Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жүк шиналарына қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы" № 154 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы қоса алғанда 2021 жылғы 18 тамызға дейінгі мерзімге ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2021 жылғы 18 тамызға дейінгі аралықта алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 154 шешімімен белгіленген ставкалар бойынша демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2020 жылғы 18 желтоқсаннан кейін күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |