Үшінші елдерге қатысты санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, қалыңдығы 0,2 мм-ден асатын, бірақ 3 мм-ден аспайтын рулондарға оралған немесе оралмаған, жабылған немесе жабылмаған (№ 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша алюминий лентасы түрлерін қоспағанда) төртбұрышты (шаршы түрін қоса алғанда) жалпақ алюминий бұйымдарын білдіретін, Әзербайжан Республикасы мен Қытай Халық Республикасында шығарылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН 7606 11 910 0, 7606 12 200 9 және 7606 12 920 9 кодтарымен сыныпталатын алюминий ленталарына қатысты демпингке қарсы шара демпингке қарсы баждарды № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде енгізу арқылы осы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін 5 жыл деп белгілей отырып қолданылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы мемлекеттік органдары осы Шешімде көзделген демпингке қарсы шараларды ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын да, тауар атауларын да басшылыққа ала отырып, өзара қамтамасыз етсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 115 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Алюминий лентасына қатысты демпингке қарсы баж СТАВКАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ
Шығарылатын елі | Өндіруші | Демпингке қарсы баж ставкасының мөлшері (кедендік құнына пайызбен) |
Әзербайжан Республикасы | "Азералюминиум" ООО (заңды мекенжайы: Тбилиси даңғылы, 35-үй, 1033-ші орама, Ясамаль ауданы, Баку қаласы, Әзербайжан Республикасы, нақты мекенжайы: Измир көшесі, 14-үй, Ясамаль ауданы, Баку қаласы, Әзербайжан Республикасы) | 16,18 |
өзгелері | 16,18 | |
Қытай Халық Республикасы | Nantong Hengjin Composite Material Co., Ltd. (No. 129, Nanhai Road, Haimen City, Jiangsu Province, China) | 13,14 |
өзгелері | 13,14 |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 115 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Демпингке қарсы шара қолданылмайтын алюминий лентасы түрлерінің ТІЗБЕСІ
1. МЕМСТ 4784-2019 (EN 573-3) сәйкес 5182 қорытпа маркасынан жасалған, EN 485-2 сәйкес H48 жеткізу жағдайындағы, ені 300-ден қоса алғанда 2000 мм дейінгі, қалыңдығы 0,2-ден көп, бірақ 0,35 мм-ден аспайтын, созылу күші кем дегенде 345 Мпа болатын, көлденең қимасы тұтас (рельефсіз, гофрсыз, перфорациясыз және көлденең қиманы өзгертудің басқа әдістерінсіз), екі жағынан да лак жалатылған алюминий лентасы.
2. МЕМСТ 4784-2019 (EN 573-3) сәйкес 5182 қорытпа маркасынан жасалған, EN 485-2 сәйкес H48 жеткізу жағдайындағы, ені 300-ден 2000 мм қоса алғанға дейінгі, қалыңдығы 0,2-ден көп, бірақ 0,35 мм-ден аспайтын, созылу күші кем дегенде 345 Мпа болатын, көлденең қимасы тұтас (рельефсіз, гофрсыз, перфорациясыз және көлденең қиманы өзгертудің басқа әдістерінсіз), екі жағынан да лакпен жалатылған не екі жағынан да жылтыратылған алюминий лентасы.
3. МЕМСТ 4784-2019 (EN 573-3) сәйкес 5182 қорытпа маркасынан жасалған, EN 485-2 сәйкес H48 жеткізу жағдайындағы, ені 300-ден 2000 мм қоса алғанға дейінгі, қалыңдығы 0,2-ден көп, бірақ 0,35 мм-ден аспайтын, созылу күші кем дегенде 345 Мпа болатын, көлденең қимасы тұтас (рельефсіз, гофрсыз, перфорациясыз және көлденең қиманы өзгертудің басқа әдістерінсіз), екі жағынан да үстіңгі жағы жылтырлатылған, екі жағының да үстіңгі беті жылтыр алюминий лентасы.