2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11) және 12) тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Қолданылу нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарын сақтау ерікті түрде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарын қолдану мен орындауға және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, сондай-ақ үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 11 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қолданылу нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарын сақтау ерікті түрде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарын қолдану мен орындауға және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, сондай-ақ үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі БАҒДАРЛАМА
№ | ХСС коды | Мемлекетаралық стандарт жобасының атауы. Жұмыс түрлері | Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері | Әзірлеу мерзімдері | Жауапты әзірлеуші – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет | Ескерту | |
баста-луы | аяқталуы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 |
97.200.40 |
Аттракциондардың және ойын-сауыққа арналған құрылғылардың қауіпсіздігі. 1-бөлім. Жобалау және өндіру. | V және VI бөлімдер | 2020 жыл |
2021 жыл |
Ресей Федерациясы | белгіленген тәртіппен халықаралық стандарттың жаңаланған нұсқасы қабылданғаннан кейін |
2 | 97.200.40 |
Аттракциондардың және ойын-сауыққа арналған құрылғылардың қауіпсіздігі. 2-бөлім. Қолдану және пайдалану. | VIІІ бөлім | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
белгіленген тәртіппен халықаралық стандарттың жаңаланған нұсқасы қабылданғаннан кейін |
3 | 97.200.40 | Аттракциондардың және ойын-сауыққа арналған құрылғылардың қауіпсіздігі. 3-бөлім. Жобалау, жасау, қолдану және пайдалану кезінде тексеруге қойылатын талаптар. Жаңаланған ISO 17842-3 нұсқасының негізінде МЕМСТ әзірлеу | V және VI бөлімдер | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
белгіленген тәртіппен халықаралық стандарттың жаңаланған нұсқасы қабылданғаннан кейін |
4 | 13.110 | Машиналардың қауіпсіздігі. Машиналарға стационарлық қол жеткізу құралдары. 1-бөлім. Екі деңгей арасында стационарлық қол жеткізу құралдарын таңдау. ISO 14122-1:2016 негізінде алғаш рет МЕМСТ әзірлеу | V бөлім | 2019 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы | |
5 | 19.100 |
Бұзбайтын бақылау. Магнит-ұнтақ бақылау. 1-бөлім. Жалпы қағидаттар. | VI және VIII бөлімдер | 2019 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы | |
6 | 25.160.40 |
Пісіру тігістерін бұзбайтын бақылау. Балқыту арқылы пісіруден алынған пісіру жалғанымдарын көзбен шолып бақылау. ISO 17637:2016 негізінде алғаш рет МЕМСТ әзірлеу | VI және VIII бөлімдер | 2019 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы | |
7 | 25.160.01 | Пісірушілердің аттестациялық сынақтары. Балқыту арқылы пісіру. 1-бөлім. Болаттар EN ISO 9606-1:2017 және ҚР СТ ISO 9606-1-2013 негізінде "Пісірушілердің біліктілік сынақтары. Балқыту арқылы пісіру. 1-бөлім. Болаттар" МЕМСТ EN 287-1-2002 орнына МЕМСТ әзірлеу | VI бөлім | 2019 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы | |
8 | 25.160.10 |
Металл материалдарды пісіру рәсімдерінің техникалық талаптары және аттестатталуы. Пісіру рәсімін тексеру. 1-бөлім. Болаттарды доғамен және газбен пісіру және никель мен никель қорытпаларын доғамен пісіру. | VI бөлім | 2019 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы | |
9 | 97.200.40 |
Аттракциондардың жолаушыларына биомеханикалық әсер ету. | № 2 қосымша | 2020 жыл | 2021 жыл | Ресей Федерациясы |
белгіленген тәртіппен халықаралық стандарттың жаңаланған нұсқасы қабылданғаннан кейін |
10 | 97.200.40 | Аттракциондардың қауіпсіздігі. 1-бөлім. Теміржолға қойылатын қосымша қауіпсіздік талаптары. МЕМСТ Р 53130.1-2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу | V, VІ және VІІІ бөлімдер | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы | |
11 | 97.200.40 | Аттракциондардың қауіпсіздігі. 2-бөлім. Автодромдарға қойылатын қосымша қауіпсіздік талаптары. МЕМСТ Р 53130.2-2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу | V, VІ және VІІІ бөлімдер | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы | |
12 | 97.200.40 |
Үрлемелі ойын жабдығы. 1-бөлім. Қауіпсіздік талаптары және сынақ әдістері. | V және VI бөлімдер | 2020 жыл | 2021 жыл | Беларусь Республикасы | |
13 | 97.200.40 |
Үрлемелі ойын жабдығы. 2-бөлім. Стационарлық қондырғыға арналған үрлемелі секіру жастықтарына қойылатын қосымша қауіпсіздік талаптары. | V және VI бөлімдер | 2020 жыл | 2021 жыл | Беларусь Республикасы | |
14 | 97.200.40 | Аттракциондардың қауіпсіздігі. Техникалық жай-күйін бағалау. Қызмет мерзімін ұзарту. МЕМСТ Р 56065-2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу | VIІІ бөлім | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы | |
15 | 97.200.40 | Аттракциондардың қауіпсіздігі. Картинг төбешіктері. Жалпы қауіпсіздік талаптары. МЕМСТ Р 56985-2016 негізінде МЕМСТ әзірлеу | V және VIII бөлімдер | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы | |
16 | 97.200.40 | Ойын-сауықтарға арналған құрылғылардың қауіпсіздігі. Қысқы сырғанау төбешіктері. Қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары. МЕМСТ Р 56987-2016 негізінде МЕМСТ әзірлеу | VIІІ бөлім | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы | |
17 | 97.200.40 |
Аттракциондардың қауіпсіздігі. Механикаландырылған аттракциондар қауіпсіздігінің негіздемесіне қойылатын талаптар. Негізгі ережелер. | V, VІ және VІІІ бөлімдер | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы | |
18 | 97.200.40 | Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондардың жолаушыларына әсер ететін жылдамдатуды өлшеу әдістері. МЕМСТ Р 56066-2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу | VI және VIII бөлімдер | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы | |
19 | 97.200.40 |
Су аттракциондары. Конструкциясының қауіпсіздігі. Жалпы талаптар. | № 4 қосымша | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы | |
20 | 97.200.40 |
Су аттракциондары. Қолдану кезіндегі қауіпсіздік. Жалпы талаптар. | № 4 қосымша | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |