Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 118-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 188 шешімімен бекітілген Тауарлар шығаруға, тауарлар шығарудан бас тартуға және тауарлар шығаруды жоюға байланысты кедендік операциялар жасаудың, тауарлар шығару мерзімін тоқтату, мұндай тоқтатудың мерзімін ұзарту және оларды бұзу туралы шешімдерді ресімдеудің, сондай-ақ, мұндай шешімдерді қабылдау туралы хабардар ету тәртібінің 10-тармағының "б" тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің не еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында реэкспорт кедендік рәсіміне сәйкес шығару жүзеге асырылған, осындай шығарудан кейін тиісінше еркін экономикалық аймақтың не еркін қойманың аумағынан әкетілмеген және осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген декларанттың өтініші Кодекстің 240-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей түскен тауарларға қатысты;".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |