Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Ылғалдануға, тазартуға, ағартуға, мұздатуға, иіссіздендіруге ұшыраған ұшпайтын өсімдік майлары (мысалы, соя және рапс) болып табылатын, өзгермеген химиялық құрамы бар өсімдік майларының тағамдық сұйық қоспасы сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасына сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 1517 90 910 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |