ислам Республикасы және Түркіменстан арқылы өтеді;
Шығыс Азия – Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия (Иркештам – Сарыташ – Қарамық автомобиль жолы бойынша) –
Шығыс Азияны Орталық Азия арқылы Аравия теңізімен қосады. Маршрут Қытай, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Ауғанстан Ислам Республикасы арқылы өтеді.
Қырғыз Республикасының мүше мемлекеттерді қосатын негізгі автомобиль жолдары және Қырғыз Республикасының көлік дәліздері мыналар болып табылады:
Тараз (Қазақстан Республикасы) – Талас – Суусамыр (Бішкек – Ош);
Кеген (Қазақстан Республикасы) – Балыкчы (Бішкек – Торугарт).
Ескерту. I-бөлім 31 кіші бөліммен толықтырылды - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 21.12.2015 № 39 шешімімен.4. Ресей Федерациясындағы автомобиль көлігі
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2013 жылы 5,6 млрд тонна, ал жүк айналымы 250млрд т/км құрады (осы Бағдарламаға қосымшаның 1 және 2-кестелері).
Қазіргі уақытта автомобиль көлігіндегі мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындар жүк тасымалдарының 95,8 пайызын орындайды.
Автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктер құрылымында 83 пайызын үйіп тасымалданатын жүктер құрайды, азық-түлік тауарларының үлесі шамамен 8,5 пайызды құрайды, ағаш материалдары мен халық тұтынатын тауарларға 3 пайыздан тиесілі.
Автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдары 45 шет мемлекеттің аумағы бойынша жүзеге асырылады.
Автокөлік қызметтерін көрсету нарығы қатысушылардың көп саны болуымен сипатталады. Ресей федерациясының ішіндегі жүк тасымалдары 6 млн-нан астам автомобильмен жүзеге асырылады. Осыған байланысты нарықтағы бәсекелестік деңгейі өте жоғары.
Автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы нарығы Ресей компаниялары тарапынан да, шетелдік тасымалдаушылар тарапынан да бәсекелестіктің жоғары деңгейімен сипатталады.
50 мыңнан астам автокөлік құралы халықаралық тасымалмен айналысады, 36 мың көлік құралы Халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар қауымдастығына (ХАТҚ) тиесілі.
2012 жылы 7,4 мыңға жуық кәсіпорынның автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалына рұқсаты болды. Олардың ішінде шамамен 4,5 мыңға жуық тасымалдаушы тұрақты режимде жұмыс істейді.
2014 жылғы 1 қаңтарға ХАТҚ паркінің 36 185 көлік құралының 43,1 пайызын Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық сыныбындағы қазіргі заманғы көлік құралдары құрады.
Ресей Федерациясында федералдық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 50,7 мың км құрайды. 7,4 мың км федералдық маңызы бар автомобиль жолдарын және федералдық қоса қаржыландыруды көздейтін 6,7 мың өңірлік және муниципалдық автомобиль жолдарын салу және реконстукциялау жоспарлануда.
ХАКО зерттеулеріне сәйкес халықаралық көлік дәліздеріне кіретін автомобиль жолдарының ресейлік учаскелерінің айтарлықтай ұзындығы бойында тасымалдарды жүзеге асыру мүмкіндігі іс жүзінде таусылған немесе жоқ.
Солтүстік – Оңтүстік дәлізі бойынша шамадан тыс жүктеме режимінде қызмет көрсететін және өте тар орындар болып қалып отырған мынадай учаскелерді атап өтуге болады:
Финляндиямен шекара (Торфяновка)/Балтық теңізі порттары – Санкт-Петербург – Великий Новгород – Тверь – Мәскеу – Кашира – Тамбов – Борисоглебск – Волгоград – Қазақстан Республикасының шекарасы (Котяевка) автомобиль маршруты бойынша;
"Скандинавия" М-10 автомобиль жолында (Санкт-Петербург – Выборг –Финляндиямен шекара учаскесінде) – Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасындағы "Брусничное" мен "Торфяновка" көптарапты автомобиль өткізу пункттеріне кірме жолдардағы учаскелердің өткізу қабілеті жеткіліксіз;
"Каспий" М-6 автомобиль жолында (Мәскеу (Каширадан) – Тамбов – Волгоград – Астрахань);
№ 2 автомобиль маршруты бойынша (Польшамен шекара – Брест – Минск – Смоленск – Мәскеу – Владимир – Нижний Новгород);
"Волга" М-7 автомобиль жолында (Мәскеу – Владимир – Нижний Новгород) – автомобиль жолы 4 учаскесінің өткізу қабілеті жеткіліксіз.
№ 1 автомобиль маршруты бойынша бірқатар учаскелер:
М-21 автомобиль жолында (Волгоград – Каменск–Шахтинский –Украинамен шекара);
"Урал" М-5 автомобиль жолында (Мәскеу – Рязань – Пенза – Самара – Уфа – Челябинск).
Ұзындығы 520 км болатын Орталық айналма автомобиль жолы (ОААЖ) аса маңызды инфрақұрымдық жоба болуға тиіс.
II. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері мен мерзімдері
Осы Бағдарлама Одақтың автокөлік қызметтерін көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыруға және азаматтығы мен тіркелу мемлекетіне қарамастан Одақтың бүкіл аумағында жүк автомобиль көлігі қызметтерін көрсетуге мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) тасымалдаушыларының қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған.
Осы Бағдарламаның негізгі міндеті мүше мемлекеттер бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушы басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында орындайтын жүк тасымалдарына (автомобильмен каботаждық жүк тасымалдары) қатысты қолданыстағы шектеулерді 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап кезең-кезеңмен алып тастауға бағытталған мүше мемлекеттер іс-қимылының дәйектілігін айқындау болып табылады.
Осы Бағдарлама 4 кезеңде 2016 – 2025 жылдары іске асырылуға жатады.
III. Бағдарламаның іске асырылуына жауапты органдар
Осы Бағдарламаның іске асырылуын мүше мемлекеттердің көлік қызметін реттеуге және көліктік бақылауды қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік органдары, соның ішінде мынадай органдар қамтамасыз етуге тиіс:
Армения Республикасында – Армения Республикасының Көлік және байланыс министрлігі, Армения Республикасы Көлік және байланыс министрлігінің Көлік инспекциясы;
Беларусь Республикасында – Беларусь Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, Беларусь Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік инспекциясы, Беларусь Республикасының Экономика министрлігі;
Қазақстан Республикасында – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
Қырғыз Республикасында – Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі және Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі жанындағы Мемлекеттік автомобиль және су көлігі агенттігі;
Ресей Федерациясында – Ресей Федерациясының Көлік министрлігі, Ресей Федерациясының Көлік саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметі, Ресей Федерациясының экономикалық даму министрлігі, Федералдық кеден қызметі.
Ескерту. III-бөлімге өзгерістер енгізілді - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 21.12.2015 № 39 шешімімен.IV. Автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асыру шарттары
Мүше мемлекеттер осы Бағдарламаға сәйкес автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарының уақытша сипатын айқындайды және олардың уақытша сипатын белгілеудің мынадай 2 критерийін қарастырады:
ұзақтығы – тасымалдаушы автомобильмен бір немесе бірнеше каботаждық жүк тасымалын жүзеге асыратын уақыт аралығы;
жиілігі – белгілі бір уақыт кезеңінде жүзеге асырылатын автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарының саны.
Одақ шеңберінде автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдары, оның ішінде автомобильмен каботаждық жүк тасымалдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес реттелуге жатады. Мүше мемлекеттердің заңнамасын жақындастыру Одақтың көлік қызметтерін көрсету ортақ нарығын қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті дәрежеге дейін жүргізілуге тиіс.
Осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мүше мемлекеттер осы бөлімнің ережелерін ескере отырып, мүше мемлекеттің заңнамасы негізінде автомобильмен халықаралық жүк тасымалдарын орындауға, уақытша негізде автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат берілген кез келген тасымалдаушының құқығын белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің қабылдануын қамтамасыз етеді. Осы ережені іске асыру мақсатында мүше мемлекеттер өздерінің нормативтік құқықтық актілерде автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асырудың мынадай шарттарының бекітілуін қамтамасыз етеді:
мүше мемлекеттің аумағы бойынша автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асыру құқығы басқа мүше мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға осы мүше мемлекеттің аумағында автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдары аяқталғаннан кейін беріледі:
бір мүше мемлекеттің аумағында тіркелген, басқа мүше мемлекеттің аумағына бос келген тасымалдаушының көлік құралымен автомобильмен каботаждық жүк тасымалын жүзеге асыруға жол берілмейді;
мүше мемлекеттердің аумағына автомобильмен каботаждық қауіпті жүк тасымалдарына тыйым салынады;
автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын орындау кезінде пайдаланылатын көлік құралдары тахографтармен және спутниктік навигация құралдарымен жабдықталуға тиіс;
ырықтандырудың ІІ кезеңі аяқталғанға дейінгі кезеңде (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығы) автомобильмен каботаждық жүк тасымалын жүзеге асырған кезде көлік құралының бортында мүше мемлекеттің құзыретті органы белгіленген тәртіппен берген арнайы рұқсат және осындай тасымалды жүзеге асырудың құқықтылығын растайтын ақпаратты қамтитын борттық журнал болуға тиіс. Бір мүше мемлекеттің құзыретті органы сұрату бойынша басқа мүше мемлекеттің құзыретті органына тиісті арнайы рұқсаттардың бланкілерін береді. Борттық журналдың нысаны мен оны жүргізу тәртібін мүше мемлекеттердің көліктік бақылау органдары бекітеді;
ырықтандырудың ІІІ кезеңінің басталуы кезеңінде (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап) автомобильмен каботаждық жүк тасымалдары тасымалдаушы тиісті мүше мемлекеттің көліктік бақылау органын алдын ала хабардар еткен (электрондық түрде өтінім беру) және одан осындай тасымалдауды орындауға растама алған соң ғана жүзеге асырылады. Автомобильмен каботаждық жүк тасымалын орындауға растама туралы немесе оны орындаудан бас тарту туралы шешімді көліктік бақылау органдары өтінімді алған кезден бастап 24 сағаттан кешіктірмей қабылдайды, Өтінімде көрсетілетін мәліметтер құрамын, оны қарау тәртібін және бас тарту шарттарын мүше мемлекеттердің көліктік бақылау органдары айқындайды. Одақ шеңберінде автомобильмен каботаждық жүк тасымалын жүзеге асыру мүмкіндігі тасымалдаушы халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың құжаттық дәлелдемелерін және автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарының қисынды дәйектілігін (көлік құралын келесі тиеу орнына ілеспе жіберу немесе тасымалдаушы тіркелген мемлекетке қайтару) ұсынған жағдайда ғана танылады. Құжаттық дәлелдемелер автомобильмен каботаждық жүк тасымалы бойынша мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс: жүк жөнелтушінің атауы, менкенжайы мен қолы, тасымалдаушының атауы, мекенжайы мен қолы, жүк алушының атауы, мекенжайы мен қолы, сондай-ақ жеткізу күні (жүкті жеткізген кезде), жүкті тиеу орны мен күні және жеткізу орны, жүктің атауы, жүктің брутто салмағы немесе саны, тасымалдауға пайдаланылатын көлік құралының тіркеу белгілері;
автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын тіркелу мемлекетінде халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат берілген және мүше мемлекеттің құзыретті органы жүргізетін тасымалдаушылардың тиісті тізіліміне енгізілген тасымалдаушылар жүзеге асырады. Автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асырудың шарттарын бұзған жағдайда тасымалдаушы бұзушылық анықталған күннен бастап 1 жылға осындай тасымалдарды жүзеге асыруға жіберілмейді. Мүше мемлекеттердің құзыретті органдары халықаралық тасымалдарды орындауға құқығы бар тасымалдаушылардың тізілімдерімен өзара іс-қимылдың электрондық жүйесі арқылы алмасады.
Аумағы бойынша автомобильмен каботаждық жүк тасымалдары жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасымен тиісті шарттардың талаптары (соның ішінде көлік құралдарының салмағы мен габариттері туралы), ортақ пайдаланылатын жолдар арқылы жүріп өткені үшін салық салу және жауапкершілікті сақтандыру, алымдар төлеу мәселелері реттеліп отырады, жекелеген жүк санаттарына (тез бұзылатын жүктер, тірі жануарлар) қойылатын талаптар, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің ерекшеліктері, автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асыру талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленеді.
Тасымалдаушыларды азаматтығы немесе тіркелу орны белгісі бойынша қандай да бір кемсітушілікті болдырмау үшін мүше мемлекеттер өздері белгілейтін, автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асыру талаптары мүше мемлекеттердің осы тасымалдарды жүзеге асыратын барлық тасымалдаушыларына қолданылатындай шаралар қабылдайды.
V. Автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын ырықтандыру кезеңдері
Мүше мемлекеттер өзара уағдаластық бойынша, егер бұл мүше мемлекеттердің автомобиль көлігі саласындағы бірлескен интеграциялық мақсаттарына қайшы келмейтін болса, автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын ырықтандыруды жүргізудің әртүрлі деңгейі мен жылдамдығын айқындауға құқылы.
Автомобильмен тасымалдау саласындағы интеграцияның тереңдеуіне қарай мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде жүк автомобилі көлігі қызметтерін ұсыну шарттары мен қағидаларын, осындай қызметтер көрсетілуін бақылау жөніндегі талаптарды, бұзушылықтар үшін жауапкершілік шараларын үндестіруді айқындайтын халықаралық шарттар жасасу және құқықтық актілер қабылдау үшін шаралар қабылдайды, сондай-ақ тасымалдаушыларға автомобильмен халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат беру талаптарын үндестіру жөнінде шаралар қабылдайды.
Мүше мемлекеттер мынадай кезеңдер негізінде ырықтандыру дәрежесін айқындай отырып, автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын ырықтандыру бойынша шараларды дәйектілікпен жүргізеді:
өтпелі кезең (2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін) – мүше мемлекеттер аумағы шегінде автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарына тиімді көліктік бақылауды қамтамасыз ету бөлігінде Одақ құқығын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізіледі;
І кезең (2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 31 желтоқсан аралығы):
Беларусь Республикасы Ресей Федерациясының немесе Армения Республикасының немесе Қырғыз Республикасының аумағында тіркелген тасымалдаушыларға Беларусь Республикасы аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Беларусь Республикасының Гомель немесе Могилев немесе Витебск облыстары аумағында тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға құқық береді.
Ресей Федерациясы:
Беларусь Республикасында тіркелген тасымалдаушыларға Ресей Федерациясының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Ресей Федерациясының Брянск немесе Псков немесе Смоленск облыстары аумағында тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға;
Армения Республикасында тіркелген тасымалдаушыларға Ресей Федерациясының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Ресей Федерациясының Ростов облысы немесе Ставрополь өлкесі немесе Солтүстік Осетия Республикасы - Алания аумағында тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға құқық береді;
Қырғыз Республикасының аумағында тіркелген тасымалдаушыларға Ресей Федерациясының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Ресей Федерациясының Челябі немесе Новосібір немесе Свердлов облыстары аумағында тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға;
Армения Республикасы Беларусь Республикасында немесе Қырғыз Республикасында немесе Ресей Федерациясында тіркелген тасымалдаушыларға Армения Республикасының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Армения Республикасының Арагацоти немесе Лори немесе Тавуш облыстары аумағында тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға құқық береді.
Қырғыз Республикасы Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының немесе Армения Республикасының аумағында тіркелген тасымалдаушыларға Қырғыз Республикасының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Қырғыз Республикасының Талас немесе Шу немесе Ыстықкөл облыстарының аумағында тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға құқық береді;
Бұл ретте автомобильмен каботаждық жүк тасымалын орындау кезінде аумағында автомобильмен каботаждық жүк тасымалы орындалатын мүше мемлекетте халықаралық тасымалды аяқтау барысында жүк түсіру күнінен кейінгі күнтізбелік 3 күн ішінде жүк түсіру жүргізілуге тиіс;
ІІ кезең (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында):
Беларусь Республикасы Ресей Федерациясының немесе Армения Республикасының немесе Қырғыз Республикасының аумағында тіркелген тасымалдаушыларға Беларусь Республикасы аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Беларусь Республикасының Гомель, Могилев, Витебск облыстары аумағына тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға құқық береді.
Ресей Федерациясы:
Беларусь Республикасында тіркелген тасымалдаушыларға Ресей Федерациясының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Ресей Федерациясының Брянск, Псков, Смоленск облыстары аумағына тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға;
Армения Республикасында тіркелген тасымалдаушыларға Ресей Федерациясының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Ресей Федерациясының Ростов облысы, Ставрополь өлкесі немесе Солтүстік Осетия Республикасы - Алания аумағына тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға құқық береді;
Қырғыз Республикасының аумағында тіркелген тасымалдаушыларға – Ресей Федерациясының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Ресей Федерациясының Челябі, Новосібір, Свердлов облыстары аумағына автомобильмен 1 каботаждық жүктасымалын орындауға;
Армения Республикасы Беларусь Республикасында немесе Қырғыз Республикасында немесе Ресей Федерациясында тіркелген тасымалдаушыларға Армения Республикасының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Армения Республикасының Арагацоти, Лори, Тавуш облыстары аумағына тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға құқық береді.
Қырғыз Республикасы Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының немесе Армения Республикасының аумағында тіркелген тасымалдаушыларға Қырғыз Республикасының аумағында Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Қырғыз Республикасының Талас, Шу, Ыстықкөл облыстарының аумағына тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға құқық береді.
Бұл ретте автомобильмен каботаждық жүк тасымалын орындау кезінде аумағында автомобильмен каботаждық жүк тасымалы орындалатын мүше мемлекетте халықаралық тасымалды аяқтау барысында жүк түсіру күнінен кейінгі күнтізбелік 7 күн ішінде жүк түсіру жүргізілуге тиіс;
ІІІ кезең (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығы):
Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы:
Беларусь Республикасында тіркелген тасымалдаушыларға Армения Республикасының немесе Қырғыз Республикасының немесе Ресей Федерациясының аумағында автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Армения Республикасының немесе Қырғыз Республикасының немесе Ресей Федерациясының аумағында орналасқан пункттер арасында тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын ы орындауға;
Ресей Федерациясында тіркелген тасымалдаушыларға Армения Республикасының немесе Беларусь Республикасының немесе Қырғыз Республикасының аумағында автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Армения Республикасының немесе Беларусь Республикасының немесе Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға;
Қырғыз Республикасының аумағында тіркелген тасымалдаушыларға Армения Республикасының немесе Беларусь Республикасының немесе Ресей Федерациясының аумағында автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Армения Республикасының немесе Беларусь Республикасының немесе Ресей Федерациясының аумағында орналасқан пункттер арқылы тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға;
Армения Республикасында тіркелген тасымалдаушыларға Беларусь Республикасының немесе Қырғыз Республикасының немесе Ресей Федерациясының аумағында автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін Беларусь Республикасының немесе Қырғыз Республикасының немесе Ресей Федерациясының аумағында орналасқан пункттер арасында тіркелу мемлекетіне ілеспе бағытта автомобильмен 1 каботаждық жүк тасымалын орындауға құқық береді.
Бұл ретте автомобильмен каботаждық жүк тасымалын орындау кезінде аумағында автомобильмен каботаждық жүк тасымалы орындалатын мүше мемлекетте халықаралық тасымалды аяқтау барысында жүк түсіру күнінен кейінгі күнтізбелік 7 күн ішінде жүк түсіру жүргізілуге тиіс;
IV кезең (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап):
мүше мемлекеттер бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушыларға мүше мемлекеттер басқа мүше мемлекет аумағында автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалы аяқталғаннан кейін осы басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында сол бір көлік құралымен 3 дәйекті жүк тасымалын орындауға құқық береді.
Бұл ретте автомобильмен каботаждық жүк тасымалын орындау кезінде аумағында автомобильмен каботаждық жүк тасымалы орындалатын мүше мемлекетте халықаралық тасымалды аяқтау барысында жүк түсіру күнінен кейінгі күнтізбелік 7 күн ішінде жүк түсіру жүргізілуге тиіс.
Ескерту. V-бөлімге өзгерістер енгізілді - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 21.12.2015 № 39 шешімімен.VI. Ынтымақтастық және өзара көмек
Мүше мемлекеттердегі автомобильмен каботаждық жүк тасымалын жүзеге асыруға байланысты даулы мәселелер консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
Мүше мемлекеттер автомобиль көлігімен каботаждық жүк тасымалын орындаудың белгіленген тәртібінің сақталуына тиімді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Қандай да бір мүше мемлекетте автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдарын реттейтін заңнаманы бұзушылық жасалған немесе анықталған жағдайда осындай бұзушылық жасаған тасымалдаушы тіркелген мемлекеттің құзыретті органдары тиісті шаралар қабылдауға тиіс.
Аумағында бұзушылық орын алған мүше мемлекеттің құзыретті органдары тасымалдаушы тіркелген мемлекеттің құзыретті органдарына барынша қысқа мерзімде, бірақ бұзушылық анықталған күннен бастап 6 аптадан кешіктірмей мынадай ақпарат жібереді:
бұзушылықтың сипаттамасы, оның жасалған орны, күні мен уақыты;
қолданылған жазалар.
Мүше мемлекеттердің құзыретті органдары ақпараттық дерекқорға өздерінің аумағында тасымалдаушылар жасаған, автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдарын реттейтін заңнаманы бұзушылықтар және кейінгі санкциялар туралы ақпаратты енгізеді.
Автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын орындаудың белгіленген тәртібін бұзушылықтар туралы ақпарат алмасу мүше мемлекеттерде көліктік бақылауды жүзеге асыратын органдардың ұлттық ресурстарын пайдалану арқылы, сондай-ақ Одақтың сыртқы және өзара саудасы интеграцияланған ақпараттық жүйесінің ортақ ресурсын пайдалана отырып, жүзеге асырылады.
Мүше мемлекеттер автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын орындау шарттары мен қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Мұндай шаралар үйлестірілген, тиімді, мөлшерлес болуға тиіс және тежеуші әсер тигізуге тиіс.
VII. Жүк автомобиль көлігі қызметтерін көрсету нарығын қорғау жөніндегі шаралар
Осы Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп автокөлік қызметтерін көрсету нарығындағы жағдайды бағалау жөнінде жыл сайын іс-шаралар өткізеді және автокөлік қызметтерін көрсетудің, соның ішінде автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарының ішкі нарықтарын одан әрі ашу қажеттігі туралы шешімдер қабылдайды.
Мүше мемлекеттер жыл сайын, 1 мамырға дейін, Еуразиялық экономикалық комиссияға алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыруға рұқсаты бар тасымалдаушылар саны, көрсетілген күнге халықаралық жүк тасымалдарына тартылған автокөлік құралдарының саны туралы ақпарат ұсынады.
Мүше мемлекеттер сонымен қатар жыл сайын, 1 мамырға дейін, Еуразиялық экономикалық комиссияны автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асыру үшін ашық өңірлердегі жүк тасымалдау статистикасы, автомобильмен каботаждық жүк тасымалы кезінде тасымалданатын жүктердің сипаттамасы, автомобиль көлігімен жүк тасымалдау шарттарын бұзушылықтар және қолданылған жауапкершілік шаралары туралы хабардар етіп отырады.
Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынылған ақпаратты Одақтың көлік қызметтерін көрсету ортақ нарығының жай-күйі туралы есеп жасау үшін пайдаланады, оның мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары министрлерінің (көлік министрлерінің) кеңесінде қаралуын қамтамасыз етеді.
Есепте нарықтық конъюнктураны талдау, соның ішінде бақылау әдістерінің тиімділігін бағалау, автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарының мүше мемлекеттердің автокөлік қызметтерін көрсету нарықтарына ықпалы дәрежесі, сондай-ақ қағидаларды үндестіру дәрежесі, автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын қоса алғанда, автокөлік қызметтерін көрсетудің ішкі нарықтарын одан әрі ашуды белгілеп алуға мүмкіндік берер ме екендігін бағалау қамтылуға тиіс.
Автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асыру үшін ашық өңірлердегі автомобильмен каботаждық жүк тасымалы шиеленістіретін автокөлік қызметтерін көрсету ішкі нарығының тұрақсыз конъюнктурасы жағдайында мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық комиссияның жәрдемдесуімен жүк автомобиль көлігі қызметтерін көрсету нарығын қорғау жөнінде шаралар қабылдау мақсатында консультациялар жүргізеді.
Бұл ретте автокөлік қызметтерін көрсету ішкі нарығының тұрақсыз конъюнктурасы деп ұсыныстың сұраныстан айтарлықтай әрі әлеуетті тұрақты асып түсуін негіздейтін проблемалардың нарықта болуы түсініледі, бұл тасымалдаушылардың едәуір санының қаржылық тұрақтылығы мен қызметіне қатер төндіреді.
Жүк автомобиль көлігі қызметтерін көрсету нарығын қорғау және халықаралық және ішкі тасымалдаушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау жөніндегі шаралар ретінде автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарына тартылған тасымалдаушылар санын квоталау да қолданылады.
Жүк автомобиль көлігі қызметтерін көрсету нарығын қорғау жөніндегі шаралар 6 айдан аспайтын уақыт ішінде қолданылады және бір рет сол мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Қорғау шараларын қолдану туралы өзара негізде өз аумағында автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін барлық мүше мемлекеттер хабардар етілуге тиіс.
Автомобиль көлігімен каботаждық жүк тасымалдарын ырықтандыру біртіндеп жүргізіліп, олардың жүзеге асырылуын ұлттық деңгейде тиімді бақылау тетігін жасаумен сүйемелденуге тиіс.
VIII. Мүше мемлекеттердің заңнамасын үндестіру жөніндегі шаралар
Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде автокөлік қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды.
Мүше мемлекеттердің аумақтарындағы автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын пәрменді және тиімді бақылау тетігін, сондай-ақ көліктік бақылаудың қорытындылары туралы деректермен алмасу тетігін жасау көліктік бақылау органдарының өзара іс-қимылы және ақпараттық деректер алмасу ерекшеліктерін, автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарының жасалуын растайтын құжаттар тізбесін айқындайтын актіні қабылдауды қажет етеді.
Бұдан басқа, мүше мемлекеттердің заңнамасына автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асыру шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын үндестіру бөлігінде өзгерістер енгізуді, сондай-ақ мүше мемлекеттерде автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асыру үшін құқықтық негіздер жасауды қажет етеді.
