Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, қуаты 250 а.к. дейінгі бұрылмайтын және бұрылатын қайырмасы бар шынжыр табанды бульдозерлерге қатысты демпингке қарсы шара қолдану туралы" 2015 жылғы 10 қарашадағы № 148 шешімімен бекітілген демпингке қарсы шараларды қолдану қоса алғанда 2021 жылғы 29 шілдеге дейін ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2021 жылғы 29 шілдеге дейін алдын ала демпингке қарсы баждарды өндіру үшін белгіленген тәртіпте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 148 шешімімен белгіленген ставкалармен демпингке қарсы баждарды өндіруді қамтамасыз етсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2020 жылғы 12 желтоқсаннан кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |