Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 156 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11) және 12) тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 237 шешімімен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 24 қарашадағы
№ 156 шешіміне
ҚОСЫМША

Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға енгізілетін өзгерістер

      Мынадай мазмұндағы 80 – 95-позициялармен толықтырылсын:

      "

80

71.100.70

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Талдамалық әдістер. Шектеулі 22 МС-фильтрлерін сәйкестендіруге және сандық мөлшерін анықтауға арналған ГХ/МС әдісі EN 17156:2018 негізінде МемСТ әзірлеу

5-баптың 2.5 және 7-тармақтары

2020

2021

Беларусь Республикасы

81

71.100.40
07.100.40

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Микробиология. Косметикалық өнімнің микробқа қарсы тұру белсенділігін бағалау әдісі.
ISO 11930:2019 МемСТ әзірлеу және ISO11930-2014 МемСТ қайта қарау

5-баптың 4 және 7-тармақтары

2021

2022

Ресей Федерациясы

82

71.100.70
01.040.71

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Гидролаттардың органикалық индексін есептеу. ISO 16128-2 үшін анықтамалық ақпарат. ISO/TR 23199:2019 негізінде МемСТ әзірлеу

5-баптың 2 және 7-тармақтары. 6-баптың
4 және 5-тармақтары

2021

2022

Ресей Федерациясы

83

71.100.70

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Терминология. Экстрактаның булану және органикалық көрсеткіштерді есептеу әдістері.
ISO 16128-2 қолдануға арналған анықтамалық ақпарат.
ISO/TR 22582:2019 негізінде МемСТ әзірлеу

5-баптың 2 және 7-тармақтары. 6-баптың
4 және 5-тармақтары

2021

2022

Ресей Федерациясы

84

71.100.70

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Қабылдау, сынамаларды алу қағидалары, органикалептикалық сынау әдістері. 29188.0-2014 МемСТ-ға өзгерістер енгізу

5-баптың 3-6-тармақтары

2021

2022

Беларусь Республикасы

85

71.100.70

Парфюмериялық-косметикалық өнім. рН сутекті көрсеткішті анықтау әдістері. 29188.2-2014 МемСТ-ға өзгерістер енгізу

5-баптың 3-тармағы

2021

2022

Беларусь Республикасы

86

71.100.70

Қатты иіс сабын. Жалпы техникалық шарттар.
28546-2014 МемСТ-ға өзгерістер енгізу

5-баптың 5-9-тармақтары

2021

2022

Беларусь Республикасы

87

71.100.60

Тәтті апельсиннің эфир майы [Citrus sinensis (L.)]. Техникалық шарттар.
ISO 3140:2019 негізінде МемСТ әзірлеу

2-баптың 3-тармағы

2021

2022

Қазақстан Республикасы

88

71.100.70

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Күннен қорғау сынақтарының әдістері. Тірі организмдердегі күннен қорғау факторын (SPF) анықтау (in vivo).
ISO 24444:2019 негізінде МемСТ әзірлеу және ISO 24444-2013 МемСТ қайта қарау

6-баптың 4 және 5-тармақтары

2021

2022

Ресей Федерациясы

89

71.100.70

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Талдамалық әдістер. Сандық талдамалық әдістерді тексеруге арналған ғаламдық тәсілді әзірлеу.
ISO/TS 22176:2020 негізінде МемСТ әзірлеу

5-баптың 2, 5 және 7-тармақтары

2021

2023

Беларусь Республикасы

90

71.100.70

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Күннен қорғауды сынау әдістері. Суға төзімділігін анықтау үшін сынаудың әдістері. ISO 16217:2020 негізінде МемСТ әзірлеу

6-баптың 4 және 5-тармақтары

2022

2024

Ресей Федерациясы

91

71.100.70

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Күннен қорғауды сынау әдістері. Суға төзімділігін анықтау үшін сынаудың әдістері. ISO 18861:2020 негізінде МемСТ әзірлеу

6-баптың 4 және 5-тармақтары

2022

2024

Ресей Федерациясы

92

71.100.40
07.100.40

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Микробиология. Сіңірілген немесе салынған өнімді микробиологиялық бақылау. Сулықтар мен маскалар.
ISO 21322:2020 негізінде МемСТ әзірлеу

5-баптың 4 және 7-тармақтары

2021

2023

Беларусь Республикасы

93

71.100.70
97.170

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Тістерді ағартуға арналған заттар. Жалпы техникалық шарттар.
ISO 28399:2020 негізінде МемСТ-ға өзгерістер енгізу

5-баптың 3-6, 8 және 9-тармақтары

2021

2023

Беларусь Республикасы

94

71.100.60

Лимон эфкалиптінің эфир майы (Eucalyptus citriodora Hook.). Техникалық талаптар. ISO 3044:2020 ескере отырып ISO 3044-2017 МемСТ қайта қарау

2-баптың 3-тармағы

2021

2022

Қазақстан Республикасы

95

07.100.40

Парфюмериялық-косметикалық өнім. Микробиология. Микробиологиялық тәуекелі төмен өнімнің тәуекелін бағалау және оны сәйкестендіру жөніндегі басшылық нұсқаулар.
ISO 29621:2017 ескере отырып, ISO 29621-2013 МемСТ қайта қарау

5-баптың 4 және 7-тармақтары

2021

2022

Қазақстан Республикасы

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады