Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 14-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) сәйкес және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді бір жүйеге келтіру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 114 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының күші жойылды деп танылған шешімдерінің ТІЗБЕСІ
1. Кеден одағы Комиссиясының "Бірыңғай кедендік аумақтың жұмыс істеуімен байланысты проблемалық мәселелер және Кеден одағы механизмдерін іске асыру практикасы туралы" 2010 жылғы 17 тамыздағы № 335 шешімі;
2. Кеден одағы Комиссиясының "Азаматтық (спорттық) қаруды және оған патрондарды, медициналық жабдықты, медикаменттерді, медициналық препараттарды және 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына қатысушы мемлекеттердің өзге де материалдық құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелу (әкету) туралы" 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 508 шешімі;
3. Кеден одағы Комиссиясының "Уақытша әкетудің кедендік рәсіміне орналастыру кезінде Кеден одағының Кеден кодексінің 196-бабының 1-тармағы қолданылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы" 2011 жылғы 18 қазандағы № 815 шешімі;
4. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 850 шешімімен бекітілген "Кеден одағының нормативтік құқықтық базасын Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес келтіру туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 859 шешіміне № 1 қосымшаның 19-тармағы;
5. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген "Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес келтіру туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 125 шешіміне № 1 қосымшаның 7-тармағы;
6. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Уақытша әкетудің кедендік рәсіміне орналастыру кезінде Кеден одағы Кеден кодексінің 196-бабының 1-тармағы қолданылатын тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 25 қазандағы № 196 шешімі;
7. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының өзгеруіне байланысты Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 243 шешіміне қосымшаның 1-тармағы;
8. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне есептегіш машиналардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 303 шешімінің 3-тармағы;
9. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 335 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 7 шешімі;
10. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссияның жекелеген шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешімінің жобасын мақұлдау туралы" 2013 жылғы 25 маусымдағы № 140 шешіміне қосымшаның 7-тармағы;
11. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Мұнай газдары сияқты мұнайды да тазалауға арналған тазартқыштар, мұнай газдарын тазалауға арналған тазартқыштар және мұнай газдары мен мұнайды тазалауға арналған тазартқыштарға қатысты Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы мен Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 815 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 3 маусымдағы № 87 шешімінің 2-тармағы;
12. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының өзгеруіне байланысты Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 25 маусымдағы № 94 шешімінің 1-тармағы;
13. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне азаматтық авиацияға және азаматтық әуе кемелеріне арналған тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты және Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі жобасын мақұлдау туралы" 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 214 шешіміне № 4 қосымшаның 3-тармағы;
14. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне азаматтық авиацияға және азаматтық әуе кемелеріне арналған тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты және Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі жобасын мақұлдау туралы" 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 214 шешіміне № 4 қосымшаның 2-тармағы;
15. "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының өзгеруіне байланысты Кеден одағы Комиссиясының, Еуразиялық экономикалық комиссияның және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 109 шешіміне № 1-қосымшаның 3-тармағы;
16. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 15 қарашадағы № 145 шешіміне қосымшаның 4-тармағы;
17. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне магнетрондардың жекелеген түрлеріне қатысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының және Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 21 қарашадағы № 158 шешімінің 3-тармағы.