Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" № 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 наурыздағы № 41 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағы және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 92-тармағы негізінде санитариялық-эпидемиологиялық күрделі кезеңде медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныш құралдары жетіспеуінің сынамды деңгейі пайда болуына жол бермеу, халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында шұғыл әрекет етуді талап ететін айрықша жағдайға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" № 30 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген тауарлар тізбесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 1 қосымша) 1.10-бөліміне енгізілген жеке қорғаныш құралдары мен зарарсыздандыру құралдарын, медициналық мақсаттағы өнімдер мен материалдарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге салынған тыйым қоса алғанда 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім, егер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі өзге мерзім белгілемесе, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 24 наурыздағы
№ 41 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген Шешімге № 1 қосымша мынадай мазмұндағы 1-10-бөліммен толықтырылсын:

      "1.10. Қоса алғанда 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта әкетуге тыйым салынған жеке қорғаныш құралдары, қорғаныш және зарарсыздандыру құралдары, медициналық мақсаттағы өнімдер мен материалдар

Позиция атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Пропан-1-ол (пропилспирті) және пропан-2-ол (изопропил спирті)

2905 12 000 0

Мақта, дәке, бинттер және медицинада, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда пайдалануға арналған фармацевтикалық заттар сіңірілген немесе қапталған немесе формаға салынған немесе оралған осыған ұқсас бұйымдар (мысалы, таңу материалдары, лейкопластырлар, булауға арналған материал)

3005

Залалсыздандыру құралдары

3808 94

Бахиллалар*

3926*

Киімдер мен оған керек-жарақтар (қолғапты қоса алғанда)**

3926 20 000 0*

Түрлі мақсаттарға арналған вулканизацияланған резинадан жасалған киімдер мен оған керек-жарақтар (қолғапты қоса алғанда), қатты резинадан басқа**

4015*

Тоқыма емес материалдар, сіңірілген немесе сіңірілмеген, қапталған немесе қаптаусыз, қатырмаланған немесе қатырмаланбаған

5603
(5603 11 900 0-ден,
5603 12 100 0-ден,
5603 12 900 0-ден,
5603 13 100 0-ден,
5603 13 900 0-ден,
5603 14 100 0-ден,
5603 14 900 0-ден,
5603 93 900 0-ден,
5603 94 900 0-ден
басқа)

5902 тауар позициясы материалдарынан басқа, пластмасса сіңірілген, пластмассамен жабылған немесе қатырмаланған тоқыма материалдар

5903
(5903 20 900 0-ден,
5903 90 990 0-ден
басқа)

5902 тауар позициясы материалдарынан басқа, резиналанған тоқыма материалдар

5906
(5906 91 900 0-ден
басқа)

5603, 5903, 5906 тауар позицияларындағы материалдардан дайындалған, киімдердің керек-жарақтары

6210 10 920 0,
6210 10 980 0,
6210 40 000 0*,
6210 50 000 0*
 

Маскалар, жартылай маскалар, респиратор маскалар, респираторлар**

6307 90 980 0*

5603 тауар позициясындағы материалдардан дайындалған, хирургиялық операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын біржолғы жаймалар немесе майлықтар

6307 90 920 0

Тыныс алу органдарын жеке қорғайтын ауа сүзгілейтін құралдар***

9020 00 000 0*

Аэрокірнеге қарсы, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына арналған сүзгі

8421 39 200 9*,
9020 00 000 0*



Түзетуге арналғандарды қоспағанда, қорғаныш көзілдіріктер

9004 90*

      *ЕАЭО СЭҚ ТН көрсетілген кодымен сыныпталатын тауарларға қатысты ЕАЭО СЭҚ ТН кодын, сол сияқты тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.

      **Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан су, әуе кемелерінің жолаушылары және экипаж мүшелерінің немесе поезд жолаушылары мен поезд бригадаларының қызметкерлері, сондай-ақ халықаралық тасымалды жүзеге асыратын автомобиль көлік құралдарының жүргізушілерінің пайдалануы үшін әкетілетін тауарларды қоспағанда.

      ***Тыныс алу органдарын жеке қорғайтын оқшаулау құралдарын, өзін өзі құтқару құралдарын, газдан қорғау және аралас сүзгілерді, өрт күзеті бөлімшелеріне арналған, авиация, космос техникасында, су астында және тау-кен, шахта жұмыстарында пайдалануға арналған тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын қоспағанда.

      Бөлімге ескертпе:

      1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін "*" белгісімен белгіленген, ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен сыныпталатын тауарларды қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа алу қажет.

      2. Тыйым салу Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) шешімдері негізінде шет мемлекеттерге халықаралық гуманитарлық көмек көрсету үшін;

      жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін әкетілетін тауарларға қолданылмайды.

      3. Еуразиялық экономикалық одақтан тыс басталатын және аяқталатын халықаралық транзиттік тасымалдау шеңберінде алып жүретін тауарларды әкетуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы алып жүретін Еуразиялық экономикалық одақ тауарларына тыйым салу қолданылмайды."

О внесении изменений в Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 21 апреля 2015 г. № 30 "О мерах нетарифного регулирования"

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 24 марта 2020 года № 41

      В соответствии со статьей 46 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года и пунктом 4 Протокола о мерах нетарифного регулирования в отношении третьих стран (приложение № 7 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года), на основании пункта 16 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и пункта 92 Регламента работы Евразийской экономической комиссии, утвержденного Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, в связи с исключительным случаем, требующим оперативного реагирования в целях недопущения возникновения критического уровня нехватки медицинских изделий и средств индивидуальной защиты в период обострения санитарно-эпидемиологической обстановки, защиты жизни и здоровья населения, Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Внести в Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 21 апреля 2015 г. № 30 "О мерах нетарифного регулирования" изменения согласно приложению.

      2. Установить, что запрет вывоза с таможенной территории Евразийского экономического союза средств индивидуальной защиты, защитных и дезинфицирующих средств, продукции медицинского назначения и материалов, включенных в раздел 1.10 перечня товаров, в отношении которых установлен запрет ввоза на таможенную территорию Евразийского экономического союза и (или) вывоза с таможенной территории Евразийского экономического союза (приложение № 1 к Решению Коллегии Евразийской экономической комиссии от 21 апреля 2015 г. № 30), действует по 30 сентября 2020 г. включительно.

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования, если иной срок не установлен Советом Евразийской экономической комиссии.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Решению Коллегии
Евразийской экономической
комиссии
от 24 марта 2020 г. № 41

ИЗМЕНЕНИЯ,
вносимые в Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 21 апреля 2015 г. № 30

      1. Приложение № 1 к указанному Решению дополнить разделом 1.10 следующего содержания:

      "1.10. Средства индивидуальной защиты, защитные и дезинфицирующие средства, продукция медицинского назначения и материалы, запрещенные к вывозу по 30 сентября 2020 г. включительно

Наименование позиции

Код ТН ВЭД ЕАЭС

Пропан-1-ол (спирт пропиловый) и пропан-2-ол (спирт изопропиловый)

2905 12 000 0

Вата, марля, бинты и аналогичные изделия (например, перевязочный материал, лейкопластыри, припарки), пропитанные или покрытые фармацевтическими веществами или расфасованные в формы или упаковки для розничной продажи, предназначенные для использования в медицине, хирургии, стоматологии или ветеринарии

3005

Средства дезинфицирующие

3808 94

Бахилы**

3926*

Одежда и принадлежности к одежде (включая перчатки)**

3926 20 000 0*

Одежда и принадлежности к одежде (включая перчатки) из вулканизованной резины, кроме твердой резины, для различных целей**

4015*

Нетканые материалы, пропитанные или непропитанные, с покрытием или без покрытия, дублированные или недублированные

5603
(кроме 5603 11 900 0,
5603 12 100 0,
5603 12 900 0,
5603 13 100 0,
5603 13 900 0,
5603 14 100 0,
5603 14 900 0,
5603 93 900 0,
5603 94 900 0)

Текстильные материалы, пропитанные, с покрытием или дублированные пластмассами, кроме материалов товарной позиции 5902

5903
(кроме 5903 20 900 0,
5903 90 990 0)

Текстильные материалы прорезиненные, кроме материалов товарной позиции 5902

5906
(кроме 5906 91 000 0)

Предметы одежды, изготовленные из материалов товарной позиции 5603, 5903, 5906

6210 10 920 0,
6210 10 980 0,
6210 40 000 0*,
6210 50 000 0*

Маски, полумаски, маски-респираторы, респираторы**

6307 90 980 0*

Одноразовые простыни или салфетки, изготовленные из материалов товарной позиции 5603, используемые при проведении хирургических операций

6307 90 920 0

Средства индивидуальной защиты органов дыхания фильтрующие***

9020 00 000 0*

Фильтры для средств индивидуальной защиты органов дыхания противоаэрозольные

8421 39 200 9*,
9020 00 000 0*

Защитные очки, за исключением корректирующих**

9004 90*

      ____________

      * В отношении товаров, классифицируемых указанным кодом ТН ВЭД ЕАЭС, следует руководствоваться как кодом ТН ВЭД ЕАЭС, так и наименованием товара.

      ** За исключением товаров, вывозимых с таможенной территории Евразийского экономического союза для использования пассажирами и членами экипажей водных, воздушных судов или пассажирами поездов и работниками поездных бригад, а также водителями автомобильных транспортных средств, осуществляющих международные перевозки.

      *** За исключением изолирующих средств индивидуальной защиты органов дыхания, самоспасателей, противогазовых и комбинированных фильтров, средств индивидуальной защиты органов дыхания для подразделений пожарной охраны, для использования в авиационной, космической технике, на подводных и в горно-шахтных работах.

      Примечания к разделу:

      1. Для целей настоящего раздела необходимо руководствоваться кодом ТН ВЭД ЕАЭС, за исключением товаров, классифицируемых кодами ТН ВЭД ЕАЭС, которые отмечены знаком "*".

      2. Запрет не распространяется на товары, вывозимые с таможенной территории Евразийского экономического союза:

      для оказания международной гуманитарной помощи иностранным государствам на основании решений государств – членов Евразийского экономического союза;

      физическими лицами для личного пользования.

      3. Запрет не распространяется на вывоз товаров, перемещаемых в рамках международных транзитных перевозок, начинающихся и заканчивающихся за пределами Евразийского экономического союза, а также товаров Евразийского экономического союза, перемещаемых между территориями государств-членов Евразийского экономического союза через территорию государств, не являющихся членами Евразийского экономического союза.".