2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағы және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 92-тармағы негізінде санитариялық-эпидемиологиялық күрделі кезеңде медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныш құралдары жетіспеуінің сынамды деңгейі пайда болуына жол бермеу, халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында шұғыл әрекет етуді талап ететін айрықша жағдайға байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" № 30 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген тауарлар тізбесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 1 қосымша) 1.10-бөліміне енгізілген жеке қорғаныш құралдары мен зарарсыздандыру құралдарын, медициналық мақсаттағы өнімдер мен материалдарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге салынған тыйым қоса алғанда 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Шешім, егер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі өзге мерзім белгілемесе, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 наурыздағы № 41 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Көрсетілген Шешімге № 1 қосымша мынадай мазмұндағы 1-10-бөліммен толықтырылсын:
"1.10. Қоса алғанда 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта әкетуге тыйым салынған жеке қорғаныш құралдары, қорғаныш және зарарсыздандыру құралдары, медициналық мақсаттағы өнімдер мен материалдар
Позиция атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды |
Пропан-1-ол (пропилспирті) және пропан-2-ол (изопропил спирті) | 2905 12 000 0 |
Мақта, дәке, бинттер және медицинада, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда пайдалануға арналған фармацевтикалық заттар сіңірілген немесе қапталған немесе формаға салынған немесе оралған осыған ұқсас бұйымдар (мысалы, таңу материалдары, лейкопластырлар, булауға арналған материал) | 3005 |
Залалсыздандыру құралдары | 3808 94 |
Бахиллалар* | 3926* |
Киімдер мен оған керек-жарақтар (қолғапты қоса алғанда)** | 3926 20 000 0* |
Түрлі мақсаттарға арналған вулканизацияланған резинадан жасалған киімдер мен оған керек-жарақтар (қолғапты қоса алғанда), қатты резинадан басқа** | 4015* |
Тоқыма емес материалдар, сіңірілген немесе сіңірілмеген, қапталған немесе қаптаусыз, қатырмаланған немесе қатырмаланбаған |
5603 |
5902 тауар позициясы материалдарынан басқа, пластмасса сіңірілген, пластмассамен жабылған немесе қатырмаланған тоқыма материалдар |
5903 |
5902 тауар позициясы материалдарынан басқа, резиналанған тоқыма материалдар |
5906 |
5603, 5903, 5906 тауар позицияларындағы материалдардан дайындалған, киімдердің керек-жарақтары |
6210 10 920 0, |
Маскалар, жартылай маскалар, респиратор маскалар, респираторлар** | 6307 90 980 0* |
5603 тауар позициясындағы материалдардан дайындалған, хирургиялық операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын біржолғы жаймалар немесе майлықтар | 6307 90 920 0 |
Тыныс алу органдарын жеке қорғайтын ауа сүзгілейтін құралдар*** | 9020 00 000 0* |
Аэрокірнеге қарсы, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына арналған сүзгі |
8421 39 200 9*, |
Түзетуге арналғандарды қоспағанда, қорғаныш көзілдіріктер | 9004 90* |
*ЕАЭО СЭҚ ТН көрсетілген кодымен сыныпталатын тауарларға қатысты ЕАЭО СЭҚ ТН кодын, сол сияқты тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.
**Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан су, әуе кемелерінің жолаушылары және экипаж мүшелерінің немесе поезд жолаушылары мен поезд бригадаларының қызметкерлері, сондай-ақ халықаралық тасымалды жүзеге асыратын автомобиль көлік құралдарының жүргізушілерінің пайдалануы үшін әкетілетін тауарларды қоспағанда.
***Тыныс алу органдарын жеке қорғайтын оқшаулау құралдарын, өзін өзі құтқару құралдарын, газдан қорғау және аралас сүзгілерді, өрт күзеті бөлімшелеріне арналған, авиация, космос техникасында, су астында және тау-кен, шахта жұмыстарында пайдалануға арналған тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын қоспағанда.
Бөлімге ескертпе:
1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін "*" белгісімен белгіленген, ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен сыныпталатын тауарларды қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын басшылыққа алу қажет.
2. Тыйым салу Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) шешімдері негізінде шет мемлекеттерге халықаралық гуманитарлық көмек көрсету үшін;
жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін әкетілетін тауарларға қолданылмайды.
3. Еуразиялық экономикалық одақтан тыс басталатын және аяқталатын халықаралық транзиттік тасымалдау шеңберінде алып жүретін тауарларды әкетуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы алып жүретін Еуразиялық экономикалық одақ тауарларына тыйым салу қолданылмайды."