Беларусь Республикасында 2019 жылғы 1 қарашадан бастап енгізілген қарақұмық жармасы бағаларын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы Беларусь Республикасынан 2020 жылғы 27 тамызда келіп түскен өтінішке байланысты және Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 82-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Беларусь Республикасында қарақұмық жармасы бағаларын мемлекеттік реттеу мерзімін 92 күнге – 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қоса алғанда 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартумен келісілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 1 қазаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |