2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабының 11 және 12-тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Қолданылу нәтижесінде Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарын сақтау ерікті түрде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарын қолдану мен орындауға және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, сондай-ақ үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 18 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қолданылу нәтижесінде Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарын сақтау ерікті түрде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және Кеден одағының "Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 032/2013) талаптарын қолдану мен орындауға және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға қажетті зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, сондай-ақ үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі БАҒДАРЛАМА
№ | ХСС коды | Мемлекетаралық стандарт жобасының атауы. Жұмыс түрлері | Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің элементтері | Әзірлеу мерзімдері | Жауапты әзірлеуші – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет | |
басталуы | аяқталуы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 19.100 |
Бұзбайтын бақылау. Магнит-ұнтақ бақылау. 2-бөлім. Дефектоскопия үшін материалдар. | V бөлімнің 36-тармағы | 2020 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы |
2 | 19.100 |
Бұзбайтын бақылау. Магнит-ұнтақ дефектоскопия. 1-бөлім. Жалпы қағидаттар. | V бөлімнің 36-тармағы | 2020 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы |
3 | 25.160.40 |
Пісіріп жалғауларды бұзбайтын бақылау. Ультрадыбыстық бақылау. Бақылау мен бағалаудың әдістері, деңгейлері. | V бөлімнің 36-тармағы | 2020 жыл | 2021 жыл | Қазақстан Республикасы |
4 | 23.020.30 |
2-топтағы жұмыс орталары үшін пайдаланылатын газдарға, қысыммен ерітілген сұйытылған газдарға және буларға арналған ыдыстар. | № 2 қосымша | 2020 жыл | 2021 жыл | Беларусь Республикасы |
5 | 23.020.40 23.060.01 |
Криоген ыдыстар. Төмен температуралы жұмыс режиміне арналған клапандар. | № 2 қосымша | 2020 жыл | 2021 жыл | Беларусь Республикасы |
6 | 23.060.01 |
Өнеркәсіптік клапандар. Металл клапандарды сынау. 1-бөлім. Қысыммен сынау, сынақтарды жүргізу тәртібі және бағалау критерийлері. Міндетті талаптар. | № 2 қосымша | 2020 жыл | 2021 жыл | Беларусь Республикасы |
7 | 23.060.40 |
Сұйытылған көмірсутек газына арналған жабдық пен құрылғы. Сұйытылған көмірсутек газы үшін қысым берілетін ыдыстарға арналған редукциялық клапандар. | № 2 қосымша | 2020 жыл | 2021 жыл | Беларусь Республикасы |
8 | 23.060.01 |
Құбыржол арматурасы. Бақылау және сынау әдістері. | № 2 қосымша | 2021 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
9 | 71.120 75.200 |
Пісірілген болат ыдыстар мен аппараттар. Жалпы техникалық шарттар. | IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
10 | 71.120 75.200 |
Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Жалпы талаптар. | IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
11 | 71.120 75.200 |
Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Цилиндрлік және конустық ернеушелерді, дөңес және жазық түптер мен қақпақтарды есептеу. | IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
12 | 71.120 75.200 |
Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Ішкі және сыртқы қысымдар түсірілген кезде ернеушелер мен түптердегі тесіктерді нығайту. Штуцерге сыртқы статикалық жүктемелер түсірілген кезде ернеушелер мен түптердің беріктігін есептеу. | IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
13 | 71.120 75.200 |
Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Ернемек арқылы жалғастырулардың беріктігі мен герметиикалығын есептеу. | IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
14 | 71.120 75.200 |
Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Ернеушелер мен түптерді тірек жүктемелердің әсер етуіне есептеу. | IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
15 | 71.120 75.200 |
Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Аз циклді жүктемелер кезінде беріктікті есептеу. | IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
16 | 71.120 75.200 |
Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Жылу алмасу аппараттары. | IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
17 | 71.120 75.200 |
Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Көйлекқабы бар ыдыстар мен аппараттар. | IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
18 | 71.120 75.200 |
Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Колонна типіндегі аппараттар. | IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
19 | 71.120 75.200 |
Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Күкіртсутек орталармен жұмыс істейтін ыдыстар мен аппараттар. | IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
20 | 71.120 75.200 | Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. Пісіріп жалғастыру жиектерінің ауытқуын, ернеушелердің шығыңқылығы мен жұмыр еместігін ескере отырып, ернеушелер мен түптердің беріктігін есептеу әдісі. МЕМСТ 34233.11-2017-ні қайта қарау | IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |
21 | 71.120 75.200 |
Ыдыстар мен аппараттар. Беріктігін есептеу нормалары мен әдістері. ЭЕМ-де орындалатын беріктігінің есеп-қисаптарын ұсыну нысанына қойылатын талаптар. | IV бөлім, 1 – 4-кестелер № 1 қосымша, № 2 қосымша | 2020 жыл | 2022 жыл | Ресей Федерациясы |