Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 4 шешімімен бекітілген Кедендік құн декларациясының құрылымы мен форматына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2020 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 52 шешіміне ҚОСЫМША |
Кедендік құн декларациясының құрылымы мен форматына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-кестеде:
а) "Сипаттамасы" деген графадағы 3-позицияда "1.0.2" деген цифрлар "1.1.0" деген цифрлармен ауыстырылсын;
б) "Сипаттамасы" деген графадағы 4-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"urn: EEC: R:038:CustomsValueDeclaration:v1.1.0";
в) "Сипаттамасы" деген графадағы 6-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"EEC_R_038_CustomsValueDeclaration_v1.1.0.xsd".
2. 3-кестедегі 20.1-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"20.1. Құжатқа қол қойған адам | құжатқа қол қойған адам туралы мәлімет | M.CA.CDE.00204 |
M.CA.CDT.00155 | 1". |
3. 12-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"деректемені толтыру қағидасы" – деректемені толтыру қағидасын айқындайды;".
4. 10-кестеде:
а) "Толтыру қағидасы" деген графаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Деректемені толтыру қағидасы*";
б) 3-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бастапқы электрондық құжаттың (мәліметтердің) | – | – | – | – | – | O | 1 |
Егер "Бастапқы электрондық құжаттың (мәліметтердің) |
в) 10-графадағы 12.12.2-позицияда "ел кодының екі әріптік" деген сөздер "елдің екі әріптік кодының" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) 13.6.а-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"а) сәйкестендіру әдісі | – | – | – | – | – | М | 1 | KG, RU | "Шаруашылық жүргізуші субъектінің сәйкестендіргіші (csdo:BusinessEntityId)" деректемесінің "сәйкестендіру әдісі (kindId атрибуты)" атрибутында шаруашылық жүргізуші субъектілер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркелген жағдайда оларды сәйкестендіру әдістерінің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік тізілім (тіркелім) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің кодтық белгіленімін қамтуға тиіс"; |
д) 10-графадағы 13.11.1, 13.12.2 және 13.14.10.2-позицияларда "ел кодының екі әріптік" деген сөздер "елдің екі әріптік кодының" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) г) 14.6.а-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"а) сәйкестендіру әдісі | – | – | – | – | – | М | 1 | KG, RU | "Шаруашылық жүргізуші субъектінің сәйкестендіргіші (csdo:BusinessEntityId)" деректемесінің "сәйкестендіру әдісі (kindId атрибуты)" атрибутында шаруашылық жүргізуші субъектілер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркелген жағдайда оларды сәйкестендіру әдістерінің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік тізілім (тіркелім) бойынша жазба нөмірі (коды) түрінің кодтық белгіленімін қамтуға тиіс"; |
ж) 10-графадағы 14.11.1-позицияда "ел кодының екі әріптік" деген сөздер "елдің екі әріптік кодының" деген сөздермен ауыстырылсын;
з) 10-графадағы 14.12.2, 14.14.10.2 және 14.15.1-позицияларда "ел кодының екі әріптік" деген сөздер "елдің екі әріптік кодының" деген сөздермен ауыстырылсын;
и) 10-графадағы 18.8.а, 18.10.1.1.а, 18.10.1.2.а, 18.10.1.3.а, 18.10.1.4.а, 18.10.1.5.а, 18.10.1.6.а, 18.10.2.1.а, 18.10.2.2.а, 18.10.2.3.а, 18.10.2.4.а, 18.10.2.5.а, 18.10.2.6.а, 18.10.2.7.а, 8.10.2.8.а, 18.10.2.10.а, 18.10.2.11.а, 18.10.2.12.а, 18.10.2.13.а, 18.10.3.1.а, 18.10.3.2.а, 18.10.3.3.а, 18.10.3.4.а, 18.11.1.а, 18.11.2.1.а, 18.11.2.2.а, 18.11.2.4.а, 18.11.2.5.а, 18.11.2.6.а, 18.11.2.7.а, 18.11.3.1.а, 18.11.3.2.а, 18.11.3.4.а, 18.11.3.5.а, 18.11.3.6.а, 18.11.3.7.а, 18.11.4.а, 18.12.1.а, 18.12.3.а, 18.12.4.а, 18.12.5.а, 18.12.6.а, 18.12.7.а, 18.13.1.а, 18.13.2.а, 18.13.3.а, 18.13.4.а, 18.13.5.а, 18.13.6.а, 18.13.7.а, 18.13.8.а, 18.13.9.а, 18.13.11.а, 18.13.12.а, 18.13.13.а, 18.15.2.а және 18.15.3.а позицияларда "валютасы кодының үш әріптік" деген сөздер "валютасының үш әріптік кодының" деген сөздермен, "валюта кодының үш әріптік" деген сөздер "валютаның үш әріптік кодының" деген сөздермен ауыстырылсын;
к) 1-графадағы 20.1-позицияда "лауазымды тұлға" деген сөздер "адам" деген сөзбен ауыстырылсын;
л) 10-графадағы 20.2.1-позицияда "ел кодының екі әріптік" деген сөздер "елдің екі әріптік кодының" деген сөздермен ауыстырылсын.