Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Араластырылмаған өнімдерден тұратын, құрамында белсенді әсер ететін зат ретінде изотретиноин (А дәруменінің туынды заты), сондай-ақ қосымша заттар (мысалы, стеарин және олеин қышқылдарының эфирлері, полиэтиленоксид, глицерин, сорбит, соя майы) бар, дозаланған дәрілік формалар түрінде немесе бөлшек саудада сату үшін формаларға немесе орамаларға өлшеп оралған, безеуді емдеу үшін қолданылатын препараттар сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 3004 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |