Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі міндеттемелерін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсету саудасы, құру, қызмет және инвестицияларды жүзеге асыру еркіндігін қамтамасыз ету бөлігінде орындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Беларусь Республикасына Қызметтер көрсету саудасы, құру, қызмет және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттаманың 24-тармағын және 30-тармағының 5-тармақшасын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңды тұлғаларының Беларусь Республикасының аумағында өз филиалдарын ашу мүмкіндігін қамтамасыз ету бөлігінде орындау қажеттігі туралы хабарлама білдірілсін.
2. Беларусь Республикасының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны қабылданған шаралар туралы хабардар ету сұралсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |