2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11) және 12) тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 237 шешімімен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 156 шешіміне ҚОСЫМША |
Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға енгізілетін өзгерістер
Мынадай мазмұндағы 80 – 95-позициялармен толықтырылсын:
"
80 | 71.100.70 | Парфюмериялық-косметикалық өнім. Талдамалық әдістер. Шектеулі 22 МС-фильтрлерін сәйкестендіруге және сандық мөлшерін анықтауға арналған ГХ/МС әдісі EN 17156:2018 негізінде МемСТ әзірлеу | 5-баптың 2.5 және 7-тармақтары | 2020 | 2021 | Беларусь Республикасы |
81 |
71.100.40 |
Парфюмериялық-косметикалық өнім. Микробиология. Косметикалық өнімнің микробқа қарсы тұру белсенділігін бағалау әдісі. | 5-баптың 4 және 7-тармақтары | 2021 | 2022 | Ресей Федерациясы |
82 |
71.100.70 | Парфюмериялық-косметикалық өнім. Гидролаттардың органикалық индексін есептеу. ISO 16128-2 үшін анықтамалық ақпарат. ISO/TR 23199:2019 негізінде МемСТ әзірлеу |
5-баптың 2 және 7-тармақтары. 6-баптың | 2021 | 2022 | Ресей Федерациясы |
83 | 71.100.70 |
Парфюмериялық-косметикалық өнім. Терминология. Экстрактаның булану және органикалық көрсеткіштерді есептеу әдістері. |
5-баптың 2 және 7-тармақтары. 6-баптың | 2021 | 2022 | Ресей Федерациясы |
84 | 71.100.70 | Парфюмериялық-косметикалық өнім. Қабылдау, сынамаларды алу қағидалары, органикалептикалық сынау әдістері. 29188.0-2014 МемСТ-ға өзгерістер енгізу | 5-баптың 3-6-тармақтары | 2021 | 2022 | Беларусь Республикасы |
85 | 71.100.70 | Парфюмериялық-косметикалық өнім. рН сутекті көрсеткішті анықтау әдістері. 29188.2-2014 МемСТ-ға өзгерістер енгізу | 5-баптың 3-тармағы | 2021 | 2022 | Беларусь Республикасы |
86 | 71.100.70 |
Қатты иіс сабын. Жалпы техникалық шарттар. | 5-баптың 5-9-тармақтары | 2021 | 2022 | Беларусь Республикасы |
87 | 71.100.60 |
Тәтті апельсиннің эфир майы [Citrus sinensis (L.)]. Техникалық шарттар. | 2-баптың 3-тармағы | 2021 | 2022 | Қазақстан Республикасы |
88 | 71.100.70 |
Парфюмериялық-косметикалық өнім. Күннен қорғау сынақтарының әдістері. Тірі организмдердегі күннен қорғау факторын (SPF) анықтау (in vivo). | 6-баптың 4 және 5-тармақтары | 2021 | 2022 | Ресей Федерациясы |
89 | 71.100.70 |
Парфюмериялық-косметикалық өнім. Талдамалық әдістер. Сандық талдамалық әдістерді тексеруге арналған ғаламдық тәсілді әзірлеу. | 5-баптың 2, 5 және 7-тармақтары | 2021 | 2023 | Беларусь Республикасы |
90 | 71.100.70 | Парфюмериялық-косметикалық өнім. Күннен қорғауды сынау әдістері. Суға төзімділігін анықтау үшін сынаудың әдістері. ISO 16217:2020 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-баптың 4 және 5-тармақтары | 2022 | 2024 | Ресей Федерациясы |
91 | 71.100.70 | Парфюмериялық-косметикалық өнім. Күннен қорғауды сынау әдістері. Суға төзімділігін анықтау үшін сынаудың әдістері. ISO 18861:2020 негізінде МемСТ әзірлеу | 6-баптың 4 және 5-тармақтары | 2022 | 2024 | Ресей Федерациясы |
92 |
71.100.40 |
Парфюмериялық-косметикалық өнім. Микробиология. Сіңірілген немесе салынған өнімді микробиологиялық бақылау. Сулықтар мен маскалар. | 5-баптың 4 және 7-тармақтары | 2021 | 2023 | Беларусь Республикасы |
93 |
71.100.70 |
Парфюмериялық-косметикалық өнім. Тістерді ағартуға арналған заттар. Жалпы техникалық шарттар. | 5-баптың 3-6, 8 және 9-тармақтары | 2021 | 2023 | Беларусь Республикасы |
94 | 71.100.60 | Лимон эфкалиптінің эфир майы (Eucalyptus citriodora Hook.). Техникалық талаптар. ISO 3044:2020 ескере отырып ISO 3044-2017 МемСТ қайта қарау | 2-баптың 3-тармағы | 2021 | 2022 | Қазақстан Республикасы |
95 | 07.100.40 |
Парфюмериялық-косметикалық өнім. Микробиология. Микробиологиялық тәуекелі төмен өнімнің тәуекелін бағалау және оны сәйкестендіру жөніндегі басшылық нұсқаулар. | 5-баптың 4 және 7-тармақтары | 2021 | 2022 | Қазақстан Республикасы |
".