Мынадай актілер өзектендірілуге жатады:
халықаралық шарттар:
1997 жылғы 20 қыркүйектегі Армения Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім (9-бап);
2004 жылғы 19 қаңтардағы Беларусь Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім (7-бап);
2003 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім (10-бап);
1995 жылғы 14 маусымдағы Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім (9-бап);
1997 жылғы 21 сәуірдегі Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім (9-бап);
2002 жылғы 16 сәуірдегі Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім (9-бап);
2004 жылғы 25 ақпандағы Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісім (9-бап);
1992 жылғы 20 шілдедегі Ресей Федерациясының Көлік министрлігі мен Беларусь Республикасының Көлік министрлігі арасындағы автомобиль қатынасы туралы келісім;
мүше мемлекеттердің заңнамасы:
Беларусь Республикасында:
"Автомобиль көлігі және автомобильмен тасымалдау туралы" Беларусь Республикасының 2014 жылғы 14 шілдедегі № 278-3 Заңы (19-бап);
Қырғыз Республикасында:
"Автомобиль көлігі туралы" Қырғыз Республикасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 154 Заңы (44-бап);
Ресей Федерациясында:
"Автомобильмен халықаралық тасымалдаудың жүзеге асырылуын мемлекеттік бақылау туралы және олардың орындалу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы" 1998 жылғы 24 шілдедегі № 127-ФЗ Федералдық заң (7-бап);
Ресей Федерациясы Үкіметінің "Автомобильмен халықаралық тасымалдаудың жүзеге асырылуын мемлекеттік бақылау туралы" 1998 жылғы 31 қазандағы № 1272 қаулысы (2012 жылғы 26 қаңтардағы редакцияда).
Қазақстан Республикасы осы Бағдарламаны іске асыруға 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кірісуді жоспарлап отыр.
Ескерту. VIII-бөлімге өзгерістер енгізілді - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 21.12.2015 № 39 шешімімен.IX. Бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсері және оған қол жеткізу шаралары
Осы Бағдарламаны іске асырудың:
нарықтағы бәсекелестік үшін автокөлік компаниялары жұмысының тиімділігін арттыруға ынталандыратын жағдай жасалуына; жүк автокөлік құралдары паркінің жаңартылуына;
бос жол жүру ұзындығы мен көлемін азайтуға;
сұраныс пен ұсыныс арасындағы уақытша теңгерімсіздіктерді шешуге;
ішкі нарықта қазіргі заманғы жүк автомобильдерінің пайдаланылуы есебінен қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға қатысты оң әсері болады деп жоспарлануда.
Осы Бағдарламаның мақсаттарына және оң әлеуметтік-экономикалық әсерге қол жеткізу үшін мүше мемлекеттердің:
мүше мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль қатынасы туралы жасасылған халықаралық шарттарға және мүше мемлекеттердің халықаралық тасымалдаушыларының автокөлік құралдарына автомобильмен каботаждық жүк тасымалдауға тыйым салатын ережелердің күшін жою бөлігінде мүше мемлекеттердің заңнамасына өзгерістер енгізу;
мүше мемлекеттердің автокөлік қызметі саласындағы заңнамасын үндестіру (жалпы қабылданған халықаралық нормалар, қызметтер ұсыну кезінде пайдаланылатын жабдыққа қойылатын техникалық талаптар (автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлері) негізінде автокөлік қызметі мен көліктік бақылауды регламенттейтін стандарттарды, нұсқаулықтар мен техникалық шарттарды қоса алғанда);
Одақ аумағында көліктік бақылау тетігін жасау, дерекқор жүргізу және автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарына тиімді мониторинг жүзеге асыру үшін бақылаушы органдар арасында ақпарат алмасу;
автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарына тиімді мониторинг жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарының жеткіліксіз болуын жою;
жылжымалы құрамды жаңарту үшін жағдай жасау;
автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдарына кедергі жасайтын, соның ішінде сақтандыру полистерін тануға қатысты тосқауылдарды жою;
жүк автомобиль көлігі қызметтерін көрсету нарығын реттеу тетігі мен жүйесін құру (Одақ шеңберінде автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын кезең-кезеңмен ырықтандыруға байланысты мәселелерді қоса алғанда) бөлігінде келісілген іс-қимылын жүргізу қажет.
Бақылау әдістерінің тиімділігін арттыру және тиісті кәсіп жұмыскерлері үшін еңбек жағдайын жақсарту, автомобильмен каботаждық жүк тасымалдарын жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ еңбек заңнамасын үндестіру ырықтандырудың соңғы кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақтың тасымалдаушылары институтын практикаға енгізу мүмкіндік береді.
Статистикалық көрсеткіштер ТІЗБЕСІ
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 21.12.2015 № 39 шешімімен.
1-кесте |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде автомобиль көлігімен жүк тасымалдау
(млн т) |
2005 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | 2013 жыл/ 2005 жыл | |
Армения Республикасы | 4,5 | 6,2 | 4,9 | 6,8 | 7,3 | 163,39 % |
Беларусь Республикасы | 100,7 | 166,9 | 191,0 | 189,3 | 192,5 | 191,19 % |
Қазақстан Республикасы | 1 511,1 | 1 971,8 | 2 475,5 | 2 718,4 | 2 983,4 | 197,43 % |
Қырғыз Республикасы | 26,1 | 35,6 | 36,4 | 38,4 | 39, 4 | 150,96% |
Ресей Федерациясы | 6 685 | 5 236 | 5 663 | 5 842 | 5 635 | 84,29 % |
Еуразиялық экономикалықодақ | 8327,4 | 7416,5 | 8 370,8 | 8 794,6 | 8 857,6 | 106,37% |
2-кесте |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде автомобиль көлігінің жүк айналымы
(млрд т/км) |
2005 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | 2013 жыл/ 2005 жыл | |
Армения Республикасы | 0,06 | 0,2 | 0,3 | 0,4 | 0,5 | 871,35 % |
Беларусь Республикасы | 9,4 | 16,0 | 19,4 | 22,0 | 25,6 | 273,80 % |
Қазақстан Республикасы | 47,1 | 80,3 | 121,1 | 132,3 | 145,3 | 308,49 % |
Қырғыз Республикасы | 0,8 | 1,3 | 1,3 | 1,4 | 1,4 | 175% |
Ресей Федерациясы | 194 | 199 | 223 | 249 | 250 | 128,87 % |
Еуразиялық экономикалық одақ | 251,4 | 296,8 | 365,1 | 405,1 | 422,8 | 168,18 % |
3-кесте |
Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттерде көліктің барлық түрлерімен (құбыржол көлігінсіз) тасымылдау көлеміндегі автомобиль көлігінің үлестік салмағы
(пайыз) |
2005 |
2008 |
2009 |
2010 | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | |
Армения Республикасы | 63,08 | 64,68 | 65,64 | 66,85 | 60,12 | 66,33 | 69,02 |
Беларусь Республикасы | 44,00 | 46,22 | 48,98 | 53,32 | 54,49 | 54,55 | 57,12 |
Қазақстан Республикасы | 87,10 | 86,36 | 86,97 | 87,82 | 89,67 | 90,05 | 90,90 |
Қырғыз Республикасы | 93,8 | 94,6 | 97,1 | 97,1 | 97,2 | 97,2 | 96,6 |
Ресей Федерациясы | 82,34 | 82,22 | 80,81 | 78,28 | 78,59 | 78,70 | 78,60 |
Еуразиялық экономикалық одақ | 82,30 | 82,06 | 81,24 | 79,80 | 80,78 | 82,27 | 82,97 |
4-кесте |
Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттерде көліктің барлық түрлерімен (құбыржол көлігінсіз) жүк айналымындағы автомобиль көлігінің үлестік салмағы
(пайыз) |
2005 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | |
Армения Республикасы | 7,71 | 19,99 | 20,00 | 23,85 | 25,81 | 31,34 | 36,08 |
Беларусь Республикасы | 17,62 | 21,85 | 23,96 | 25,68 | 28,17 | 31,21 | 36,79 |
Қазақстан Республикасы | 21,49 | 22,73 | 24,99 | 27,06 | 34,79 | 35,65 | 38,30 |
Қырғыз Республикасы | 52,29 | 51,64 | 63,41 | 62,20 | 58,82 | 58,33 | 55,78 |
Ресей Федерациясы | 8,81 | 8,70 | 8,18 | 8,40 | 8,95 | 9,57 | 9,72 |
Еуразиялық экономикалық одақ | 10,15 | 10,41 | 10,35 | 10,86 | 12,53 | 13,29 | 14,01 |
5-кесте |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде автомобиль көлігімен жүк тасымалдау орташа арақашықтығының серпіні
(километр) |
2005 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | |
Армения Республикасы | 12,3 | 58,6 | 66,1 |
Беларусь Республикасы | 73,5 | 116,8 | 128,7 |
Қазақстан Республикасы | 31,2 | 48,7 | 48,7 |
Қырғыз Республикасы | 22,9 | 28,6 | 30,5 |
Ресей Федерациясы | 29 | 42,5 | 44,3 |
6-кесте |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемінің серпіні
(алдыңғы жылға пайызбен) |
2005 | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | |
Армения Республикасы | 142,1 | 101,2 | 80,8 | 104,4 | 112,9 | 105,1 | 100,7 |
Беларусь Республикасы | 114,3 | 118,1 | 102,3 | 124,6 | 114,4 | 99,1 | 101,7 |
Қазақстан Республикасы | 104,6 | 103,2 | 98,1 | 116,8 | 125,5 | 109,8 | 109,7 |
Қырғыз Республикасы | 93,9 | 123,4 | 112,8 | 102,0 | 101,7 | 105,3 | 101,5 |
Ресей Федерациясы | 101,8 | 100,5 | 76,0 | 99,9 | 108,2 | 103,2 | 96,5 |
Еуразиялық экономикалық одақ | 102,4 | 101,4 | 80,9 | 104,4 | 112,9 | 105,1 | 100,5 |