Қолданылу нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарын сақтау ерікті түрде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарын қолдану мен орындауға және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, сондай-ақ үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 11 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11) және 12) тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Қолданылу нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарын сақтау ерікті түрде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарын қолдану мен орындауға және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, сондай-ақ үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 11 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Қолданылу нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарын сақтау ерікті түрде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың "Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 038/2016) талаптарын қолдану мен орындауға және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, сондай-ақ үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі БАҒДАРЛАМА


р/с

ХСС коды

Мемлекетаралық стандарт жобасының атауы. Жұмыс түрлері

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері

Әзірлеу мерзімдері

Жауапты әзірлеуші – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет

Ескерту

баста-луы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

97.200.40
 

Аттракциондардың және ойын-сауыққа арналған құрылғылардың қауіпсіздігі. 1-бөлім. Жобалау және өндіру.
Жаңаланған ISO 17842-1 нұсқасының негізінде МЕМСТ әзірлеу

V және VI бөлімдер

2020 жыл

2021 жыл
 

Ресей Федерациясы
 

белгіленген тәртіппен халықаралық стандарттың жаңаланған нұсқасы қабылданғаннан кейін

2

97.200.40

Аттракциондардың және ойын-сауыққа арналған құрылғылардың қауіпсіздігі. 2-бөлім. Қолдану және пайдалану.
Жаңаланған ISO 17842-2 нұсқасының негізінде МЕМСТ әзірлеу

VIІІ бөлім

2020 жыл

2021 жыл

Ресей Федерациясы

белгіленген тәртіппен халықаралық стандарттың жаңаланған нұсқасы қабылданғаннан кейін
 

3

97.200.40

Аттракциондардың және ойын-сауыққа арналған құрылғылардың қауіпсіздігі. 3-бөлім. Жобалау, жасау, қолдану және пайдалану кезінде тексеруге қойылатын талаптар. Жаңаланған ISO 17842-3 нұсқасының негізінде МЕМСТ әзірлеу

V және VI бөлімдер

2020 жыл

2021 жыл

Ресей Федерациясы

белгіленген тәртіппен халықаралық стандарттың жаңаланған нұсқасы қабылданғаннан кейін
 

4

13.110

Машиналардың қауіпсіздігі. Машиналарға стационарлық қол жеткізу құралдары. 1-бөлім. Екі деңгей арасында стационарлық қол жеткізу құралдарын таңдау. ISO 14122-1:2016 негізінде алғаш рет МЕМСТ әзірлеу

V бөлім

2019 жыл

2021 жыл

Қазақстан Республикасы


5

19.100

Бұзбайтын бақылау. Магнит-ұнтақ бақылау. 1-бөлім. Жалпы қағидаттар.
ISO 9934-1:2016 негізінде алғаш рет МЕМСТ әзірлеу

VI және VIII бөлімдер

2019 жыл

2021 жыл

Қазақстан Республикасы


6

25.160.40

Пісіру тігістерін бұзбайтын бақылау. Балқыту арқылы пісіруден алынған пісіру жалғанымдарын көзбен шолып бақылау. ISO 17637:2016 негізінде алғаш рет МЕМСТ әзірлеу
 

VI және VIII бөлімдер

2019 жыл

2021 жыл

Қазақстан Республикасы


7

25.160.01

Пісірушілердің аттестациялық сынақтары. Балқыту арқылы пісіру. 1-бөлім. Болаттар EN ISO 9606-1:2017 және ҚР СТ ISO 9606-1-2013 негізінде "Пісірушілердің біліктілік сынақтары. Балқыту арқылы пісіру. 1-бөлім. Болаттар" МЕМСТ EN 287-1-2002 орнына МЕМСТ әзірлеу

VI бөлім

2019 жыл

2021 жыл

Қазақстан Республикасы


8

25.160.10

Металл материалдарды пісіру рәсімдерінің техникалық талаптары және аттестатталуы. Пісіру рәсімін тексеру. 1-бөлім. Болаттарды доғамен және газбен пісіру және никель мен никель қорытпаларын доғамен пісіру.
ISO 15614-1:2017 негізінде алғаш рет МЕМСТ әзірлеу

VI бөлім

2019 жыл

2021 жыл

Қазақстан Республикасы


9

97.200.40

Аттракциондардың жолаушыларына биомеханикалық әсер ету.
Жаңаланған ISO 17842-4 нұсқасы негізінде МЕМСТ әзірлеу

№ 2 қосымша

2020 жыл

2021 жыл

Ресей Федерациясы

белгіленген тәртіппен халықаралық стандарттың жаңаланған нұсқасы қабылданғаннан кейін
 

10

97.200.40

Аттракциондардың қауіпсіздігі. 1-бөлім. Теміржолға қойылатын қосымша қауіпсіздік талаптары. МЕМСТ Р 53130.1-2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу

V, VІ және VІІІ бөлімдер

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы


11

97.200.40

Аттракциондардың қауіпсіздігі. 2-бөлім. Автодромдарға қойылатын қосымша қауіпсіздік талаптары. МЕМСТ Р 53130.2-2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу

V, VІ және VІІІ бөлімдер

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы


12

97.200.40

Үрлемелі ойын жабдығы. 1-бөлім. Қауіпсіздік талаптары және сынақ әдістері.
EN 14960-1:2019 негізінде МЕМСТ әзірлеу

V және VI бөлімдер

2020 жыл

2021 жыл

Беларусь Республикасы


13

97.200.40

Үрлемелі ойын жабдығы. 2-бөлім. Стационарлық қондырғыға арналған үрлемелі секіру жастықтарына қойылатын қосымша қауіпсіздік талаптары.
EN 14960-2:2019 негізінде МЕМСТ әзірлеу

V және VI бөлімдер

2020 жыл

2021 жыл

Беларусь Республикасы


14

97.200.40

Аттракциондардың қауіпсіздігі. Техникалық жай-күйін бағалау. Қызмет мерзімін ұзарту. МЕМСТ Р 56065-2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу

VIІІ бөлім

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы


15

97.200.40

Аттракциондардың қауіпсіздігі. Картинг төбешіктері. Жалпы қауіпсіздік талаптары. МЕМСТ Р 56985-2016 негізінде МЕМСТ әзірлеу

V және VIII бөлімдер

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы


16

97.200.40

Ойын-сауықтарға арналған құрылғылардың қауіпсіздігі. Қысқы сырғанау төбешіктері. Қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары. МЕМСТ Р 56987-2016 негізінде МЕМСТ әзірлеу

VIІІ бөлім

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы


17

97.200.40

Аттракциондардың қауіпсіздігі. Механикаландырылған аттракциондар қауіпсіздігінің негіздемесіне қойылатын талаптар. Негізгі ережелер.
МЕМСТ Р 53488-2009 негізінде МЕМСТ әзірлеу

V, VІ және VІІІ бөлімдер

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы


18

97.200.40

Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондардың жолаушыларына әсер ететін жылдамдатуды өлшеу әдістері. МЕМСТ Р 56066-2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу

VI және VIII бөлімдер

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы


19

97.200.40

Су аттракциондары. Конструкциясының қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.
МЕМСТ Р 52603-2011 негізінде МЕМСТ әзірлеу

№ 4 қосымша

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы


20

97.200.40

Су аттракциондары. Қолдану кезіндегі қауіпсіздік. Жалпы талаптар.
МЕМСТ Р 52604-2012 негізінде МЕМСТ әзірлеу

№ 4 қосымша

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады