Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Құрамында ас тұзы өнімнің барлық бөліктерінде 1,2 салм.% және одан көп, еттегі су-ақуыздың арақатынасы 2,8 немесе одан аз болатын (ақуыз = азоттың болуы х 6,25), ас тұзын және басқа да тұздағыш ингредиенттерді (қантты, нитраттарды, нитриттарды, натрий аскорбаттарын) пайдаланып тұздау, тамаққа тікелей пайдалану үшін дайын болғанға дейін кептіру және пісіру (ферменттеу) арқылы, татымдықтарды (дәмдеуіштерді) пайдаланусыз немесе дайындау процесінен (тұздағаннан, кептіргеннен, пісіргеннен (ферменттегеннен) кейін) татымдықтар (дәмдеуіштер) жағып шошқа ұшасының сан етінен дайындалған шикілей қақталған ет өнімі сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 0210 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |