2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімнің 2.4-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге сәйкес кедендік әкелу баждарының преференциялық ставкалары қолданылатын тауарлар тізбесінде және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген осындай ставкалар мөлшерінің тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 3907 30 000 0 коды бар позициясы мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"3907 30 000 1 |
– – – – оптикалық талшықтар өндірісіне арналған5) | 0 |
3907 30 000 9 | – – – – өзгелері | 0". |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ кедендік әкелу бажының ставкасын өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесіне, эпоксидті смоланың жекелеген түрлеріне және оптикалық талшықтар өндірісіне арналған бастапқы нысандағы полиуретандар тізбесіне өзгеріс енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М.Мясникович |